Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 17 ақпан N 345

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасы мен "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Z952733_ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) құрылсын.
      2. Агенттікке мынадай негізгі міндеттерді орындау жүктелсін:
      1) есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл;
      3) мемлекеттік және өзге де органдардың есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметін ведомствоаралық үйлестіру;
      4) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру, сондай-ақ жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл;
      5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін инвестициялар мен өзге де техникалық көмекті тартуға қатысу;
      6) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласына қатысатын заңды тұлғалар қызметінің тәртібін реттейтін заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Агенттік туралы ережені бекітсін;
      2) заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде шаралар қолдансын;
      3) Агенттікті 2000 жылы қамтуға және жыл сайын республикалық

бюджеттің жобасында оны одан әрі қаржыландыруға қаражат көздесін; 
     4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 
     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Омарбекова А.Т.