Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 13 сәуір N 371

Жаңартылған

      Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында, "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін.
      3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы         
Президентінің             
2000 жылғы 13 сәуірдегі        
N 371 Жарлығымен           
бекітілген               

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген 
лауазымды тұлғаларының
Тізбесі

Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе), мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарының атаулары мен "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 111213 және 14-баптарында айқындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтердің тізбесін қамтиды.
      Көрсетілген лауазымды адамдар басқаратын мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын тізбеге енгізілген мәліметтерге билік ету өкілеттігі беріледі және олардың негізінде ведомстволық, салалық немесе бағдарламалық-мақсаттық тиесілігін ескере отырып, нақты мәліметтердің (мәліметтер тобының) құпиялылық дәрежесін айқындау үшін құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық (салалық) тізбелерін әзірлейді.
      Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнің Басшысына "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11121314-баптарында айқындалған барлық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнiнде өкілеттік берiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң Кеңсесi өзара келiсуден кейiн өздерiнiң құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін бекітеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.08.22 N 1629 жарлығымен.
      2. Тізбеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      - "арнайы объектілер" - соғыс уақытында мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мемлекеттік және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқару пункттері;
      - "әскери объектілер" - әскердің ұрыс шептері, басқару пункттері, полигондар, байланыс тораптары, базалар, қоймалар және әскери мақсаттағы басқа да құрылыстар;
      - "режимдік объектілер" - жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымша қауіпсіздік шаралары белгіленген әскери және арнайы объектілер, әскери бөлімдер, ұйымдар, мекемелер;
      - "әскери техника" - әскерлердің қызметін жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар, сондай-ақ осы құралдарды бақылауға және сынауға арналған жабдықтар мен аппаратулар, осы құралдардың құрамдас бөліктері мен жиынтықтау бұйымдары.

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.11.13 N 720, 2004.05.06 N 1359, 2005.08.22 N 1629, 2009.05.19 N 805, 2010.08.18 № 1043, 2012.02.16 № 267, 2012.11.14 N 431 Жарлықтарымен.

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары

Қазақстан Республикасының мемлекет тік құпияларын құрайтын мәліметтер

1

2

1. Әскери саладағы мәліметтер

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

1) Әскерлерді қолданудың жоспарларын, Ұлттық жедел жоспарларды, жауынгерлік басқару құжаттарын, әскерлерді жауынгерлік даярлықтың әртүрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі құжаттарды ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

2) Қазақстан Республикасы Қарулы  Күштерінің стратегиялық өрістетілуі туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі-Ішкі әскерлер қолбасшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

3) Әскерлердің дамуы, саны, жауынгерлік құрамы немесе мөлшері, олардың жауынгерлік даярлығы, сондай-ақ әскери-саяси және (немесе) жедел жағдай туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі-Ішкі әскерлер қолбасшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

4) Әскерлердің жедел (жауынгерлік) даярлығының, қызметінің қамтамасыз етілуінің жай-күйін, әскерлерді басқару жүйесінің құрамын және (немесе) жай-күйін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Әдiлет министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

5) Әскерлердің жұмылдырушылық өрістетілуі, адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу, жұмылдырушылық өрістетілуді басқару жүйесі туралы және (немесе)әскерлерді жеке құраммен жасақтаудың, қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық, қаржы қаражатымен, сондай-ақ әскери тасымалдаумен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Iшкi iстер министрi, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның нәтижелерін, қолбасшысы, Қоршаған ортаны қорғау министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

6) Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдарын немесе жоспарларын, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі мақсатты бағдарламалардың, зерттеу, тәжірибе-конструктордық жұмыстардың мазмұнын немесе орындау олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ашып көрсететін мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Білім және ғылым министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Қоршаған ортаны қорғау министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

7) Қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеудің бағыттарын, конструкциясын, оларды даярлаудың технологиясын, изотоптық құрамын, жауынгерлік, физикалық, химиялық немесе ядролық қасиеттерін қолдану немесе пайдалану тәртібін ашып көрсететін мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Денсаулық сақтау министрi

8) Бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын (заттай түрде) шығару және (немесе) жеткізу жөніндегі өндірістік қуаттарды, жоспарлы немесе іс жүзіндегі деректерді ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы

9) Қорғаныстық және экономикалық маңызы зор атом ғылымы мен техникасының немесе қару-жарақ пен әскери техниканың және (немесе) принципінде жаңа бұйымдар мен технологиялар жасау мүмкіндіктерінің сапасы жөнінен жаңа деңгейін анықтайтын жетістіктерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Мұнай және газ министрі

