1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 U963014_ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 27, 225-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережеге толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 сәуірдегі
N 3919 U983919_ Жарлығы. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығымен Бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру мәселелерін реттейді. 1 бөлім Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруі 1. Мемлекеттік саяси қызметшілерге қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері және қызметін ұйымдастыру 2. Мемлекеттік саяси қызметшінің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады. 3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылдау; 2) қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау; 3) мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік; 4) мемлекеттік органның жұмысын басқару; 5) бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады. 4. Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді. 3. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы 5. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 2) мемлекеттік орган таратылған; 3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген; 4) "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда (бұдан әрі - Заң) белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған; 5) өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген; 6) сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған; 7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуін қабылдаған;
9) атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған;
10) республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган
қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. 6. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады. 2 бөлім Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруі 4. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру
7. Мемлекеттiк орган басшысының мемлекеттiк органды құру кезеңiнде қызметтiк қажеттiлiк жағдайында бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, оған орналасуға конкурс өткiзу туралы мiндеттi хабарландыру жариялау шартымен, адамдарды үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдардың саны мемлекеттiк органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс. <*>
Ұзартылуға жатпайтын осы мерзім ішінде аталмыш лауазым мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мұндай адамдар мен оларды уақытша жұмысқа алған мемлекеттік орган арасындағы еңбек қатынастары тек еңбек заңдарымен ғана реттеледі.
Бұл адамдардың еңбекақысының мөлшері мемлекеттік қызмет туралы заңдарда осы лауазым үшін көзделген шекті жоғарғы еңбекақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен. U010605_
8. Заңның 24-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалардың бос әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс негізде орналасу құқығы болады.
9. Мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін Парламент пен мәслихаттар депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметін немесе депутаттық өкілеттігін тоқтатқан кезден бастап төрт ай бойында мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы сақталады.
10. Мемлекеттік орган басшысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға Заңның 24-бабының 4-тармағында және осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдарды, әкімшілік лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына осы адамдардың біліктілігі сәйкес келген жағдайда, қабылдауға құқығы бар. Осы адамдар бос лауазымға, егер оған орналасуға бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланбаған жағдайда ғана орналаса алады.
11. Әдетте, азамат мемлекеттік қызметке белгіленбеген мерзімге кіреді.
12. Мерзімді еңбек шарты, әдетте, уақытша болмаған мемлекеттік қызметшілердің орнын басу қажет болған жағдайларда жасалады. Мемлекеттік орган басшысы, сондай-ақ мерзімді еңбек шарты бойынша Заңда және еңбек заңдарында көзделген негіздермен ғана шектелуі мүмкін басқа да жағдайларда азаматтарды бос орындарға қабылдай алады.
13. Мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің саны мемлекеттік органның штат санының 20 процентінен аспауға тиіс.
14. Мерзімді еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы айқындайтын мерзімге жасалады және осы Ереженің 12-тармағында көзделген жалғасып отырған қажеттілікке байланысты жағдайларда оның қолданылуы біткеннен кейін қайта жасалуы мүмкін.
15. Егер конкурс белгілі жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға өткізілсе, онда болжалды еңбек шартының бұл шарты конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
16. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар талаптарын қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттiк орган басшысының конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адамдарды бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдармен еңбек қатынастары осы Ереженiң 7-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарына
сәйкес реттеледi. <*> Ескерту. 16-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605 жарлығымен. U010605_ 16-1. Басқа мемлекеттiк органдардан iссапарға жiберiлген әскери немесе арнайы атағы бар адамдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк және саяси қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. <*> Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605 жарлығымен. U010605_ 17. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері мемлекеттік қызметке кірген барлық мемлекеттік қызметшілерге қызмет тізімін ашады. Қызмет тізімінің нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 18. Мемлекеттік қызметке кірген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қызмет куәлігі беріледі. 5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді сынау мерзімі 19. Сынау мерзімі белгіленген жағдайларда сынау нәтижесін қанағаттанғысыз деп тануға мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісінше атқаруға қабілетсіздігі негіз болып табылады. 20. Лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетсіздікті растайтын барлық фактілерді мемлекеттік органның кадр қызметі жазбаша тіркеп, сынау нәтижелері туралы ұсыныста көрсетуге тиіс. 21. Сынау мерзімін өткеруші мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдар қолданылады. 6. Еңбек қатынастарының туындауы және еңбек тәртібі 22. Мемлекеттік әкімшілік қызметші оның тағайындалуы туралы бұйрықта көрсетілген күннен бастап қызметте болып саналады. 23. Білім беру ұйымдарында мемлекеттік органның қызмет бейініне сәйкес мамандық бойынша оқитын мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қолданыстағы заңдардың талаптарына сай мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша ақы төленетін немесе ақы төленбейтін оқу демалысы берілуі мүмкін. 24. Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік тапсырыс негізінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілгенде, оған Заңда көзделген іссапар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар қолданылады. 7. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет стажы
25. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысын айқындау мақсатында мемлекеттік қызмет стажы есептеп шығарылады.
26. Еңбекақы төлеудің тарифтік-біліктілік кестесіне сәйкес, лауазымдық жалақы алуға құқық беретін стажға мемлекеттік қызметте болған уақыттың бәрі кіреді.
27. Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет стажын есептеп шығару үшін сол сияқты:
1) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының Қарулы Күштеріндегі, ішкі, шекара әскерлеріндегі, басқару органдарындағы және азаматтық қорғаныс бөлімдеріндегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы, келеңсіз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызмет әскери қызметшілерінің мерзімді әскери қызмет өткерген;
2) басшы құрамдағы адамдардың, жағымсыз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының ішкі істер органдары жүйесінде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет істеген, судья болып немесе сот аппараттарында жауапты лауазымдарда істеген, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет атқарған;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы алуға құқық беретін лауазымдардағы, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарындағы, прокуратура, ішкі істер органдарындағы, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарындағы жұмыс;
4) мемлекеттік қызметте тұрған адамдардың бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін ішінара ақы төленетін демалысы мен бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін жалақысы сақталмайтын қосымша демалысының, сондай-ақ басқа да ақысыз демалыс түрлерінің;
5) КСРО Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінде жұмыс істеген;
6) егер шетелге жіберердің алдында қызметші мемлекеттік қызметте болса және шетелден қайтып келген күннен бастап екі ай мерзім ішінде, көшіп келу уақытын есептемегенде, мемлекеттік қызметке кірсе, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелдегі жұмыс;
7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс;
8) басшы лауазымдардағы, мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдардағы соңғы жұмыс орны;
9) мемлекеттік органдар мен оның аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді және жүзеге асырған жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер қызметтеріндегі жұмыс, егер осы қызметтер заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылса;
10) егер қызметші жіберілгенге дейін мемлекеттік қызметте болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттердегі жұмыс;
11) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарда жұмыстан қол үзіп оқу, сондай-ақ, егер қызметші оқуға түскенге дейін мемлекеттік қызметте болса және оны бітірген соң мемлекеттік қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелде оқу;
12) Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігін жүзеге асыру уақыты қосылады.
28. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс стажы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызмет өткерген жылдарына саналатын уақыт күнтізбелік санау арқылы есепке алынады.
29. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған қызметшілерге стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осы құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
30. Мемлекеттік қызмет стажын құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
Мемлекеттік қызмет стажын белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі дана етіп жасалады және бір данасы кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
31. Мемлекеттік қызмет стажын айқындау үшін еңбек кітапшасы немесе қызмет тізімі негізгі құжат болып табылады. Еңбек кітапшасы, қызмет тізімі болмаған ретте, сондай-ақ қажетті жазба болмаған немесе жұмыс кезеңі туралы қате не дәл емес жазбалар болған жағдайда, еңбек стажын растауға анықтамалар, бұйрықтардан үзінділер, жеке шоттар мен жалақы беру тізімдері және жұмыс кезеңдері туралы деректер көрсетілген өзге де құжаттар қабылданады. Мемлекеттік қызмет стажын куәлардың айғақтарымен растау заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің
мемлекеттік қызметті тоқтатуы
32. Басқару құрылымындағы өзгерістер, лауазымдардың атауларын өзгерту
жағдайлары, іс жүзінде саны қысқартылмай және/немесе бұрын қолданылып келген еңбек шартының талаптары елеулі өзгертілмей мемлекеттік органның штатын қысқарту әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуы және конкурс өткізу үшін негіздер болып табылмайды. Мұндай жағдайда әкімшілік қызметшілер бұрын болған лауазымдағы еңбек шартының талаптарына сәйкес келетін (толық немесе едәуір бөлігінде) жаңа штат бойынша лауазымдарда жұмысын жалғастыра береді. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.