10) Ракеталық отын, баллистикалық оқ-дәрі, әскери мақсаттағы жарылғыш заттар немесе жару құралдары, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға арналған жаңа құймалар, арнайы сұйықтар, отын өндірудің қасиеттерін, рецептурасын немесе технологиясын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Әдiлет министрi, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық жариялауға жататын объектілердің тізбесіне кіргізілмеген әскерлердің орналасқан жерін, шынайы атауын, ұйымдық құрылымын, қару-жарағын, санын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Мұнай және газ министрі

12) Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде пайдалану туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелеріне кірмейтін режимді объектілердің орналасқан жері, мақсаты, даярлық дәрежесі немесе қорғалуы туралы, аталған объектілерді салу үшін жер учаскелерін, жер қойнауларын немесе айдындарды таңдау, бөлу туралы, сондай-ақ бұл объектілерді жасау жөнінде жоспарланып немесе жүргізіліп отырған іздестіру, жобалау және өзге де жұмыстар туралы мәліметтер. Мемлекеттік өкімет органдарының арнаулы объектілеріне қатысты нақ сондай мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

14) Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының өзара ұштастырылған байланыс желілерін пайдалану немесе оларды дамытудың болашағы туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры

15) Магистралды қалааралық байланыс желілерінің, оның ішінде Қазақстан  желілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қорғаныс Ұлттық министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі жалға алатын запастағы байланыс тораптарының географиялық координаттарын қамтитын схемалары мен сипаттаулары бар олардың қуаттары туралы деректер көрсетілген жиынтық мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

16) Әскери немесе арнаулы мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен радиожиіліктері белдеулерінің бөлінуін немесе пайдаланылуын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

17) Байланыстың барлық түрлерінің, әскерлерді радиолокациялық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын немесе олардың жұмыс істеуін ашатын мәліметтер.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің негiзгi қызмет түрлерiн ұстауды, ұйымдастыруды немесе олардың нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Экономикалық даму және сауда министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

19) Қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды дамытудың бағыттарын, бұл құралдарды, технологияларды жасау немесе жаңғырту жөніндегі нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын, нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Республикалық ұланның қолбасшысы, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

20) Қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды әскери мақсаттарда қолдану туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

21) Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымдарын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде дамытудың перспективалары туралы және (немесе) оларды пайдалану туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі

22) Мемлекеттің қорғанысы мен оның қауіпсіздігі мүддесінде гидронавтиканы дамытудың жай-күйін және (немесе) бағыттарын ашып көрсететін мәліметтер.

2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

1) Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс уақытындағы орнықты жұмыс істеуге дайындауды айқындайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

2) Ғылым мен техника саласында принципті жаңа бұйымдарды жасауға пайдаланылуы мүмкін ең жаңа жетістіктердің, экономиканың түрлі салаларындағы технологиялық процестердің мәнін ашатын, сондай-ақ жария болуы мемлекет мүддесіне залал келтіруі мүмкін қару-жарақтар мен әскери техника мүмкіндіктерінің, олардың жаугерлік тиімділігін арттырудың сапалық жаңа деңгейін анықтайтын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Білім және ғылым министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

3) Мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мүдделерінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық немесе жобалық жұмыстардың мазмұнын және (немесе) бағыттарын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Экономикалық даму және сауда министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

4) Мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесінде жүргізілетін шараларды ашатын кадрларды даярлау немесе бөлу туралы мәліметтер

Қорғаныс министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Көлiк және коммуникациялар министрi, Индустрия және жаңа технологиялар министрі

5) Гидрометеорология немесе гелиогеофизика саласындағы жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде жүргізілетін арнаулы геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы Экономикалық даму және сауда министрі, Республикалық ұланның қолбасшысы

6) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жоспарын (тапсырмасын), қару-жарақ пен әскери техниканы беру көлемін, оларды шығару жөніндегі өндірістік қуаттарды ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

7) Кәсіпорындардың кооперация жөніндегі байланыстары, қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеушілер немесе дайындаушылар туралы мәліметтер, егер бұл мәліметтер оларды шығару жөніндегі өндірістік қуаттар және (немесе) қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасы туралы деректерді ашатын болса.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Экономикалық даму және сауда министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы

8) Қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық жағынан қамтамасыз етудің жәй-күйін, әскери эталондардың техникалық немесе метрологиялық сипаттамаларын немесе қару-жарақ пен әскери техниканың сапалық жағынан жаңа деңгейін айқындайтын метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын ашатын мәліметтер. Стандарттауды дамытудың негізгі бағыттарын немесе бағдарламаларын, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника саласындағы стандарттардың мазмұнын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі

9) Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық прогрестің болжамды бағалануын және оның мемлекеттің қорғаныс қабілетін айқындайтын бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық салдарларын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі

10) Металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды өндіруі туралы мәліметтер.

Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Мұнай және газ министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі

11) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда жер қойнауларындағы ресурстық әлеуетті, баланстық қорларын ашатын мәліметтер немесе пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерін өндіру туралы деректер.

Қаржы министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы) төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Республикалық ұланның қолбасшысы

12) Республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді (қорытылған көрсеткіштерден басқа) ашатын шығыстары туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қаржы министр

13) Қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілердің мүдделерінде жүргізілетін жұмыстарға қатысты нақ сондай мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Қаржы министр

14) Қару-жарақ пен әскери техниканы, режимдік объектілерді әзірлеу, өндіру немесе жөндеу тапсырыстарына арналған қаржыны немесе нақты шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілерге де қатысты нақ сондай мәліметтер.

Сыртқы істер министрі, Қаржы министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Әдiлет министрi, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы

15) Сыртқы берешектер бойынша жинақталған көрсеткіштерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен реттелмеген есеп айырысулары жөніндегі мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

16) Мемлекеттік органдар сметаларының жекелеген баптары бойынша әскерлерді ұстауға арналған ақша қаражатының шығыстарын ашатын мәліметтер.

Қаржы министрі, Ұлттық Банктің төрағасы

17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешiм қабылданған күннен бастап және осы мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына берген сәтке дейін банкноттар мен монеттердi (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса.

Қаржы министрі, Ұлттық Банктің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

18) мемлекеттік бағалы қағаздарды, құжаттарды қолдан жасаудан қорғаудың әдістері, сондай-ақ олардың түпнұсқалылығын айқындаудың әдістері туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі

19) Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау (жөндеу) жөніндегі жұмылдыру қуаттары, бұл қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Мұнай және газ министрі

20) Жаппай қолданылатын өнімдерді, шикізаттың, материалдардың стратегиялық түрлерін өндіру жөніндегі жұмылдырушылық қуаттар, осы қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Білім және ғылым министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы

21) Индикациялау, газсыздандыру, халықты жаппай қырып-жою қаруларынан химиялық қорғау құралдарын немесе олар үшін жаңа сорбционды және басқа да материалдарды жасау мақсатында жүргізілген жұмыстарды ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі

22) Қорғаныстық немесе экономикалық маңызы зор топографиялық, геодезиялық немесе картографиялық қызметтердің нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы,            
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

23) Көлік желілерінің, көлік құралдарының жай-күйін, оларды әскери мақсаттар үшін жабдықтауды, дайындауды, әскери тасымалдардың көлемін және қару-жарақ пен әскери техниканы тасымалдау бағыттарын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi Көлік және коммуникациялар министрі, Мұнай және газ министрі

24) Темір жолдардың жүктерді темір жолмен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін және (немесе) жұмылдыру резервтерін, әскери тасымалдауды ұйымдастыру мен олардың көлемін, энергетикалық, миниералдық, ауыл шаруашылығы шикізаттарының, отындардың, материалдардың стратегиялық түрлерін, қару-жарақтың немесе әскери техниканың жекелеген түрлерін тасымалдаудың көлемі мен тасымалдау бағыттарын, байланыс немесе басқару жүйелерін ұйымдастыруды және (немесе) олардың жұмыс істеуін, сондай-ақ темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы

25) Әскерлерді тиеу немесе түсіру пункттерінің орналасқан жерін, мамандануын, қуатын және (немесе) өткізу қабілетін, оларға азық-түлік, медициналық-санитарлық жағынан қызмет көрсету туралы деректерді ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

26) Көлік құралдарына, оның ішінде көліктің жекелеген түрлері бойынша жұмылдырушылық қажеттіліктерін және (немесе) олармен жұмылдырушылық жөнінен қамтамасыз етуді ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі

27) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда азаматтық қорғаныс күштерінің немесе құралдарының жай-күйін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

28) Қазақстан Республикасы экономикасының жұмылдырушылық жоспарын құрылымдық жағынан ұйымдастыруды немесе олардың көрсеткіштерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе жекелеген ұйымдардың жұмылдырушылық дайындығының жай-күйін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Төтенше жағдайлар министрi, Көлік және коммуникациялар министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

29) Мемлекеттік материалдық резервтің нақты запастарын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Мұнай және газ министрі

30) Қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары, халықтың тіршілік ету жүйелерін қамтамасыз ететін объектілерге және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорының жасалуы мен сақталуын сипаттайтын мәліметтер, тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша құжаттаманың сақтандыру қорын сақтау объектілерін (базаларын) орналастыру туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Төтенше жағдайлар министрі

31) Қазақстан Республикасының өнеркәсібін жұмылдыруға дайындау және жұмылдыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын, мазмұнын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Қаржы министрі, Ұлттық Банктің төрағасы, Экономикалық даму және сауда министрі

32) Қазақстан Республикасының соғыс уақыты кезіндегі шет елдермен төлем балансын ашатын мәліметтер.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қорғаныс министрi, Қоршаған ортаны қорғау министрi, Ауыл шаруа шылығы министрi, Төтенше жағдайлар министрi, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң төрағасы

33) Елді қорғау мүдделерінде пайдаланылуы мүмкін кен қазу орындары, табиғи үңгірлер, метрополитендер немесе басқа да ғимараттар туралы мәліметтер, сондай-ақ 300 мың адамнан астам тұрғындары бар қалаларды сумен жабдықтаудың, темір жол тораптарының, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар объектілердің және (немесе) оларды сумен жабдықтайтын су құбырларының бас ғимараттарының орналасу схемаларын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі

34) Қару-жарақты, әскери техниканы жасауға, өндіруге және (немесе) пайдалануға жағдай туғызатын, олардың күзетілетін параметрлерін ашатын физикалық-химиялық құбылыстар (өрістер) туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы

35) Атом-энергиялық кешен объектілерін жобалау, салу, пайдалану немесе олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер.

Білім және ғылым министрі

36) Бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеуді, кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер.

3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер

Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Күзет қызметінің бастығы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының стратегиясы мен тактикасын ашып беретін сыртқы саясат, сыртқы сауда, ғылыми-техникалық байланыстар мәселелері жөніндегі, күні бұрын таратылуы мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Сыртқы істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

2) Егер жария еткен жағдайда олардың көзін анықтауға әкеп соғуы мүмкін бір немесе бірқатар шет мемлекеттерге қатысты сенім білдіру тәртібімен алынған, саяси, әскери, ғылыми-техникалық немесе экономикалық мәселелер жөніндегі мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Сыртқы істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Экономикалық даму және сауда министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

3) Егер келіссөзге қатысушылардың пікірі бойынша бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мен басқа мемлекеттердің өкілдері арасындағы халықаралық қатынастарда бірыңғай принципті көзқарас тұжырымдау жөніндегі келіссөздер туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Сыртқы істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

4) Күні бұрын тарату Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне, саяси немесе экономикалық мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін халықаралық шарттарды әзірлеу, жасасу, олардың күшін жоюға дайындау, мазмұны немесе орындалуы туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

5) Егер бұл мәліметтерді жария ету талаптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, алушы елдері көрсетілген қару-жарақтың, әскери техниканың немесе керек-жарақтардың экспорты мен импорты туралы мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекеттерге қару-жарақты, әскери техника мен әскери объектілерді жасауға техникалық жәрдем, оның ішінде тегін көрсету туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрi, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Мұнай және газ министрі

6) Шет мемлекеттермен ерекше кезеңдегі экономикалық ынтымақтастықтың мәнін немесе көлемін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осы мәселелер жөніндегі сыртқы экономикалық ұйымдары әскери-жұмылдыру органдарының өзара іс-қимылын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникациялар министрі, Төтенше жағдайлар министрi, Экономикалық даму және сауда министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі

7) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы есептік жылға арналған шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді өзара беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың немесе соңғыларына тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған кәсіпорындар мен объектілерді салуға техникалық жәрдем көрсету жөніндегі шаралардың мазмұнын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрi, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Көлiк және коммуникациялар министрi, Мұнай және газ министрі

8) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы жалпы Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдау көлемін ашатын мәліметтер.

4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Әдiлет министрi, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы) төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

1) Барлау, қарсы барлау қызметiнiң қызметтерінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, нәтижелерін, сондай-ақ қылмыстық процесте қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер ретінде пайдаланылмаған жедел-iздестiру қызметінiң нәтижелерiн ашып көрсететiн мәлiметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәлiметтердi ашып көрсететiн болса.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

2) Нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

3) Барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

4) Сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Әдiлет министрi, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы) төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

5) Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

6) Жедел жұмылдыру жұмысының жай-күйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

7) Радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер.

Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы

10) Үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат.

Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Президенттің Іс басқарушысы, Республикалық ұланның қолбасшысы

11) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, күштер, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер.

Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Президенттің Іс басқарушысы, Республикалық ұланның қолбасшысы

12) Жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілген адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер.

Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Әдiлет министрi, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры

13) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң күштерiн, құралдарын және әдiстерiн, сондай-ақ олар жүргізген жеделіздестіру және жедел-техникалық шараларды ашатын мәліметтер.

Ішкі істер министрі, Қаржы министрі

14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, кеден және салық органдары, сондай-ақ ішкі істер органдары жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер.

Ішкі істер министрі, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiктiң (қаржы полициясы) төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер.

Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiктер берiлген басшылары

16) Мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жай-күйін ашатын мәліметтер.

Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiктер берiлген басшылары

17) Ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер.

Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президентінің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры

18) Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер.