Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 17 ақпан N 344 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасы
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзімде Yкiметтің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарын бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiнде барлық шараларды қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тоқсан сайын Қазақстан
Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндап отырсын. 5. "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығына U983834_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 2, 10-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларының күші жойылған деп танаылсын; 2) 2, 3-тармақтар алынып тасталсын; 3) 5-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Кіріспе
Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясы ескерiле отырып және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң (1999 жылғы 12 қараша, N 204-I ҚРП) және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң (1999 жылғы 11 қарашадағы N 1684) қаулыларымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасы туралы Баяндамаға сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң негізгi мiндетi маңызды макроэкономикалық параметрлердi - теңгенiң тиiмдi айырбас бағамын, республикалық бюджет тапшылығы мен инфляцияның төмен деңгейiн, елдiң төлем балансын сақтау жағдайында тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi өзiнінің алда тұрған қызметiнде мынадай негiзгi бағыттарды белгiлейдi:
саяси тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауiпсiздiктің негiздерiн нығайту;
тұрақты макроэкономикалық саясатты қалыптастыру және экономикалық өсу үшiн жағдай жасау;
экономиканың нақты, әсiресе экспортқа бағытталған және импортты алмастыратын секторы мен жұмыспен қамтуды және iшкi рыноктың сыйымдылығын арттыруды қамтамасыз ететін салаларын дамытуды қамтамасыз ету;
мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
кәсiпорындардың - табиғи монополияның қызметiн реттеу кәсiпкерлiк пен бәсекелестiктi дамыту үшiн, бәселестiкті орта қалыптастыру және жағдай туғызу;
елдiң тұрақты банктiк жүйесiн қамтамасыз ету және екiншi деңгейдегi қазақстандық банктердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi несиелендiруiн кеңейту үшiн жағдайлар жасау; бағалы қағаздар рыногының жұмысын жандандыру;
елдің тартымды инвестициялық ахуалын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының капиталдың сыртқы рыноктарындағы имиджiн нығайту, тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi қызметті жандандыру және отандық тауар өндiрушiлерге қажетті мемлекеттiк қолдау көрсету; мемлекеттiк қарыз алудың нақты өлшемдерi мен рәсімдерiн айқындау және үкiметтiк кепiлдiктердi ұсыну; заемшылардың өткен жылдардағы борыштарды мемлекетке қайтаруын қамтамасыз ету;
кедейлiк өлшемiнiң негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмектер ұсыну; әлеуметгiк көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды аймақтарға көшiру; өмiрдi сақтандыру, халықтың зейнетақы жасында кiрiстердi қамтамасыз ету жөнiндегi жеке жауапкершiлiктi тусiнуiн қалыптастыру саласында сақтандыру рыногын дамыту;
мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру, оны орталықсыздандыру, жоспарлау жүйесiн нығайту. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз қызметiнiң алдағы кезеңдегi негізгі принциптерi ретiнде: қоғамдық және ұлттық келiсiмдi сақтауды; әлеуметтiк және экономикалық тиiмдiліктiң арасындағы орынды тепе-теңдiктi қамтамасыз етудi; экономиканың нақты секторының басымдығын; мемлекеттiк бюджеттiң шынайылығын; әлеуметтiк көмектi, ең алдымен аз қамтамасыз етiлгендерге, берудi; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрестi; қоғамды рухани дамыту проблемаларына назар аударуды күшейтудi; сыртқы саясаттағы көп салалықты;
жұмыстың ұжымдық стилi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшелерiнiң дербес жауапкершiлiгiн арттыруды айқындады.
Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасында қойылған мiндеттердi iске асыруға бағытталған iс-шаралар кешенi, Yкiметтiң алдағы кезеңдегi қызметiнiң негiзгi бағыттары мен принциптерi кешенi баяндалған.
1. Ұлттық қауіпсiздiк
Ой-ниет. Негізгi басымдықтар ретiнде Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ елдiң қауiпсiздiгiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi үлттық қауiпсiздiктiң экономикалық, әскери, әлеуметтiк-саяси, экологиялық және ақпараттық компонеттерiн нығайту жөнiндегi қызметтi жандандырмақ ниетте.
Үкiметтің iс-қимылы. Yкiмет барлық мүдделi мемлекеттермен, ең алдымен көршi елдермен достық, тең құқықты және өзара тиiмдi қарым-қатынастарды одан әрi дамытуға бағытталған байыпты және сындарлы сыртқы саясатты жүргізудi жалғастыратын болады. Қазақстан Кеден Одағы, Орталық Азия Халықаралық Қауымдастығы елдерiмен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады. Бұрынғы ТМД-да интеграциялық процестердi нығайтуға кеп қөңiл бөлiнетiн болады. Үкiмет Өзара iс-қимыл және Азиядағы сенiм бiлдiру шаралары жөнiндегi кеңестiң шеңберiндегі жұмысты жалғастырады, сондай-ақ НАТО-мен әрiптестiк қатынасты дамыту мәселелерiмен де шұғылданатын болады.
Yкiмет Орталық Азияда терроршылдықтың, дiни экстремизмнiң және есiрткiнiң заңсыз айналымының таралуына қарсы әрекет ету мақсатында халықаралық қоғамдастықпен өзара iс-қимылға баса назар аударады.
Үкiмет келiссөздер жүргізбек және тиiстi уағдаластықтарға қол жеткiзiлуiне орай iргелес мемлекеттермен шекараны делимитациялауды жүзеге асырмақ, ҰҚК-нiң Шекара қызметiн нығайтпақ, Каспий теңiзiнiң мәртебесiн реттеу жөнiндегi келiссөздерде iлгерілеуге қол жеткiзбек, Қытай Халық Республикасымен шекараны деморкациялаудың нәтижелерiн заң жүзiнде ресiмдеудi аяқтамақ және шекара арқылы өтетiн суларды пайдалану жөнiнде Қазақстан үшiн қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзбек ниетте.
Алдағы кезеңде әскери қауiпсiздiктi нығайту Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы мен жаңа Әскери доктринаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер түрлерi құрылымының түрiн өзгерту, елдiң ең төменгi қорғаныс шығыстарын бекiту, қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiне көшу арқылы Қарулы Күштердiң экономикасын қайта ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылданатын, елдiң экономикалық мүмкiндiктерi ескерiле отырып орта мерзiмдi қорғаныстық бағдарлама әзiрленетiн, қару-жарақ пен әскери техниканың басым түрлерiн сатып алу айқындалатын, Қарулы Күштер үшiн кадрлар даярлау және әскери ғылымды дамыту бағдарламасы iске асырылатын, жұмылдырушылық даярлықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi қайта қаралатын болады.
Қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың және өнеркәсiптiң азаматтық секторымен өзара iс-қимылының негiзгi бағыттары әзiрленiп, Қарулы Күштер мен әскери мамандықтардың беделiн көтеру жөнiнде кешендi ақпараттық бағдарлама қабылданатын болады.
IIМ iшкi әскерлерi құрамаларының жауынгерлiк даярлығы мен жауынгерлiк мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, олардың халықаралық терроршылдық пен дiни экстремизмге қарсы iс-қимыл мәселелерiнде Қорғаныс министрлiгiмен және ҰҚК-нiң Шекара қызметiмен өзара iс-қимылын нығайту жөнiнде шаралар қабылданады.
Экономикалық қауіпсiздiктi нығайту мақсатында жаңа технологияларды енгiзу, Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы эспортттық мүмкiндiктерiн кеңейту, елдiң транзиттiк әлеуетiн барынша пайдалану, елдiң қаржылық тұрақтылығын нығайту және табиғи ресурстардың пайдаланылуын бақылауды күшейту, инвестициялық және ғылыми-технологиялық саясатты жетiлдiру, жағымсыз құбылыстардың ұлттық экономикаға әсерiнiң алдын алу жолымен отандық өндiрiстiң бәскелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталған шаралар iске асырылатын болады.
Халықаралық институттармен және жекелеген елдермен өзара iс-қимылды нығайту дүниежүзілік қоғамдастықтың Арал, Семей полигоны мен республиканың басқа да экологиялық қолайсыз аудандары проблемаларының экологиялық және әлеуметтiк зардаптарын бейтараптандыру жөнiндегi күш-жiгерiн бiрiктiруге, экология, радиациялық және ядролық қауіпсiздiк саласында жауапкершiлiктi күшейтуге, ядролық қаруды таратпау режимiн қолдау, ядролық және басқа да радиоактивтi материалдардың заңсыз айналымына қарсы күрес, ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, табиғатты пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жүйелерiн оңтайландыру, экологиялық қауiпсiздiк қатерлерiнiң алдын алу жүйесiн құру жөнiндегi шараларды нығайтуға және экологиялық бақылау жүйесiн жетiлдiруге бағытталады.
Ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған арнаулы мемлекеттік бағдарламасы iске асырылады, атап айтқанда, оның базасында үкiметтiк байланыс жүйесiн қорғау, ұлттық криптографиялық қызметтің жұмыс істеуі, мемлекеттік басқарудың ұлттық геоақпараттық жүйесін құру қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілдің ақпараттық қажеттілігін кеңейту және қазақстандық бұқарылық ақпарат құралдарын (БАҚ), ең алдымен электронды
БАҚ-ын жетілдіру саясаты жүргізілетін болады. Үкімет халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар қабылдайтын болады. 2000 жылы БҰҰДБ-ның жәрдемімен белгіленген тәртіппен Қазақстанның табиғи апаттарға дайындығының жоспары әзірленіп, қолдануға енгізілетін болады. 2. IШКI САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ
Ой-ниет. Қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық келiсiм мен әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту, халықтың әл-ауқатының өсуiне жөрдемдесу, азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, құқықтық реформаны одан әрi жүзеге асыру.
Yкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет қоғамды одан әрi демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау мәселелерiне зор көңiл бөледi, саяси партиялармен және қозғалыстармен, сондай-ақ әйелдер, жастар және басқа да үкiметтiк емес ұйымдармен сындарлы диалогты жалғастырады. Елде қарсы тұрудың этникалық немесе басқа да қауiптi принциптерi бойынша партиялық бәсекелестiктiң мүмкiндiгiн болдырмайтын демократиялық партия жүйесiнiң қалыптасуына ықпал ету қажет.
Терроршылдыкқа, сепаратизмге, саяси және дiни экстремизмге қарсы iс-қимыл жасау мақсатында олардың бой көрсетуiнiң кез келген нысандарының алдын алу және жолын кесу, ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу жөнiндегi алдын алу шараларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады. Ол үшiн мемлекетаралық деңгейде ынтымақтастық нығайтылып, қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
Сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iске асырылатын және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен бой көрсетулердiң алдын алу жөнiндегі жүйелi шараларды көздейтiн ұзақ мерзiмдi бағдарлама әзiрленетiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар күшейтiлетiн болады.
Заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтудың шеңберiнде заңдар базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу Кодекстерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлетiн болады. Құқық қорғау органдары мен арнаулы құрылымдардың кадрларын даярлау және қайта даярлау, оларды техникалық қайта жарақтандыру, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi және қараусыз балалар үшiн жағдайлар жасау, түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсарту, сот жүйесiн реформалау және оны жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнедi.
Қылмыстық, азаматтық және соттық - iс жүргiзу құқықтары салаларындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн Еуропалық конвенцияларға қосылу жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы әрекет жасау жүйесiн құру мақсатында, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iске асырылады.
Кедендiк және мемлекеттiк шекараларды нығайтудың нормативтiк-құқықтық базасы құрылады. Есірткiнi терiс пайдаланудың алдын алу Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық орталығын құру және кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында есiрткiге сұранысты азайту жөнiндегi iс-шаралардың жүйесiн қолданысқа енгiзу жолымен iске асырылады. Бұл iс-шаралар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету ескерiле отырып дамытылатын болады. Атап айтқанда, Бағдарламаны iске асыру үшiн БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау және қылмыстың алдын алу жөнiндегi басқармасының тегiн техникалық көмегi тартылады.
Бүкiл әлеуметтiк саясаттың негiзгi басымдығы болып табылатын кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрестiң 2000-2002 жылдар кезеңiне арналған бағдарламасы әзiрленiп, қабылданатын болады.
Бұдан басқа, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға тұрмыста күш қолдануға қарсы күрес күшейтiлiп, бұл кылмыстар үшiн жазалау шаралары қайта қаралатын болады. Отбасына, әйелдерге және балаларға қатысты бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге негіз болатын Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-қимылдардың ұлттық жоспарын iске асыру көзделiп отыр. Аталған жоспарға сәйкес қолданылып жүрген заңдарға гендерлiк сараптама жүргізiледi. Сенiм телефондары бар және күш қолданудың кұрбаны болған әйелдерге баспана беретiн дағдарыс орталықтарының желiсi құрылатын болады.
Халықпен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының шеңберiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында көпшiлiк алдында сөз сөйлеуі, олардың саяси партиялардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және конфессиялардың жетекшiлерiмен кездесу практикасы жалғастырылады. Қоғамның рухани даму проблемалары мен идеологиялық және ақпараттық саясаттарға көңiл бөлу күшейтiледi.
Халықаралық құрылымдардың тарапынан Қазақстанның қоғамдық-саяси бiрлестiктерiне консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсетiлуi бөлiгiнде халықаралық демократиялық институттармен және құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық кеңейтiледi. Yкiмет ұлттық-мәдени орталықтардың одан әрi дамуына жәрдемдесетiн болады, "Ұлттық-мәдени орталықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлейдi. 3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ З.1. Макроэкономикалық саясат
Ой-ниет. Yкiметтiң макроэкономикалық саясаты тепе-теңсiздiктi жеңуге және тұрақты өсудi қамтамасыз ететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн экономикалық орта құруға бағытталатын болады.
Үкiмет жаппай iшкi өнiмнiң нақты көрiнiсінде жыл сайын 3-4 % деңгейiнде өсуiн қамтамасыз етпек, инфляцияның деңгейiн жылдық есептеу 2002 жылы 4 %-ке дейiн төмендетпек ниетте.
Республикалық бюджет тапшылығын қысқарту, теңгенiң тиiмдi айырбас бағамын қалыптастыру, нақты секторды сауықтыру, қаржы секторының түрлi бөлiктерiне халықтың ақшалай салымдарының өсуi арқылы материалдық өндiрiстi несиелендiрудiң көлемiн арттыру қамтамасыз етiлетiн болады.
Үкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет бюджеттiң кiрiс бөлігiн басымдықты арттыру, сондай-ақ басымдықты емес мемлекеттiк шығыстарды қысқарту арқылы республикалық бюджет тапшылығын iшкi жалпы өнiмнiң 2000 жылғы 3 %-нен 2002 жылғы 1,2 %-ке дейін дәйектi төмендеуiн қамтамасыз етедi.
Кiрiстiк түсiмдердiң өсуi салық салынатын базаны кеңейтудiң (нақты секторды дамытудың), жергiлiктi органдардың кiрiстердi жұмылдыруға мүдделiлiгiн күшейтудiң, "көлеңкедегi" сектордың кiрiстерiн заңды айналымға дәйектi түрде тартудың және жеңiлдiктер берудiң аясын тарылтудың есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Мемлекеттiк шығыстарды ұғымды ету басымдықтарды неғұрлым нақты орналастырудың, нормативтiк базаны қалыптастырудың және дамытудың, мемлекетке тән емес функциялардан оларды жеке секторға беру арқылы бiртiндеп бас тартудың есебінен қамтамасыз етiледi.
Нақты секторды жандандырудың, өнімдердi өткiзудiң iшкi және сыртқы рыноктарын кеңейтудiң, экспортқа бағытталу және импортты алмастыру шараларын iске асырудың дәйектi саясатын жүргiзу арқылы ағымдағы сыртқы экономикалық операциялар шотының тапшылығын 2002 жылы 1 %-тен төмен деңгейге дейiн төмендетуге қол жеткiзiледi.
Yкiмет бұл мiндеттердi шешуге кедендiк-тарифтiк саясатты қатайту арқылы қол жеткiзу ниетi жоқ. Керiсiнше, валютаға тұрақты және ұтымды сұранысты қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында оларды оңтайландыру мақсатымен кедендiк тарифтердi жүйелi түрде қайта қарау жолымен импортты ырықтандырудың дәйектi саясаты жүргізiлетiн болады.
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлар бойынша дайын бұйымдарға ең жоғары, жинақтаушыларға орташа және шикiзатқа ең төменгi импорттық кедендiк баждардың ставкаларын қалыптастыру саясаты жүргізiлетiн болады. Ең төменгi ставкалар елде өндiрiлмейтiн әлеуметтік мәнi бар тауарларға да белгiленетiн болады.
Жоғарыда көрсетiлген шаралардың, сондай-ақ теңгенiң тұрақты тиiмдi айырбас бағамын ұстап тұрудың есебiнен елдiң сауда балансының оң сальдосына қол жеткiзiледi. Ұлттық Банктiң алтын валюталық активтерi импорттың үш айлық көлемiнен кем емес және қысқа мерзiмдi сыртқы борыштың көлемiнен асатын деңгейден түсiрмейтiн болады.
Макроэкономикалық саясаттағы тұрақтылық пен сабақтастық жоспарлаудың көкжиегiн кеңейтудiң және әдiснамасын дамытудың есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
3.2. Ақша-несие саясаты және инфляцияның қарқынын төмендету
Ой-ниет. Ақша-несие саясаты инфляцияның төмен деңгейiн ұстап тұруға, қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, банктердi одан әрi нығайтуға, сақтандыру рыногын дамытуға, банктердiң экономиканың нақты секторын несиелендiруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
Үкiметтiң iс-қимылы. Yкiмет пен Ұлттық Банк таяу жылдары теңгенiң тиiмдi айырбас бағамы саясатын ұстанбақ ниетте. Ақша-несиелiк реттеудiң ағымдағы банк өтемпаздығына ықпал етудiң және қаржылық тұрақтылықты ұстап тұрудың негiзгi құралдары ашық рыноктың операциялары, ресми ставкаларды реттеу және екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру болады.
Инфляцияның деңгейiн, сыртқы және iшкi қаржы рыноктарының жай-күйiн ескере отырып, қайта қаржыландырудың ставкаларын төмендету көзделiп отыр. Вексельдiк рынокты дамыту банктердiң вексельдердi қайта есептеу жолымен қайта қаржыландыруға кiруiн жеңiлдетедi, экономиканы несиелендiрудiң әлеуетi артады. Несиелендiруде басымдықтар импортты алмастырушы өндiрiстер мек алтын өндiруге берiлетiн болады.
Кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар қабылдау мемлекеттiк органдардың банктiк құпияны құрайтын мәлiметтерді алу құқығын шектеуге мүмкiндiк бередi.
Ұлттық Банктiң депозиторлардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi iс-шараларының шеңберiнде құрылатын заңды тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) міндеттi ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесi халықтың банктiк секторға сенiмiнiң өсуiне ықпал ететiн болады және соның нәтижесi ретiнде банктiк секторға тартылатын ақша көлемiн кеңейтедi. Алдағы уақытта депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң қалыптасуына орай кепiлдендiру объектiлерiнiң, өтеу сомаларының және басқа да параметрлерiнiң қайта қаралуы, сондай-ақ олардың халықаралық стандарттарға көшу жөнiндегi талаптарды орындауына қарай кепiлдендiру жүйесiне қатысушы банктер шеңберiнiң кеңеюi мүмкiн.
Өзара қарыз қорлары мен корпоративтi вексельдермен операциялар жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген ұйымдар сияқты қаржы институттарының жаңа үлгiлерiнiң пайда болуына ықпал ететiн іс-шараларға ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Жылжымайтын мүліктердiң ұйымдасқан рыногын құруға және ипотекалық несиелендiрудi дамытуға жәрдем көрсетiлетiн болады.
Ипотекалық несиелендiру банктердiң жылжымайтын мүлiктiң кепiлiмен халықты қаржыландыруға қатысуын жандандырудың есебiнен дамытылады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi несиелендiру, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнеске техникалар беру үшiн лизинг жүйесiн пайдалану кеңейтiледi.
2000 жылдың соңына қарай Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметтiң халықаралық стандарттарына көшуi жөнiндегi бағдарламаны - банктiк сектордың қаржылық жағдайын жақсартудың негiзгi кезеңiн аяқтау жоспарланып отыр.
Таяу жылдары банктердiң қызметiн лицензиялау мен пруденциялдық реттеудiң, оның iшiнде 2000 жылдың iшiнде шоғырландырылған негiзде қадағалауды енгiзудiң, банктiк қызметтер тәуекелдерiн бағалауды жетiлдiрудiң әдiстерi мен рәсiмдерi жетiлдiрiлетiн болады.
Қор рыногын дамытуға жәрдем көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негiзде олардың баға кесуiн мiндеттi жариялау арқылы ұйымдастырылған қор рыногында және ашық акционерлiк қоғамдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында қызмет істейтін банктердің акцияларының және басқа да бағалы қағаздарының айналымын жандандыру жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Айрықша борыштық міндеттемелерді шығаруды қоса алғанда банктердің активтерін секьюритизациялау тетігі әзірленетін, сондай-ақ банктердің корпоративтік бағалы қағаздармен қызметі кеңейтілетін болады.
Банктердің және басқа да қаржы институттарының қызметін компьютерлендірудің онан арғы процесіне байланысты сертификаттандырылған банк бағдарламашылары институтын құру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Халықаралық валюта қоры басшылығының ақша-несиелік және қаржы статистикасын жасау жөніндегі жобасына сәйкес ақша-несиелік статистикада Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының сәйкестендірілуіне қол жеткізіледі.
Эксимбанктің басымдықты маңызы бар жобаларды іске асырудағы ролі күшейтіледі. Жүйе кұрушы отандық бес банктің толық көшпелі инспекциялары жалғастырылады. Акциялардың мемлекеттік пакеті (50% және бір дауыс) сақтала отырып "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ААҚ-н жекешелендіру жалғастырылады.
Сақтандыру рыногының жұмыс істеуі, сақтандыру компанияларының қызметін қадағалау және реттеу жүйелерін жетілдіру, капиталдандыруға, сақтандыру резервтерінің деңгейіне және оларды орналастырудың сенімділігіне талаптарды арттыру үшін нормативтік-құқықтық база құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Сақтандыру қызметін көрсетулердің, әсіресе өмірді және аннуитеттерді сақтандыру саласында, сапасын арттыру және кеңейту үшін шетелдік сақтандыру компанияларының қазақстандық рынокке кіруіне рұқсат етілетін болады.
Сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сақтандырудың аталған түрлері бойынша заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтіру көзделіп отыр.
3.3. Салық және бюджет саясатты
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзақ мерзімді басымдықтар мен мақсаттарды да, ағымдағы сәттің міндеттерін де ескере отырып теңгерімді салық-бюджет саясатын жүргізетін болады.
Салық саясаты
Ой-ниет. Yкiмет мемлекеттiк бюджетке кiрiстiң түсiмiн арттыруды, салық жүгiнiң халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әдiл бөлiнуiн қамтамасыз ететiн салық саясатын жүзеге асырмақ ниетте. Салық салудың тұрақтылығы сақталатын, салық заңдарының қарапайымдылығы мен оңай түсiнiлетiндiгi қамтамасыз етiлетiн, ұсынылатын салық жеңiлдiктерi ретке келтiрiлетiн болады. Салықтық әкiмшiлiктендiрудi жетiлдiру, оның iшiнде фискальдық органдар мен салық төлеушiлердiң арасындағы өзара қатынасты нақты реттеу одан әрi жетiлдiрiледi.
Yкiметтiң iс-қимылы. Барлық деңгейдегi бюджеттерге сылықтар мен басқа да мiндетті төлемдердiң түсiмiн арттыру, мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық өзара қатынастардағы мүдделерiнiң тепе-теңдiгiне қол жеткiзуге жақындай түсу, салық салу жүйесiнде әдiлдiкке қол жеткiзу мақсатында мынадай iс-шаралар:
салық заңдарын салық салудың тәртiбiн оңайлатуға бағытталған жетiлдiру, қазiргi кезде қолданылып жүрген жеңiлдiктердi ретке келтiру, салық салудың тетiгi жөнiндегi, сондай-ақ экономиканың нақты секторын дамытуды ынталандыруға арналған қолданылып жүрген жекелеген ережелердi нақтылау;
акцизделетiн өнiмдер бойынша, оның iшiнде алкогольді өнiмдердiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру арқылы салық түсiмдерiнiң толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттiк реттеудi енгiзу;
салық салу мақсаты үшiн жылжымайтын мүлiктiң құнын айқындаудың тәртiбiн жетiлдiру;
капиталды ресми емес экономиканың аясынан шығару үшiн жағдай жасау, кәсіпкерлiк қызметпен заңсыз айналысқаны және салық салу объектiлерiн жасырғаны үшiн жауаптылықты күшейту;
алымдар мен бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдерге қатысты жүргiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды шектеу жолымен фискальдық саясаттың тұрақтылығын сақтау салық саясатының басым бағыттары болып айқындалды.
Салық заңдары нормаларының бiр тұрғыда түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету, оны салық төлеушiлердiң қолдануын оңайлату, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтаудың деңгейiн арттыру мақсатында 2000 жылы Үкімет Парламентке салық жөніндегі барлық нормативтік актілердің ережелері біріктірілетін жаңа Салық кодексін енгізеді.
Жаңа салық заңдарында салық салудың базасын кеңейту үшін мынадай шаралар: келешекте салықтық каникулдарды тоқтату және салықтар бойынша жеңілдіктерді қысқарту, ҚҚС-ты жинау үшін тіркеуге арналған бастапқы мәнге қайтып оралу; заңды тұлғалардан алынатын салыққа бизнеске қатысы бойынша неғұрлым ынталандырушы сипат беру; жеке адамдардан табыс салығын алу кезінде әділдік пен теңдікті күшейту және басқалар сияқты шаралар көрініс табатын болады.
Үкімет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне қатысты жанама салықтар алу мәселелерінде халықаралық стандарттарға көшудің тетігін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастырады. ТМД елдерімен саудада жанама салықтар алу кезінде арналған елдің принциптерін іске асыру отандық тауарлар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттырады (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді).
Салық әкімгерлігін жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастарылатын болады: ірі салық төлеушілермен жұмыстың тиімділігі артады (салық төлеушілердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі түзілді); салық төлеушілердің декларацияларды толтыруына қойылатын талап оңайлатылады; салық инспекторларын дайындаудың пәрменді бағдарламасы қалыптастырылады; Кірістерге қос салық салудан қашу туралы конвенцияны қолдану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірленеді.
Трансферттік бағалар мен аффилиирлендірілген компанияларды бақылаудың тетіктерін енгізу үшін құқықтық база әзірленетін болады. Ол экспорттық өнімдерді төмендетілген бағалармен сату, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын жасанды көтеру, шикізат пен материалдарды көтеріңкі бағалар бойынша сатып алу практикасын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бағалау қызметін жүзеге асыру, нарықтық құнын немесе бағалау объектісінің өзге де құнын белгілеу, меншік нысандарына қарамастан бағалау қызметіне қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін айқындау кезінде пайда болатын қатынастарды реттеу көзделетін "Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.
Сауда мен қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнестің субъектілеріне салық салудың белгіленген нысандарын қолдану салықтық әкімшіліктендірудің сапасын арттыру мен көрсетiлген салада шағын және орта бизнесті дамыту үшiн жағдайларды жақсартудың арасындағы тепе-теңдiктi табуға мүмкіндік бередi. Ақыр соңында ол мемлекеттiк бюджетке түсiмдердi арттыруға әкеледi.
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасының базасында Кеден қызметiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Бюджет саясаты
Ой-ниет. Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджет жүйесiн реформалауды, перспективалық бюджеттiк жоспарлауды жүзеге асыруды, орталық пен аймақтардың бюджетаралық өзара қарым-қатынастарын орта мерзiмдi тұрақты нормативтер принципiне көшiрудi, сырттан қарыз алудың тиiмдiлiгiн арттыруды, нормативтiк-құқықтық базаны кеңейту мен дамытудың негiзiнде мемлелеттiк шығыстарды басқаруды, әлеуметтiк мәнi бар бюджеттiк бағдарламаларды басымдықты қаржыландыруды, бюджеттiк процессi регламенттендiрудi, заемшылардың бюджет қаражатын қайтаруына талапты қатайтуды, бюджет тапшылығын қысқартуды, мемлекеттiк борыштың iшкi жалпы өнiмге ара-қатынасын тұрақтандыруды жалғастырмақ ниетте.
Yкіметтiң iс-қимылы. Мемлекеттiк бюджет пен бюджеттiк жоспарлауды одан әрi реформалау экономиканы жүйелi өзгерту шараларының бүкiл кешенiн табысты жүзеге асырудың басты тұтқаларының бiрi болып табылады.
Бюджет стратегиялық және бюджеттiк жоспарлаудың бiртұтастығын қолдау мақсатында әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарды қалыптастырудың құралы болады.
Бюджет саясатының орта мерзiмдi перспективаға арналған басымдықты бағыттары ретiнде:
түсiмдердiң, шығыстардың және несиелендiрудiң көлемдерiн айқындауды, бюджет тапшылығын, оны жасаудың шынайылығын қамтамасыз етудi және бюджет тапшылығын қысқартуды қоса алғанда бюджеттiң үш-бес жыл кезеңiне арналған негiзгi өлшемдерiн орта мерзiмдi жоспарлауға көшу;
бюджеттiк бағдарламалардың қаржылық шығындары мен олардың орындалу нәтижелерiн салыстырудың негiзiнде бюджеттiк қаржыландырудың басымдықтарын таңдаудың әдiстерiн жетiлдiру;
әкімшілік шығыстарды тиiсті үнемдеу үшiн жекелеген тиiстi нормаларды енгiзудi қоса алғанда негізгі бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлаудың нормативтік әдiсiн енгізу;
мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру саясатын жалғастыру және орталық пен аймақтардың республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға арналған жауапкершiлiгiн бөлу процесiн одан әрi жетiлдiру;
жинақталған кредиторлық берешектi, оның iшiнде 2000 жылы кемiнде 10 млрд. теңгеге қысқарту, бюджеттiң жаңа берешектерiнiң өсуiне кедергi келтiретiн қаржылық мiндеттемелердi тiркеудiң тетiктерiн жетiлдiру, бюджеттi жоспарлауда шынайылыққа және бюджеттiң мiндеттемелерiн, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты орындаудың шеңберiнде қазыналық кәсiпорындар жасасатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi нақты тiркеуге қол жеткiзу;
олардың бюджеттiк өзiне-өзi жетiмдiлiгiн ынталандыру мақсатында орта мерзімдi тұрақты нормативтердiң негiзiнде жергiлiкті бюджеттермен өзара қатынас жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру, мемлекеттiк қаражатты жұмсаудың оңтайлылығын, барлық әлеуеттi жеткiзушiлер үшiн бiрдей мүмкiндiктер мен адал ниеттi бәсекелестiктi қамтамасыз ету, мемлекеттiк сатып алу туралы заңдардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы айқындалды.
Мемлекет жүргізетiн қаржы саясатын түзетудi уақтылы жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қаржылық бағдарламалаудың әдiснамасы әзiрленетiн және оның әдiстерi енгiзiлетiн болады.
Бюджетаралық өзара қатынастарды одан әрi құру республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге субвенциялар есептеудiң және жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке алудың әдiстемесiн жетiлдiрудi талап етедi. Үкiмет "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Реслубликасының Заңын одан әрi жетiлдiрудi талап ететiн бұл процестi жалғастыруды көздеп отыр.
Yкiмет мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алулар мен борыштарды басқару саласында республикалық бюджет тапшылығының деңгейiн дәйектi қысқарта отырып:
өзiн-өзi ақтайтын жобаларды қаржыландыруға мемлекеттiк карыз алуды, мемлекеттiң тiкелей мiндеттемелерiн азайта отырып инвестициялардың экономикаға құйылуын ынталандыру мақсатымен қарыз алу құралдарын (бағалы қағаздар, заемдардың сызбалары, кепiлдiктер) қолдануды кеңейтiп, жетiлдiрмек;
инвестициялық жобаларды iрiктеудiң, мемлелеттiк қарыз алу мен мемлекеттік кепiлдiктер берудiң, заемшылардың мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етудiң нақты өлшемдерi мен рәсiмдерiн белгiлемек және қатаң сақтауды қамтамасыз етпек;
заемдардың есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қатаң мониторинг орнатпақ, жобалардың нақты тиiмдiлiгiне талдау жасауды және олардың тиiмсiз жузеге асырылуы үшiн адамдардың жауапкершiлiгiн қамтамасыз етпек;
борышкерлерге кепiлдiк берiлген сыртқы заемдар бойынша олар үшiн мiндеттемелер орындауға бөлiнген, мақсаты бойынша жұмсалмаған қаражатты республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi мәжбүрлеу шараларының спектрiн кеңейтiп, тиiмділiгiн арттырмақ;
жергiлiктi органдардың қарыз алуы мен борыштарының мониторингi мен басқару жүйесiн құрмақ ниетте.
Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру қатаң бақыланатын болады. Осы бағыттағы алғашқы қадам ретiнде республикалық бюджет туралы заңда 2000 жылы беруге болатын жаңа үкiметтiк кепiлдiктердiң лимитi 1999 жылғы 5000 млн. АҚШ доллары деңгейiндегi лимитпен салыстырғанда 235 млн. АҚШ долларына дейiн төмендетiлді.
Үкiметтiк кепiлдiктер негiзiнен Мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасына енетiн инвестициялық жобалармен шектелуi тиiс, ал 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кепiлдiк қамтамасыз етудiң және басқа да қамтамасыз етулердiң шартымен берiлетiн болады.
Үкiмет Республикалық мемлекеттік меншiктiң объектiлерiн жекешелендiрудiң бағдарламасын аяқтау, республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және акциялардың мемлекеттік пакетiне түсiмнiң толықтығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болады.
Олардың акционерлерге қатысты заңдардың нормаларын сақтауы және қызметiнiң "ашықтығын" қамтамасыз ету тұрғысында жарғылық капиталында мемлелеттiң үлесi бар ұйымдарды басқарудың сапасына, сондай-ақ мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың эмитенттерi сияқты ұйымдардың әлеуетiн пайдалануға бақылау күшейтiледi.
Ұлттық компанияларды бақылау олардың бюджеттерi мен инвестициялық бағдарламаларын бекiту арқылы жүзеге асырылады.
Үкiмет кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен бухгалтерлiк есеп пен аудит саясатын жетiлдiрмек ниетте. Одан басқа, аудиторлық қызметтi лицензиялау, бухгалтерлердi сертификаттау жөнiндегі жұмысты жүзеге асыру рәсiмдерiн жетiлдiру жалғастырылатын болады.
3.4. Инвестициялық ахуалды жақсарту
Ой-ниет. Экономикалық өсудiң тұрақты қарқындарына қол жеткiзу үшiн бiрiншi кезекте елде инвестициялық белсендiлiктi арттыру қажет. Ол үшiн тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру, Қазақстанның капиталдардың сыртқы рыноктарындағы имиджiн нығайту, тiкелей инвестициялардың ағынын арттыру, мемлекеттiк инвестицияларды ұтымды және тиiмдi пайдалану талап етiледi.
Үкiметтiң iс-қимылы. Елдiң жалпы инвестициялық ахуалын одан әрi жақсарту, мемлекеттiк инвестициялар мен тiкелей инвестицияларды тарту бағдарламаларына сәйкес капиталдардың шетелдiк рыноктарында жаңа инвестицияларды мақсатты тарту және iшкi инвестицияларды жұмылдыру жөнiнде шаралар қолданатын болады.
Инвестициялық заңдарды, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану саласында жақсарту; инвестициялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесуге бағытталған ынталандырулар жүйесiн қоса алғанда, экономиканың басымдықты секторларына тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жетiлдiру; инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау; халықаралық қаржы ұйымдарымен бiрлесе отырып саяси және реттеушi тәуекелдердi кепiлдендiрiлген өтеудiң тетiктерiн құру мен қолдануға енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
"Шетелдiк инвестициялар туралы" және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" қолданылып жүрген заңдардың базасында "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының бiрыңғай Заңын әзiрлеу аяқталады.
Yкiмет өндiрiстiк инфрақұрылымды, өңдеу өнеркәсiбiн, тұрғын үйді, әлеуметтiк сала, туризмдi және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сондай-ақ Астана қаласының объектiлерiн дамытуға инвестициялар ағымының өсуiне ерекше мән бередi.
Үкiмет инвесторлармен диалогты және капиталдардың халықаралық рыноктарында жарнамалық-ақпараттық қызметтi жандандырмақ ниетте. Iрi халықаралық инвестициялық самиттердi өткiзу практикасын жалғастыруға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң және құрамына мемлекеттiк органдардың, шетелдiк инвесторлардың және консалтингтiк ұйымдардың өкiлдерi кiретiн оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметіне ерекше назар аударылады.
Yкiмет мемлекеттiк инвестициялар саласында iрiктеу рәсiмiнiң ашықтығын қамтамасыз ету кезiнде Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлiмделген жобаларды даярлауға, талдауға, сараптауға және iрiктеуге қойылатын талапты арттырмақ және реттемек ниетте.
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын қаржыландырудың көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджетпен өзара байланысты болады.
Мемлекеттiк инвестициялау саласындағы негiзгi міндет - шектелген мемлекеттiк және мемлекет тартатын қаражаттарды экономиканың басымдықты секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауға қол жеткiзу.
Iшкi жинақтар мен портфельдi инвестицияларды тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасай отырып, әлеуеттi шетелдiк инвесторлардың қаражатын жұмылдырудың және қайта бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiндегi бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлетiн болады. Қазақстандық ұйымдардың - мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерiнiң акциялар мен облигациялар шығаруы инвестицияларды Қазақстанның экономикасына тартудың негiзгi тетiктерiнiң бiрi болуы тиiс.
Үкiмет Ұлттық Банкпен және Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиямен бiрге Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың қорытындылары бойынша бағалы қағаздар рыногын дамыту жөнiндегi 2001-2002 жылдарға арналған жаңа бағдарламалық құжат әзiрлейтiн болады.
Инвесторлардың корпоративтiк бағалы қағаздардың эмитенттерiне - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге сенiмiн қамтамасыз ету үшiн инвесторлардың алдында ақпараттарды жасырғаны үшiн және бағалы қағаздар туралы заңдарды басқа да бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту жолымен рәсiмдердiң ашықтығы қамтамасыз етiледi. Корпоративтiк бағалы қағаздарға салымдардың тартымдылығын арттыру мақсатында трансферттiк бағалар мәселесi, аффилиирлендiрiлген тұлғалармен қатынас заң жүзiнде қайта қаралатын болады. Бұл қаражатты бөлу процесiнде эмитенттерге тиiмдi мониторингтi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Халыққа және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiнiң принциптерi мен тетiктерiн түсiндiру жөнiндегі ақпараттық-насихат жұмыстары күшейтiлетiн болады.
3.5. Сыртқы сауда саясаты
Ой-ниет. Үкiмет ықтиярлы сыртқы сауда саясатын ұстанатындығын растайды. Сыртқы сауда қызметi төлем мен сауда балансының көрсеткiштерiн жақсартуға бағытталады. Мемлекеттiк саясат iшкi рыноктың қажетiн қамтамасыз ету және қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердiң дүниежүзiлiк рыноктарға жылжуына жәрдемдесу үшiн бәсекелестiк қабiлеттi өндiрiс құрудың қажеттiлiгiне сүйене отырып жасалады.
Үкiметтiң iс-қимылы. Экспортқа бағытталған өндiрiстi дамыту, оларды жаңа рыноктарға жылжытудың есебiнен дәстүрлi тауарларды сатудың көлемдерiн арттыру, экспорттың экономикалық тиiмдiлiгiн көтеру және құрылымын жақсарту, қазақстандық өнiмдердiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн көтеру, сыртқы сауданың қаржылық, көлiктiк және ақпараттық инфрақұрылымдарын дамыту көзделедi.
Үкiмет тиiмдi маркетинг, көрмелер өткiзу, жарнамалық роликтердi, буклеттердi және т.б. шығару жолымен өзiнiң параметрлерi бойынша шетелдегi осындай тауарлардан кем емес немесе артық қазақстандық өнiмдердi насихаттау жөнiндегi қызметтi жандандырады. Үкiмет импорттық кедендiк баждардың ставкаларын одан әрi сараланған егжей-тегжейлеудi жүргiзетiн болады (шикiзатты әкелуге ең төменгi, жартылай фабрикаттарға орташа және дайын бұйымдарға неғұрлым жоғары ставкаларды белгiлейдi); қазақстандық өнiмдердi жеткiзудiң географиясын кеңейту жөнiнде шаралар қолданады.
Сыртқы рынокта тауарлардың демпингiне және келiсiмшарттық бағалардың төмендеуiне жол бермеу, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында тауарлардың экспортын жанама реттеу шаралары әзiрленедi.
Отандық тауар өндiрушiлердi сыртқы сауда саясаты шаралармен қолдау: демпингке қарсы, өтемақылық және қорғау шараларын қолдану; iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Экспорттық-импорттық операцияларға салық салу жүйесi жақсаратын, сыртқы сауданы реттеудiн тарифтiк және тарифтiк емес шаралары жетiлдiрілетiн болады, сондай-ақ Қазақстанның рыногына қазақстандық тауар өндiрушiлерге зиян келтiретiн импорттың енуiн болдырмауға ықпал ететiн рәсiмдер әзiрленедi.
Үкiмет, оның iшiнде тез ақталатын жобалар кіретiн импортты алмастыру бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады.
Импортты реттеудiң нәтижесi экономиканы қайта құрылымдауды ынталандыруға және отандық рынокты сапасыз өнiмдерден қорғауға мүмкiндiк беретiн оның тауарлық құрылымын ұтқырландыру болуы тиiс.
Iшкi және сырткы сауданың ақпараттық, нормативтік құқықтық базасы; сауданың нормативтiк ережесi жетілдiрілетін, сауда саласындағы халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларды бекіту және оларға қосылу рәсiмдерi жалғастырылатын болады. Сыртқы сауда жөнiндегi заңдар мен нормативтердiң жинағы шығарылады.
Сыртқы экономикалық статистикаға қатысты қызмет көрсетулер бойынша зерттеудiң қайта қаралған нысандары енгiзiлетiн болады. Халықаралық практикаға сәйкес валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңына резиденттiң мәртебесiн айқындауда түзету енгiзу ұйғарылып отыр.
Дүниежүзiлiк саудадағы тең құқықты әрiптестiк жағдайын қамтамасыз ету, шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру мақсатында Қазақстан сауда келiссөздерiнiң жаңа раунды кезiнде республиканың экономикалық басымдықтарын барынша ескере отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесін аяқтайды және соған сәйкес нормативтiк құқықтық базаны жетілдіретін болады.
Кеден одағы елдерiмен сыртқы сауда саясатының стратегиялық бағыты халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру және тауарлардың, қызмет көрсетулердiң, капиталдың және еңбектiң жалпы (iшкi) рыногының тиiмдi жұмыс iстеуi мүддесiнде Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартты iске асыруға бағытталады. Заң және нормативтiк құқықтық актілерді үйлестіру жүзеге асырылатын болады. Yкiмет Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруды аяқтау, келісілген салық, ақша-несие, валюта-қаржы, сауда, кеден және тариф саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жандандырады.
ТМД елдерімен экономикалық саясат еркін сауданың негізінде құрылады.
Құрылымдық реформаларды қоса қаржыландыру, елдің беделін нығайту және оның сыртқы экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанның толық құқықты мүше ретінде түрлі халықаралық сауда-экономикалық одақтарға қатысуы үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Қазақстандық өнімдерді (металдар) жетекші, реттелетін дүниежүзілік тауар рыноктарына шығарудың квотасын көбейту жөніндегі келіссөздер жалғастырылады.
3.6. Баға және монополияға қарсы саясат
Ой-ниет. Үкімет кәсіпкерлікке кеңістікті кеңейту үшін бәсекелестікті дамытуға және монополияға қарсы катаң саясат жүргізуге бағытталған шаралардың кешенін жалғастырады. Экономиканың реттелетін секторындағы шығындардың құрамын бақылаудың негізінде байыпты тарифтік саясатты жүзеге асыру экономиканың тиімділігін арттырудың, отандық рыноктарды сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен толықтырудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Үкіметтің іс-қимылы
Бәсекелесті рынок саласында:
адал ниетті бәсекелестіктің принциптерін сақтайтын және өзінің үстемдікті жағдайын асыра пайдаланбайтын рынок субъектілерінің шаруашылық қызметіне барынша еркіндік беру;
тауар рыноктарындағы бәсекелестіктің жағдайын айқындау, шаруашылық жүргізуші субъектілерді-монополияшыларды анықтау, бәсекені дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында рыноктардың жәй-күйінің мониторингі;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің үстемдікті жағдайларын асыра пайдалану фактілерін анықтау, баға мониторингі. Республикалық және жергілікті рыноктарда үстемдік етуші субъектілердің қызмет көрсетулеріне (тауарларына, жұмыстарына) бағалар мен тарифтерде ескерілетін шығындардың құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдану көзделген "Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясы әзiрленетін болады;
рынокта бiрыңғай баға белгілеу, басқа субъектiлердi рыноктан шеттету немесе оған кiруiн шектеу жөнiндегi мүмкiн болатын картель келiсiмдерiнiң жолын кесу;
отандық тауар өндiрушiлер үшiн тең құқықты жағдайлар жасау жолымен iшкi рынокта бәсекенi дамыту;
бәсекелi ортаға жататын салаларды бөлу мақсатымен табиғи монополия саласында құрылымдық қайта ұйымдастырулар жүргiзу;
мемлекеттiк органдардың заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда рынок субъектiлерiнiң шаруашылық кызметтерiне араласуын болдырмау;
тауар рыноктарында бәсекенi қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негiздерiн нығайту.
Табиғи монополиялар қызметі саласында:
iске қосылған активтерге арналған пайданың ставкаларын белгiлеудiң және амортизациялық саясатты айқындаудың тәртiбі бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрленетiн болады;
табиғи монополиялардың шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнiң экономикалық қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету, оның нәтижелерiн кейiн жариялау арқылы жыл сайын мiндеттi аудиторлық тексеру жүргiзү;
қызмет көрсетулердiң (тауарлардың, жүмыстардың) жекелеген түрлерiне арналған бағалардың шектi деңгейiн белгiлеу;
отандық тауар өндiрушiлерге олардың өнiмдерiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн сыртқы рынокта жағдайлар жасау;
табиғи монополияның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне шығындарды жабуды және жол берiлетiн пайда алуды қамтамасыз ететiн негiзделген бағалар (тарифтер) белгiлеу;
салааралық, сала iшiндегi және аймақтық бағалық тепе-теңдiк пен баланстарды сақтау;
шығындарды оңтайландыру, өндiрiске ағымдық шығындарды төмендетуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды iске асыруды көтермелеу, ұсынылатын қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
тарифтар бойынша шегерiмдер ұсынудың жөнiнде тәртiбi әзiрленетiн болады.
Электр энергетикасы. Аймақаралық және аймақтық деңгейлердегi желiлер бойынша электр энергиясын тасымалдауға арналған тарифтi есептеудiң әдiснамасы өзгерiледi. Бұл электр энергиясын отандық өндірушілерден сатып алуға және электр энергиясының импортынан бас тартуға ықпал етедi. Тұтынушылар топтары бойынша электр және жылу знергияларын босату тарифтерiн негiзсiз саралау тоқтатылатын болады.
Мұнай және газ. Мұнай тасымалдауға арналған тарифтер қымбат тұратын жабдықтарды ауыстыруды және жаңартуды жүзеге асыру үшiн капитал iздестiруге мүмкiндiк беретiндей қолданымды деңгейге дейiн реттелетiн болады.
Темiр жол тасымалдары. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның монополиясыздандырудың бағдарламасы iске асырылатын және әлеуметтiк сала объектiлерiн, жылжымалы құрамды, темiр жол бағыттарын жөндеудi және қызметтің табиғи монополияның аясына жатпайтын басқа да түрлерiн жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелердi РМК-дан бөлiп шығару жүргiзiледi. Бұл темiр жол тасымалдарымен аралас салаларда бәсекенi дамытуға, РМК-ның экономикалық қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететiн болады.
Байланыс. Халыққа арналған қалалық және селолық телефон байланысы қызметтерi үшiн абономенттiк ақының деңгейi тұтынушылардың кейбiр санаттары үшiн абономенттiк ақының төмендеуi ескерiле отырып, шығасыларды жабатын деңгейге дейiн жеткiзiлетiн болады. Қала iшiндегi сөйлесулердi есептеудi есептегiштердiң көрсетуi бойынша төлеу арқылы уақыттық жүйесiне көшу жөнiндегі жұмыс басталады.
3.7. Өнеркәсiп саясаты
Ой-ниет. Yкiмет өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi, өндiрiстi дамытуды ынталандырудың сараланған қадамдары мен тетiктерi бар импортты алмастыру бағдарламасының негiзiнде iшкi және сыртқы рыноктардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындардың дамуы үшiн жағдай жасайды. Агроөнеркәсiптiк кешен мен онымен аралас өндiрiстi дамыту өнеркәсiптiң өсуi үшiн негiз болуы тиiс.
Үкiметтiң iс-қимылы. Yкiметтiң өнеркәсiп саясатының негізгi бағыттары отандық тауар өндiрушiлердi қорғау, компанияларды басқарушылардың өндiрiстi қалпына келтiру және тұрақтандыру үшiн жауапкершiлiгiн арттыру, дүниежүзiлiк деңгейдегi стандарттардың жүйесiн құру жөнiндегі шаралардың кешенiн iске асыру, экспортшы кәсiпорындардың бағаларының денгейiн дүниежүзiлiк рыноктың бағаларымен теңестiру жөнiндегi шаралардың кешенiн iске асыру болады.
Yкiмет шетелдiк және отандық инвесторларға басқаруға берілген кәсіпорындар бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына қатаң мониторингтi жүзеге асырып, жекелеген кәсiпорындар мен салаларды дамыту проблемаларына өзi белсене қатысатын болады.
Кәсiпорындардың арасындағы өзара есеп айырысулардағы баспа-бас айырбастың үлесiн қысқарту, кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, клиринт, борыштық мiндеттемелер рыногын ұйымдастыру, банкроттық және басқалар сияқты құралдарды қолдану арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарыздарын жою проблемаларын шешу жәнiнде шаралар қолданатын болады.
Мемлекеттiк инновациялық саясаттың шеңберiнде экономикалық жағынан қалпына келтiру орынды өндiрiстер мен болашағы жоқ кәсiпорындарды анықтау жөнiнде зерттеулер жүргiзу жоспарланып отыр. Соңғысына қатысты банкроттық пен олардың қызметiн бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдер шығаруға қайта бейiмдеудiң тетiктерi қолданылатын болады.
Оларда аса ауқымды авариялар мен апаттардың пайда болуының алдын алу мақсатында өнеркәсiп объектiлерiнiң қауiпсiз жұмысы саласында заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң кешенi әзiрленедi.
Мұнайхимия және мұнайгаз өнеркәсіптерiнде мұнайгаз өңдеу өндiрiсiн оздыра дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Мұнай мен iлеспе газды қайта өңдеудiң көлемдерi мен тереңдiктерiн арттыру үшiн мұнайгаз кәсiпорындарын дамытуға инвестициялар тарту алда тұр.
Республикалық өндiрiс құралдары және халық тұтынатын тауарлар рыноктарын молықтыру, республиканың экспорттық әлеуетiн кеңейту үшiн өзiнiң көмiрсутегi шикiзатының базасына негiзделген және оны өнiмдердiң түпкiлiктi жоғары технологиялык және ғылымды көп қажет ететiн түрлерiне қайта өңдеудi қамтамасыз ететiн мұнайхимия кешенiн қалыптастыру жалғастырылады. Мұнай өнiмдерi өндiрiсiн реттеудiң жекелеген элементтерi жүзеге асырылады.
Тау-кен металлургия өнеркәсiбінде жер қойнауын пайдалануды, запастарды пайдалануға дайындауды, компания басқарушыларының тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын инвестициялау, руда өндiру және металдар өндiрiсi жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу, сондай-ақ дайындық деңгейi неғұрлым жоғары өнiмдер өндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын бақылау қатайтылатын болады.
Yкiмет компанияларды басқарушылардан металдардың Лондондық биржасында мырыштың, қорғасынның және мыстың сапасын аталған металдарды дүниежүзілiк бағалар бойынша сатуға мүмкiндiк беретiн тiркеудi қамтамасыз етудi талап етедi.
Химия өнеркәсiбiн дамыту мақсатында химия өнеркәсiбiн дамытудың бағдарламасы қабылданатын болады. Өсiмдiк шикiзатының негiзiнде өз шикiзат ресурстарын, микробиологиялық қорғау құралдарын биопестициттердi әзiрлеудiң базасында минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктердi қорғаудың химиялық құралдарын iрi ауқымда өндiрудi ұйымдастыруды ынталандыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдары рыногында жетекшi жағдайды қалпына келтiру және жеңiп алу жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын болады.
Қазақстандық көмiрсутегi шикiзатының базасында полимер өнiмдерi өндiрiсiн, сондай-ақ хлорлы-сiлтi өндiрiсiн инвестициялау үшiн тартымды жағдайлар жасау бөлiгiндегi жұмыс жалғастырылады.
Уран өнеркәсiбiн одан әрi дамыту үшiн отандық кәсiпорындардың Ресей мен Украинаның тектес кәсiпорындарымен ядролық-отындық циклды қалпына келтiру жөнiндегi кооперациясына байланысты iс-шаралар iске асырылатын болады. Бiрлескен ғылыми әзiрленiмдердiң есебiнен уран өнiмдерiнiң жаңа түрлерiн алу үшiн қазiргi заманғы технологияларды енгiзу жоспарлануда. Уран экспортының географиясын кеңейту мәселесi пысықталатын, тантал мен бериллий өндiру жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiбiн дамыту ауыл шаруашылығының жабдықтар мен техника жөнiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге; қазақстандық армия үшiн және ТМД мемлекеттеріне және басқа да елдерге экспортқа қару-жарақ жасауға; мұнай өндіру, тау-кен, байыту және металлургиялық жабдықтарды, сондай-ақ ел өнеркәсібінің басқа да салалары үшін станоктар мен жабдықтарды өндіруге бағытталатын болады. Отын-энергетикалық және көліктік кешеннің импортты алмастыру бағдарламасының шеңберіндегі отандық кәсіпорындардағы мердігерлікпен тапсырыстарын орындау қамтамасыз етіледі.
Ауыл шаруашылығы жабдықтарының лизингін дамыту Қазақстанда шыққан ауыл шаруашылығы техникасына сұранысты қолдануға мүмкіндік береді.
Электроника мен тұрмыстық электр техникаларын шығаруды ұйымдастыру мақсатында электрондық және электротехникалық саланы дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің саласын кешенді дамыту мақсатында жеңіл, тамақ, фармацевтикалық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту жоспарланды және аграрлық саясатпен үйлестірілді.
Қазақстанның өнеркәсібі үшін жаңа бәсекелестік қабілетті тауарлар шығару мақсатында өңдеу өнеркәсібіне тікелей инвестициялардың ағынын арттыру үшін шаралар қабылданатын болады.
3.8. Ауыл шаруашылығы
Ой-ниет. Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекеттік саясат бәсекелестік қабілетті өнімді өндіретін тиімді салаларды қолдауға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін өндіруді тұрақтандыру үшін жалпы экономикалық жағдайларды қалыптастыруға құрылатын болады.
Республикада жер жөніндегі заңдарды және жер қатынастарын жетілдіруге, жер рыногын дамытуға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің нормативтік құқықтық базасы мен жүйесін құруға және жетілдіруге бағытталған жер реформасы жалғастырылатын болады.
Үкіметтің іс-қимылы. Агроөнеркәсіптік кешенде экономикалық өсуді қамтамасыз етуді және қаржылық-тұрақты ауыл шаруашылығы өндірушілерін қалыптастыру мақсатында, аймақтық мамандандырудың негізінде ауыл шаруашылығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді.
Үкiметтiң ауыл шаруашылығы саласындағы қызметiнiң негiзгі бағыттары бәсекелестiк қабiлеттi салалар өндiрiсiн ынталандыру, отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн iшкi және сыртқы өткiзу рыноктарының сыйымдылығын кеңейту, ауыл экономикасын қаржылық сауықтыру, лизингтiк қатынастарды дамыту болады.
Үкiмет ауылда нарықтық реформаларды одан әрi дамытуға ықпал етедi. 2001 жылдан бастап Үкiметтiң тек мемлекеттiк стратегиялық резервтердi пайдаланумен және жаңалаумен ғана байланысты астықты сатып алуға және өткiзуге қатысуы көзделiп отыр.
Елдің азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн төтенше жағдайларға арналған мемлекеттiк азық-түлiктiк астықтың резервi мен тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстарын жаңалау жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын, астықтың қозғалысы мониторингi енгiзiлетiн болады.
Өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтау мақсатында таңдаулы тұқым өсiру мен асыл тұқымды мал өсiрудi субсидияландырудың, сондай-ақ өсiмдiктердi жаппай таралатын зиянкестер мен аурулардан және жануарларды аса қауiптi және жұқпалы аурулардан қорғаудың бағдарламалары iске асырылатын болады.
Таяу жылдарға арналған техникалық саясаттың мiндеттерi астық жинау техникасы паркiн бiрте-бiрте жаңартуға, оның сервистiк кызмет көрсетуiн бiрегейлендiруге саяды. Селоны техникалық қайта жарақтандыру негізiнен алғанда лизингтiк қатынастарды дамытудың негізiнде жүзеге асырылатын болады.
Аграрлық секторды несиелендiру үшiн сыртқы заемдар мен екiншi деңгейдегi банктердiң қаражаты тартылады.
Пайдаланушылар ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің аймақтық және сыртқы рыноктарына кiре алатын ауыл шаруашылығы ақпараттарының бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесi құрылатын болады.
Үкiмет "Өсiмдiктердi қорғау туралы", "Астық туралы", "Мал дәрiгерлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ауыл шарушылығындағы банкроттықтың ерекшелiгiн реттейтiн заң жобаларын, сондай-ақ "Жер туралы" Заңның жаңа жобасын Парламентке енгiзбек ниетте.
Экспорттық-импорттық саясатты жүзеге асыру кезiнде республикада шығарылмайтын ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға қосалқы бөлшектерге, тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғау құралдарына бажсыз әкелу қолданылатын болады.
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жер реформасы саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттары жерге нақты және тиiмдi меншiк иесiн қалыптастыру, жер қатынастарын жетiлдiру, жер үлестерiн заттай атауландыру, жер рыногы мен жердiң және жердi пайдалану құқығының кепiлiмен ипотекалық несиелендiрудi дамыту.
Жердi кепiлдiк қатынастарға енгiзу мәселелерi жөнiндегі заңдардың базасы дайындалатын, сондай-ақ жердiң жекелеген санаттарына жеке меншiктi енгiзудiң мүмкiндiктерi зерделенетiн болады.
Кейiн жерге құқықтарды әдiлет органдарында тiркеу үшiн оларға құқығын белгiлейтiн құжаттарды беру арқылы шаруа (фермерлiк) қожалықтарды жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерiнің шекараларын техникалық ресiмдеу процесі аяқталады.
3.9. Ғылым мен технология
Ой-ниет. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайту, жоғары технологиялы өнiмдердiң экспортын бейiмделген, ғылымды көп қажет ететiн, ресурс үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза жоғары технологияларды әзiрлеуге бағытталған зерттеулердi дамыту, ғылым мен жаңа технологияны, ғылым саласындағы инновациялық қызметтi дамытуға, экономиканың шикiзаттық бағытын технологиялыққа кезең-кезеңмен өзгертуге, осы мақсаттар үшiн жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға дәлелдi жағдайлар жасау.
Үкiметтiң iс-қимылы. Yкiмет қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн ғылымды басқару жүйесiн, ғылыми-технологиялық саланың жұмыс iстеуiн, соның iшiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру саласында, нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк базасын жетiлдiру, оларды конкурстық iрiктеу мен iске асыру, интеллектуалдық меншiк құқықтарын қорғау, өнертапқыштық қызметтi жандандыру ниетiнде.
Дүниежүзiлiк ғылымды дамыту мен ең жаңа технологиялардың ғылыми негiздерiн әзiрлеудiң қажеттiгi үрдiстерiне сәйкес:
экономиканың базалық саласының қажеттiлiктерiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердің бiрiншi кезектi бағытталуын қамтамасыз ету;
қызметтің бейінін сақтай отырып, ғылыми-технологиялық саланың жекелеген объектілерін қайта құрылымдау мен жекешелендіруді жалғастыру;
ғылымды көп қажет ететін жаңа өндірістерді ұйымдастыру, ғылыми-технологиялық және басқа да салаларда "зерттеу - әзірлеу - кадрларды даярлау - өнеркәсіптік игеру" бірыңғай ғылыми-өндірістік циклына көшуге мүмкіндік беретін инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
ғылымды көп қажет ететін өндірісті ұйымдастыруға және дамытуға, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды, соның ішінде қайталама шикізаттар мен қалдықтарды қайта өңдеу кезінде, енгізуге инвестициялар тарту маңызды.
Үкімет ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша кадрлық әлеуетті сақтау мен дамытуға, және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мен аттестациялауға айрықша назар аударады.
3.10. Тұрғын үй құрылысы
Ой-ниет. Өнеркәсіптің, денсаулық сақтаудың, демалыс пен туризмнің неғұрлым маңызды объектілерін жобалау мен құрылысын салу жөніндегі міндеттерді оңтайлы шешуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйесін жасау.
Үкіметтің іс-қимылы. Мемлекеттік қала құрылысы саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленетін болады, сондай-ақ Аумақтарды ұйымдастыру мен Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін орналастырудың бас сызбасын дайындау басталды. Елдің аумағында мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сәулет-қала құрылысы кодексін әзірлеу жүргізілетін болады.
Құрылыстың нормативтік базасын жетілдіруге, ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Кеңесімен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Елді мекендер жөніндегі орталығымен және оның аймақтық бөлімшелерімен интеграцияны күшейтуге бағытталған шараларды іске асыру жоспарлануда.
Үкімет пен Ұлттық Банк халық пен коммерциялық құрылыс салушыларды ипотекалық несиелендірудің, оның ішінде тұрғын үйді кейiн сатып алу құқығымен ұзақ мерзімдi жалға берудiң жаңа әдiстерiн дамытпақ ниетте. Құрылыстық жинақ ақша жүйелерi бойынша пилоттық жобалар әзiрленетiн және енгiзiлетiн болады.
2000 жылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көздерiн қалыптастырудың тұжырымдамасы әзiрленедi.
ПИК-ның қызметiн реттеудi жетiлдiрудiң негiзiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау жалғастырылатын болады. Ол орынды жерлерде коммуналдық жылу энергетикаларын дербес жылыту жүйелерiне одан әрi көшіру, сондай-ақ су мен жылу жеткiзгiштердi есептеу аспаптарын одан әрi енгiзу көзделiп отыр.
Тұрғын үй қоры мен азаматтық мақсаттағы объектiлерге бiлiктi қызмет көрсетiлуiн бақылау қамтамасыз етiлетiн болады.
3.11. Шағын кәсiпкерлiк
Ой-ниет. Халықты жұмыспен қамтуды, оның тұрмыс деңгейін арттыруды және елдiң экономикасын нығайтуды қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк секторын одан әрi кеңейту.
Yкiметтiң iс-қимылы. Yкiмет отандық тауар өндiрушiлердi дамыту үшiн бәсекелестiкке қабiлеттi ортаны ынталандыруға ықпал етiп, импортты бiрте-бiрте алмастыруға жәрдемдесетiн болады.
Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды жалғастырады. Бағдарламаның негiзгi міндеттерi кәсiпкерлiктi қаржылық-несиелiк қолдауды дамыту; оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; кәсiпкерлiк қызметтiң барлық салалары үшiн технологиялық және нарықтық инфрақұрылымдардың элементтерiн қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Әйелдердiң кәсiпкерлiгiн қолдау үшiн арнаулы несие желiсi құрылатын болады.
Жұмыс орындарын ұйымдастыру мен экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында жеке сектордың бастамашылығын iске асыру және экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдай жасалатын болады (бос тұрған үй-жайлардың базасында шағын орталықтар, "шағын бизнестiң инкубаторларын" құру).
Yкiмет нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсiпкерлiктiң iрi кәсiпорындармен байланыстарын нығайту, инфрақұрылымның мүмкiндiктерiн тереңдету және кеңейту, мемлекеттік органдардың шағын бизнес субъектiлерiнiң қызметiне негізсiз араласуын болдырмау жөнiндегi жұмыстарды жалғастырады.
Жұмыста негiзгi назар кәсiпкерлiк саласында пайда болған проблемаларға уақтылы ден қоюға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктермен байланысына бағытталатын болады.
Белгіленген шараларды iске асырудың нәтижесiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi санының өсуi, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндер санының артуы, нақты бәсекелестiк орта құру, қоғамның орта негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң жаппай жiгiн қалыптастыру күтiлiп отыр.
3.12. Туризм
Ой-ниет. Экономикалық өсуге және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға жәрдемдесу мақсатында елдiң туристiк кешенiн жандандыру және дамыту.
Yкiметтiң iс-қимылы. Туризмнiң Қазақстандағы пайдаланылмаған мүмкiндiктерi және оның экономиканың басқа салаларының дамуына әсерi ескерiле отырып, халықаралық және iшкi туризмдi дамытудың негiзгi басымдықтары, бағыттары және бағдарламалары айқындалатын болады, Қазақстанның ерекше туристiк объект ретiндегi беделiн қалыптастыру және қазақстандық туристiк өнiмдi дүниежүзiлiк рынокқа жылжыту мақсатында жарнамалық-ақпараттық қызметтi күшейту үшiн жағдай жасалады.
Үкiмет халықаралық туристiк ұйымдармен, шет мемлекеттермен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған жұмысты жандандырады; салаға шетелдiк және отандық инвестицияларды тартуды; Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендетудi; түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдениетiн сақтауды және сабақтастықпен дамытуды, туризмнің инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты күшейтедi; Қазақстанның дүниежүзiлiк туристiк рыноктағы "орнын" айқындау мақсатында талдау мен маркетингтiк зерттеулер жүргiзедi. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға ерекше назар аударылады.
Үкімет нормативтiк құқықтық актiлер мен ақпараттық-статистикалық базаны жетiлдiру, туристiк қызмет көрсету стандарттарының халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
Туризм мен қонақ үй шаруашылығы саласында қазақстандық мамандарды даярлауға және қайта даярлауға ерекше көңiл бөлiнедi.
Экологиялық туризмнiң объектiлерiн зерделеу және теңгерiмдi пайдалану бағдарламасы iске асырылатын болады.
3.13. Аймақтық саясат
Ой-ниет. Орталық және жергiлiктi басқару органдарының әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүргiзудегi тиiмдi өзара iс-қимылын, тиiстi құқықтары мен қаржылық қамтамасыз етiлуi бар аумақтық өзiн-өзi басқару принциптерiн дамытуды қамтамасыз ету.
Yкiметтің iс-қимылы. Барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру мен атқарудың жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттіктерiн күшейтудi, аймақтық ерекшелiктерiн (табиғи-климаттық, географиялық және әлеуметтiк инфрақұрылымның даму деңгейiн және т.б.) ескерудi көздейтiн қолданылып жүрген жүйесін жетiлдiру қолға алынуда.
Жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен түсiндiру жұмыстарын жүргiзудегi, iшкi саяси тұрақтылықты нығайтудағы, әлеуметтiк саланы дамытудағы және салауатты өмiр салтын енгізудегi, табиғи ресурстарды теңгерiмдi пайдаланудың және қоршаған ортаны сауықтырудың аймақтық бағдарламаларын жүзеге асырудағы, жергiлiктi маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды құрудағы рөлi артады. Әлеуметтiк көмектердiң мөлшерлерi мен түрлерiн белгiлеу бөлiгiнде әкiмдердiң өкiлеттiгiн кеңейту көзделiп отыр.
Жергiлiктi атқарушы органдарға: кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес; шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту, аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру мiндеттерiн шешу мен олар үшiн жауаптылық жүктелдi.
Осы орайда аймақтық мамандандырү күшейтiлетiн және әкiмдердiң инвестицияларды тартуды, өндiрiстi жаңғырту мен жаңа құрылыстар салуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасауға жауапкершілігi арттырылатын болады.
Жергiлiктi атқарушы органдар Yкiметпен бiрлесіп заңдарда белгiленген тәртiппен әрекетсiз өндiрiстердi қайта құрылымдауды мен саралауды, дәрменсiз кәсiпорындарды таратуды және банкроттығын қамтамасыз етедi.
Отандық тауар өндiрушiлердi, атап айтқанда шағын және орта бизнестiң субъектiлерiн қолдау жолымен аймақтық рыноктарда бәсекелестiктi дамыту саясаты жүргiзiледi.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қолайлы түрлерiн өндiрудiң орындылығы мен тиiмдiлiгi принципiне сүйенiп құрылады. Мемлекеттік қолдау көрсетiлетiн басым салаларға: астық өндiрiсi (Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары, Павлодар облысының Ертiс ауданы, Ақтөбе облысының солтүстiк аудандары және күрiш бойынша Қызылорда облысы), майлы дақылдарды өндiру (Шығыс Қазақстан облысы), мақта өсiру (Оңтүстiк Қазақстан облысы) жатады.
Аймақтардың халқын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз ету аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Республиканың облыс орталықтары мен iрi қалаларында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту мекемелерi, сондай-ақ қорғансыз балаларға арналған паналар құрылатын болады.
Үкiмет құлазыған аудандар тұрғындарының әлеуметтiк проблемаларын шешу үшiн халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары мен заемдарының қаражатын пайдалана отырып, шағын несиелендiру бағдарламасын кеңiнен қолданады.
Аумақтардың индикативтiк жоспарларында аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының нақты, соның iшiнде заттай бiлдiрiлген, болжамдық көрсеткiштерi белгiленедi.
Жергiлiктi бюджеттер неғұрлым көл шамада аймақтық экономиканың жай-күйiне байланысты болады. Yкiмет жұмыс күшiнiң, капиталдың және инвестициялардың еркiн қозғалысын ынталандыра отырып, қаржы рыноктарында, еңбек рыноктарында және инвестицияларда аймақаралық бәсекелестiктi күшейтпек ниетте.
Бiрқатар шешушi параметрлердiң негiзiнде әкiмдердiң қызметiн бағалаудың рейтингтiк жүйесi енгiзiлетiн болады.
Yкiмет әкiмдермен бiрлесiп аймақтарда мынадай шараларды жүзеге асырады:
Ақмола облысы. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау және қайта өңдеу индустриясын дамыту, ауыл шаруашылығының астық, ет-сүт өнiмдерiн өндiрумен байланысты салаларын мамандандыру көзделiл отыр. Минералдық тыңайтқыштар өндiрiсi, алтын өндiру мен қайта өндеу жөнге қойылатын болады. Топтық су құбырларын оңалту; туризм мен спорт индустриясын дамыту; рудниктердi консервациялау мен жою, техногендiк уран қалдықтарын көму; су тазалау станцияларын қайта жаңарту көзделiп отыр.
Ақтөбе облысы. Мұнайгаз, химиялық, қара металлургия, хром рудасын өңдiрудi дамытуды жүзеге асыратын болады. Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды iздестiру, әзiрлеу, өндiру және қайта өңдеу, селоны газдандыру жөнiндегi объектілердiң құрылысын салу жалғастырылады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, металл өңдеу, аспап жасау кәсiпорындарының, құрылыс материалдары өнеркәсiптерiнiң, жеңiл өнеркәсiптiң қызметiн қайта жаңарту жөнiнде шаралар қолданылатын болады. Өз энергетикалық қуаттарын дамытуға бағытталған шараларды iске асыру жалғастырылады. Ауыл шаруашылығы секторында егіс алаңдарының құрылымдарын оңтайландыру және мал басын өсiру, агроөнеркәсiптiк кешен мен тамақ өнеркәсiбiнiң қайта өндiру салаларын дамыту жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Батыс Қазақстанның республиканың солтүстiк және орталық аймақтарымен тiкелей көлiктiк қатынасын қамтамасыз етуге арналған шараларды iске асыру басталады.
Алматы облысы. Өнеркәсiптiң қайта өңдеу және өндiру саласының кәсiпорындарын басымдықпен дамыту жүзеге асырылатын болады, шағын СЭС-тердi қалпына келтiру мен энергияның дәстүрлi емес түрлерiн пайдаланудың есебiнен электр энергиясына iшкi сұранысты қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер шешiледi. Ауыл шаруашылығында негiзгi тағам өнiмдерiне деген iшкi қажеттiлiктердi толық қанағаттандыру, сондай-ақ аймақтық рыноктарда бекiту үшiн өндiрiстiң өсуiне қол жеткiзу көзделiп отыр. Ұлы Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр.
Атырау облысы. Мұнайгаз өндiру мен мұнайды қайта өңдеудiң көлемiн арттыру, мұнай машиналарын жасауды, құрылыс материалдары өндiрiсiн, балық және тамақ өнеркәсiбi өнімдерiн дамыту көзделiп отыр. Атырау МӨЗ-н; Атырау қаласының ұшу-қону алаңы мен әуежайын қайта жаңарту; көлiктiк, бiрiншi кезекте мұнай құбыры, инфрақұрылымдарын дамыту; автомобиль жолдарын жөндеу белгiленiп отыр. Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытылады. Мал шаруашылығында табынды жылқы өсiру мен түйе өсiру неғұрлым жеделдетiлген қарқынмен дамытылатын болады. Қой шаруашылығында еділбай және қаракөл қойларының өнiмдiлiгiн одан әрi жақсарту, еттi-майлы қаракөл қойының шығарылған жаңа түрiнiң өнiмдiк көрсеткiштерiн арттыру жөнiндегі селекциялық асылдандыру жұмысы жүргiзiледi.
Шығыс Қазақстан облысы. Түстi металлургияның өндiрушi және қайта өңдеушi кәсiпорындарының қуатын одан әрi дамыту, олардың шикiзат базасының өсуi, геологиялық барлау жұмыстары; машина мен аспаптар жасау, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, мұнай жабдықтары өндiрiсiн, құрылыс материалдарының индустриясын кеңейту көзделiп отыр. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi дамытылатын болады. Аграрлық секторда жармақты (тары, қарақұмық бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдарын өндiру, мал шаруашылығында - еттi және сүттi мал өсiру, биязы және қылшық жүндi қой өсiру, құс өсiру және марал өсiру дамытылатын болады. Май сығу зауытын қайта жаңартуды аяқтау көзделiп отыр. Туризм мен демалыстың, соның iшiнде Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде, индустриясын дамыту белгiленуде.
Жамбыл облысы. Өнеркәсiптен тау-кен және химия салаларын одан әрi дамытуды; машиналар мен жабдықтар өндiрiсi бойынша металл өңдеу кәсiпорындарын; жеңiл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiптерiн қалпына келтiрудi және дамытуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Экологиялық жағдайды сауықтыру, шалғайдағы елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету белгiленуде. Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы салалары одан әрi дамытылады, қант қызылшасы, астықтыққа жүгерi егудi едәуiр кеңейту, қаракөл өсiрудi қалпына келтiру, тұқым өсiру мен мал тұқымын асылдандыру iсiн жақсарту үшiн жағдай жасау алда тұр.
Батыс Қазақстан облысы. Мұнайгазхимия кешенiн, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс кәсiпорындарында машина жасау өнiмдерi өндiрiсiн дамытуды жеделдету көзделiп отыр. Қарашығанақ газ-конденсат кен орнын игеру және селоны газдандыру жалғастырылады. Жайылымдық мал, атап айтқанда еттi-майлы қой, табынды жылқы және еттi iрi қара мал өсiру одан әрi дамытылады.
Қарағанды облысы. Базалық салалар, соның iшiнде жылу-энергетикалық кешен мен металлургия, мыс прокаты, эмаль сымдары және кабель өнiмдерi өндiрiсi дамытылатын болады. Химия өнеркәсiбi мен машина жасауды, тамақ және жеңiл өнеркәсiптi, күрделi тұрмыстық техникаларды; ауыл шаруашылығында - еттi-майлы қой өсiрудi, еттi iрi қара мал өсiрудi және табынды жылқы өсiрудi дамыту көзделiп отыр. Туризм мен демалыс индустриясын дамыту белгiленуде.
Қызылорда облысы. Энергетикалық кешендi, жеңiл, тамақ және мұнай өндiру өнеркәсiбiн, құрылыс материалдары индустриясы мен өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту, қарқынды технологияларды енгiзудiң есебiнен күрiш өндiрудi арттыру және еттi-майлы қой өсiру мен қаракөл өсiрудi дамыту, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын дамыту көзделiп отыр. Қорғасын-мырыш кен орындарын игеру мен ауыл шаруашылығы машиналары үшiн жабдықтар шығару белгiленуде. Аймақтағы зкологиялық жағдайды сауықтыру басым бағыттардың бiрi болады.
Қостанай облысы. Темiр рудасын өндiру мен қайта өңдеудi арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсiптiк кешен саласында, атап айтқанда астық өндiруде, еттi-сүттi мал, табынды жылқы, шошқа және құс өсiруде өндiрiстi кеңейтуге ықпал ететiн шаралар қолданылатын болады.
Маңғыстау облысы. Отын, химия және мұнайхимия өнеркәсiбiн одан әрi дамыту МАЭК-тi қайта жаңарту және жаңғырту, жер қабаттарының мұнай беруiн арттырудың ең жаңа әдiстерiн енгiзу, қазiргі заманғы көлiктiк инфрақұрылымдарды құру, теңiз кәсiпшiлiгi өнiмдерiн өндiрудi арттыру, мұнайгаз кен орындарын жайластыруды кеңейту жалғастырылады. Ақтау теңiз портын қайта жаңарту, балық тоңазытқышының құрылысын салу және минералдық тынайтқыштар өндiру жөнiндегi куаттарды жаңғырту аяқталады. Ұлутасты, мал азығындық ұн өндiрудi қалпына келтiру көзделiп отыр. Ауыл шаруашылығында түйе, қаракөл, еттi-майлы қой өсiру дамытылады. Туризм мен демалыс индустриясын, соның iшiнде Ұлы Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде, дамыту көзделiп отыр.
Павлодар облысы. Электр энергиясын, көмiрдi өткiзу рыноктарын одан әрi кеңейту, энергия сыйымдылығы үлкен өндiрiстердi дамыту, глинозем, ферроқорытпа өндiрудi одан әрi дамыту, мұнай өңдеу зауытының, көмiр разрездерiнiң өндiрiстiк куаттарын жұмыспен қамтамасыз ету көзделiп отыр. Аграрлық секторда жарма (тары, қарақұмық, бұршақ, сұлы), майлы (күнбағыс) дақылдарды өндiру, мал шаруашылығында - еттi-сүттi iрi қара мал мен еттi-майлы қой өсiру дамытылады.
Солтүстiк Қазақстан облысы. Мемлекеттiк конверциялық бағдарламалардың базасында машина жасауды, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, аспаптар жасауды және көбiне ғылымға сүйенетiн өндiрiстiң жекелеген түрлерiн одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады. Астық дақылдарын өндiрудiң, еттi-сүттi iрi қара мен шошқа өсiрудiң көлемiн арттыру көзделiп отыр. Уран руднигiн консервациялау мен жою және техногендi уран қалдықтарын көму жөнiндегі жұмыстар жалғастырылады. Топтық арналық су құбырларын қалпына келтiру және қайта жаңарту жолымен селолық елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар кең қанат жаятын болады.
Оңтүстiк Қазақстан облысы. Жеңiл және тамақ, химия мен мұнайхимия өнеркәсiптерiн, түстi металлургияны, машина жасауды, сондай-ақ мақта өсiру мен жүзiм өсiру сияқты ауыл шаруашылығының негізгi салаларын, Жiбек жолының қазақстандық учаскесiнде туризмнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту көзделiп отыр. "Қызыл әскер - Киров" көпiрi мен автомобиль жолының құрылысын салу жалғастырылады.
Астана қаласы. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту, астық жинау және мал азығын жинау комбайндарын, астық өңдеу техникаларын шығаруды ұйымдастыру көзделiп отыр. Астананың тыныс-тiршiлiгi мен жайластырылуын қамтамасыз ететiн объектiлердi жаңғырту, тұрғын үйлердiң құрылысын салу, инфрақұрылымдар мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi қайта жаңарту жөнiндегi шаралардың кең кешенi жүзеге асырылатын болады. Туризм мен демалыс индустриясын дамыту белгілендi. Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың құрылысын салу жалғастырылады. 2000 жылғы маусымның аяғында Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы таратылатын болады.
Алматы қаласы. Құрылған ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетті барынша пайдаланудың, қаржы және банктiк саланы, жеңіл және тамақ өнеркәсiбiн, қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялаудың негізiнде машина жасаудың жетекшi салаларын, қызмет көрсету мен туризм саласын дамытудың негiзiнде қаланы одан әрi әлеуметтік-экономикалық дамыту, сондай-ақ Алматы әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысын салу жүзеге асырылатын болады. Қаланы аймақтық Орта Азиялық қаржы орталығы ретiнде дамыту жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылады.
4. ӘЛЕУМЕТТIК ДАМУ
4.1. Әлеуметтiк қорғау және кедейлiкпен күрес
Ой-ниет. Үкiмет жұмыссыздықты қысқарту және кедейлiкпен күрес жөнiндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған өз қызметiн жандандыра отырып, жүргізiлiп жатқан реформаның әлеуметтiк бағытталуын күшейтедi. Әлеуметтiк салада дәйектi реформалау: еңбек әлеуетiн iске асыру үшiн жағдайлар жасау, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны және кедейлерге атаулы әлеуметтiк көмектi уақытында төлеу жолымен халықтың өмiр сүру деңгейiн тұрақтандыруға бағытталған саясат жалғастырылады.
Yкiметтiң іс-қимылы. Кедейлiкпен күреске ғана бағытталған әлеуметтік қорғау шаралары түбiрiнен қайта қаралатын болады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi зейнетақы реформасын және зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақытында сөзсiз орындауды ұстанатынын растайды, зейнетақылардың ең төменгi мөлшерiн арттыру жөнiнде жұмыс iстейтiн болады.
Зейнетақы қорларына тиесiлi зейнетақы активтерiнiң айналымын жақсарту; халықаралық стандарттар тәжiрибесiнде қабылданған бухгалтерлiк есептi зейнетақы қорларының пайдалануын көтермелеу; зейнетақы қорларына сақтықтың белгiлi бiр шараларын сақтау жағдайында жоғары сапалы шетелдiк қаржы активтерiне (жоғары сыныпты эмитенттердiң бағалы қағаздарына) инвестициялауды берудiң мүмкiндiктерiн қарастыру жолымен жинақтау жүйесi нығайтылатын болады.
Зейнетақы қорларының қызметiн және iшкi рынокта зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi науқандарды жандандыру мақсатында зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн пайдаланылатын қаржылық құралдардың тiзбесi кеңейтiледi.
Жинақтаушы қорлардың қызметi туралы, инвестициялардың көлемi туралы, жүргізiлiп жатқан зейнеткерлiк жинақтаулар мен жинақтаушы қорларды рейтингтiк бағалау туралы ақпараттық-мониторинг жұмысын күшейту жөнiнде жұмыс жүргізiледi.
Зейнетақы жинақтауларының сақталуын және инвестициялық кiрiстердiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс iстеуiнiң заңдық, нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының капиталдануын арттыру жөнiнде шаралар қабылданады.
Орнықты және тұрақты сақтандыру рыногын құру зейнетақы реформасын ойдағыдай iске асырудың ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Орнықты сақтандыру рыногы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушы үшiн өмiрлiк аннуитеттi (белгiлi бiр жағдайларға жеткен соң, адам өмiрi бойында жүзеге асырылатын ұдайы төлемдердi) қамтамасыз ететiн болады.
Сақтандыру рыногының одан әрi нығаюы зейнетақы қорындағы қаражатты кейiн мұндай қаражатты берген адамдарға ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiндегi компанияға берудiң мүмкiндiгiн көздейтiн сызбаны енгiзуге мүмкiндiк бередi.
Сақтандыру компанияларының мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылған кезде сақтандыру жарналарының есебiнен жәрдемақылар төлеуi жүйесiн құруға мүмкiндiк туады.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн бiрыңғай сөйкестендiрiлген кодтарды беру бағдарламасын әзiрлеу жоспарланып жатыр.
Үкiмет мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы төлеу жөнiндегi берешектердi қысқартуды, ал келешекте оған жол бермеудi көздейдi.
Үкiмет әлеуметтiк бағдарламалардың атқарылуын бақылауды күшейту жөнiнде шаралар қабылдайды.
Әлеуметтік көмек оны берудiң бiрден-бiр өлшемi кедейлiктiң деңгейі болып болып табылатын нағыз мұқтаждарға арналатын болады.
Кедейлiкпен күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында және "Ең төмен күн көрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына сәйкес кедейлiктiң шегi айқындалатын болады, ол әлеуметтiк қорғауға мұқтаж азаматтардың санатын неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi. Осы мақсатта Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң тәртiбi әзiрленедi, ол жан басына шаққанда кiрiсi кедейлiктiң шегiнен төмен адамдарға (отбасыларына) әлеуметтiк көмек көрсетудiң тетiгiн және оларға әлеуметтік көмек көрсетудiң шарттарын айқындайтын болады.
Еңбек жағдайларын жасау және оны қорғауды қамтамасыз ету үшiн ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiне сәйкес құжаттандырудың тетiгi жетiлдiрiледi.
Қоғамда мүгедектердi оңалтудың, оларды интеграциялауды нығайтуға бағытталған бағдарламасы және мүмкіндіктері шектеулi балаларды әлеуметтiк және коррекциялық-педагогикалық қолдауды жетiлдiру, белгiлi тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарын құру жөнiндегi заңдық база әзiрленетiн болады.
Мүгедектiктiң алдын алуды және мүгедектердi оңалтуды қамтамасыз ету үшiн мүгедектердi психоневрологиялық және наркологиялық ауруханалар мен диспансерлердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханаларда еңбек терапиясына қамту кеңейтiледi. Мұның сыртында, Yкiмет медициналық-әлеуметтiк сараптау негізiнде айқындалатын, мүгедектердi медициналық-кәсiптiк және әлеуметтiк оңалту жүйесiн жетiлдiрудi көздейдi.
Неғұрлым жаңа және жетiлдiрiлген технологиялар бойынша протездiк-ортопедиялық бұйымдарды шығаруды жолға қою жане мүгедек балалар мен ересектердiң отырғыш-арбаларын, мүгедектерге, қарттарға және тұру-қозғалу аппараты бұзылған ауруларға арналған, интернат-үйлерiнде, санаторийлерде, ауруханаларда, сондай-ақ үйдегi жағдайларда пайдаланылатын шағын механикаландыру және оңалту құралдарын шығару жөнiндегi өндiрiстi ұйымдастыру көзделiп отыр.
Жетiм балалар мен мүтедек балалар, денсаулығы нашар, кембағал және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар Yкiметтiң ерекше қамқорлығына алынады. Олар үшiн жоғары оқу орындарына түскен кезде квоталар берiледi, оларды оқыту үшiн (үйде, ауруханаларда және т.б.) арнайы жағдайлар ұйымдастырылады.
4.2. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Ой-ниет. Yкiмет жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, бұрынғы жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын кұруға, уақытша және жеке еңбекпен қамтуды кеңейтуге, жұмыссыздықтың нақты ауқымын айқындауға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Үкiмет халықтың жұмыссыздық деңгейiн төмендетудi көздеп отыр, кедейлiк пен жұмыссыздықтың деңгейiне тұрақты мониторинг орнатылатын болады.
Yкiметтiң iс-қимылы. Азаматтардың өнiмдi жұмысқа қамтылуына жетуге жәрдемдесетiн, ең алдымен, кедейлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерiнде әлеуметтiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың алдын алу саласында мынадай қадамдар жасалуы қажет:
кадрларды, оның iшiнде белгiлi бiр жұмыс орнына сұраныс болған жағдайда жұмыссыздардан шыққан кадрларды даярлаудың икемдi әлеуметтiк бағдарланған жүйесiн жасау. Осыған байланысты азаматтардың кейiннен еңбекке орналасу мақсатында жаңа немесе бұрынғы кәсiптiк бiлiмдерi мен дағдыларын тереңдету арқылы еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру басты бағыт болмақ. Еңбек рыногындағы қажеттiлiкке сәйкес бiлiм беру, кадрларды даярлау жүйесiн одан әрi бағдарлау көзделiп отыр. Кадрларды тiкелей жұмыс орнында қайта даярлау жүйесi жетiлдiрiлетiн болады;
жұмыспен қамту қызметiн қайта құрылымдау, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық және республикалық бағдарламаларын әзiрлеу;
қоғамдық жұмыстарды оларға ақы төлеу жүйесi мен қаржыландыру көзiнiң өзгеруiн ескере отырып, ұйымдастыруды жетiлдiру;
инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде қосымша жұмыс орындарын құрудың факторын ескеру;
аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды шағын несиелендiру жүйесiн жетiлдiру және дамыту;
Еңбектiң iшкi рыногын қорғау мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн енгiзу үшiн квоталар белгiлеу көзделiп отыр.
"Еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты еңбекке ақы төлеу мен оны қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргізiледi.
Сақтандыру өтемдерiн төлеу жөнiндегi талаптарды және еңбектегi (қызметтегi) мiндеттерiн атқару кезiнде оқыс жағдайлардың немесе кәсiптiк аурудың салдарынан зардап шеккен қызметкердiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген нұқсан үшiн сақтандыру тарифтерiнiң мөлшерiн айқындау саласындағы нормативтiк актiлердi жетiлдiру жөнiнде жұмыс iстеу көзделiп отыр.
4.3. Бiлiм беру
Ой-ниет. Орта бiлiм беру саласында Yкiмет азаматтардың мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнде тегiн орта бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге, мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, бiлiм беру процесiнiң сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары бiлiм беру саласында Үкiметтiң қызметi ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр әлеуетiн сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлауға және аттестациялауға жоғары оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Yкiметтiң iс-қимылы. Барлық балалардың мектепке түсер алдындағы тең бастапқы мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету үшiн бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп алдындағы даярлау жүзеге асырылады. Орта бiлiм беру жүйесiнде алдағы мiндеттердi орындау үшiн Yкiмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы негізiнде білім берудiң барлық деңгейiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiрудi, "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасын әзірлеуді және оны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды көздейді.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуда:
жалпы бiлiм беретiн мектептердiң материалдық-техникалық, кадр әлеуетiн балаларға ерте бiлiм беру бағдарламаларын дамыту үшiн пайдалану;
балаларды мектепке дейiнгi даярлаудың енгізiлуiне байланысты педагогикалық қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн жетiлдiру көзделiп отыр.
Орта бiлiм беру жуйесiнде:
балаларды мектепке дейiн даярлаудың енгiзiлуiне байланысты мектепке дейiнгi тәрбиенiң педагогикалық қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру;
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттерiн әзiрлеу және кезең-кезеңмен енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
орта білім беру жүйесiн ақпараттандыру, 1-11 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді, "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңды шығару, кәмелетке толмағандардың арасында экологиялық білім беру, құқық бұзушылықтардың алдын ала саласында мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды іске асыру, есірткілерді тұтынуға және таратуға қарсы әрекет етудің кешенді шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
білім берудің (жалпы білім беру, нашар жинақталған ауыл мектептері, арнаулы интернаттар, мектептен тыс, балалар үйлері, кәсіптік мектептер, білім берудің жеке секторы) әр түрлі үлгідегі ұйымдарының торабы сақталуын қамтамасыз ету;
шәкірттерді еңбекке даярлаудың жекелеген нысандарын сақтау және дамыту, балаларға арналған оқу-өндірістік еңбек орталықтарын құру;
балалардың жазғы демаласын қамтамасыз ету, оқушы жастарға әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбие беруді одан әрі жақсарту жөнінде шаралар қолдану көзделіп отыр.
Жоғары білім беру жүйесінде:
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;
жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылға сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына (басшысына) кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқығын беру жөнінде эксперимент басталды;
білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.
4.4. Денсаулық сақтау
Ой-ниет. "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын және денсаулық сақтау саласының өзге де бағдарламаларын iске асыру; медициналық қызмет көрсетулердiң еркiн рыногын қалыптастыру және халықтың қалың бұқарасы үшiн денсаулық сақтаудың еркiндiгiн сақтау мақсатында салаларды қаржыландырудың және қайта құрылымдаудың әзiрленген жаңа тетіктерiн енгiзу.
Yкiметтің iс-қимылы. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, "Салауатты өмiр салты" және жыныс жолымен берiлетiн аурулардың алдын алу жөнiндегi кешендi бағдарламаларды, туберкулезге қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды. Әйелдердiң анемиямен және сүт безi рагымен ауру деңгейiн төмендетуге ерекше назар аударылатын болады;
"Диабет", "Қазақстан Республикасында жарақаттанудың алдын алу және оны азайту", "Нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу" мақсатты кешендi бағдарламаларын әзiрлеу, бекiту және iске асыру жөнiнде шаралар қабылдауды;
фармацевтикалық және медициналық өнімдердi отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерiн шешудi;
медициналық қызмет көрсетудiң қазiргi деңгейiн сақтауға және қолдауға бағытталған кешендi экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру шараларының кешенiн жүзеге асыруды және денсаулық сақтау жүйесiн нарықтық жағдайда оңтайлы жұмыс iстеуге бейiмдеудi;
денсаулық сақтау жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етудi;
денсаулық сақтаудың ерекше маңызды бағдарламаларын және медицина саласындағы зерттеулердi тиiмдi қаржыландыруды; "Халық денсаулығы", "Диабет" сияқты бағдарламаларды, 2002 жылы - есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi бағдарламаны кеңiнен қаржыландыруды;
медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеудi, амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бекiтiлген, тұрғындардың санына негiзделген жан басына шағу нормативiнiң принципi бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қаржыландыру жүйесін жетiлдiру; үйде күндiзгi стационарларды, стационарларды ұйымдастыру жолымен, отбасылық дәрiгерлер институтын одан әрi енгiзумен стационарлық емдеудiң амбулаторлық принциптерiне кезең-кезеңiмен өтудi;
iшiнара қор ұстауды енгiзудi;
денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторын одан әрi дамытуды, емдеу-алдын алу мекемелерiн кезең-кезеңiмен жекешелендiрудi;
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесiн жетiлдiрудi; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi халықаралық стандарттарға бейiмдеудi, емдеу-алдын алу мекемелерiнде инфекциялық бақылаудың жаңа жүйесiн енгiзудi және дамытуды, жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды азайту жөнiндегi жұмысты күшейтудi, республиканы полиомиелиттен тазарған аумақ ретiнде сертификаттауды;
медицина қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлауды жетiлдiру, ғылыми бағдарламаларды, тиiмдiлiгiн және iс жүзiндегi маңызын ескере отырып, әзiрлеудi және енгiзудi;
салауатты өмiр салты, дұрыс тамақтану, емдiк гигиена мен санитарияны сақтау жолындағы науқанды кеңiнен ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз етудi көздейдi.
Аурулар диагностикасы саласында жаңа медициналық технологияларды енгiзу мәселелерiне ерекше назар аударылатын болады.
4.5. Демография және көшi-қон
Ой-ниет. Алдағы кезеңде демографиядық және көшi-қон процестерiндегi ылайықсыз ағымдарда бетбұрыс жасау және елдiң халық санын ұлғайтудың негiзiн қалау қажет. Демография және көшi-қон саясаты халықтың белгiлi бiр топтарына сараланған ықпал ету жолымен жүзеге асырылатын болады.
Үкiметтiң іс-қимылы. Үкiмет белсендi демографиялық саясат жүргiзбек, оны жүргiзу үшiн заңдардың базасын жетiлдiрмек ниетте.
Үкiмет адамдарды керi көшi-қонға итермелейтiн факторларды жоюды, көшiп келушiлердiң (оралмандардың) құқықтары мен мүдделерi қорғалуын жүзеге асыруды қалайды. Сонымен бiрге көшi-қонды реттеу кезiнде негiзделген квота белгiлеу жолымен мемлекеттiк мүдделердiң сақталуын есепке алу көзделедi. Yкiмет отандастардың қайтып келуiне, оларды орналастыруға, жергiлiктi жағдайларға бейiмделуiне және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болады.
Көшi-қон процестерiнiң ылайықсыз ағымдарын жою үшiн "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңның жобасын әзiрлеудi аяқтау қажет.
Үкiмет болашақта мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу үшiн халықтың iшкi көшi-қоны проблемаларын талдау жөнiндегi жұмысқа кiрiсудi көздеп отыр.
4.6. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
Ой-ниет. Қоршаған ортаның нашарлау қарқынын бәсендету және оның сапалық тұрақтана бастауын қамтамасыз ету. Халықты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың сенiмдiлiгiн арттыру, елдiң жер ресурстарын ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк саясат қазiргi заманғы картографиялық және топографиялық-геодезиялық өнімдердi қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Yкiметтiң iс-қимылы. Қазақстан Республикасының Үкіметi табиғатты қорғау жүйесiн оңтайландыруды, мемлелеттiң халықаралық экологиялық бағдарламаларға қатысуын кеңейтудi, экологиялық қауiпсiз технологияларға ауысу үшiн жағдайлар туғызуды, қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыруды көздейдi.
Республикалық және жергiлiктi деңгейлерде табиғатты пайдалануды, жер қойнауын пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиiмдi жүйесi құрылады, экологиялық ағарту жүйесi қалыптастырылатын болады.
Қазақстанның жануарлар және өсiмдiктер әлемінің биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау жөнiндегi жобаны әзiрлеу және iске асыру жоспарланған.
Yкiмет қоршаған ортаны қорғау табиғатгы, жер қойнауын ұтымды пайдалану, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды экологияландыру саласыңдағы негiзгi заң актiлерiн дайындауды жалғастырады.
Табиғи-ресурстық әлеуеттi зерделеу мен теңбе-тең пайдалану, экологиялық аудандастыру мемлекеттiк кадастрлер жүйесiн жасау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризм объектілерiнiң торабын дамыту, өнеркәсiп орындарына экологиялық аудит жүргізу, экологиялық таза және ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзу бағдарламалары әзiрленетiн болады.
Халықты қажеттi мөлшерде және кепiлдендiрiлген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Yкiмет өнiмi аз перспективасыз жерлердi айналыстан шығару шарттарын қатайтады және бұл процестi экономикалық әдiстермен ынталандыратын болады, бұл үшiн республиканың егiстiк жерлерiн түгендеудi жүргiзу көзделедi.
Картографиялық фабрика салу көзделiп отыр.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру мақсатында аймақтық және ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюдың жүйесi қалыптастырылады, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мемлекетаралық келiсiмдердiң iске асырылуы одан әрi дамытылады.
4.7. Мәдениет және спорт
Ой-ниет. Тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қол жетiмдiлiгiн және оларға халықтың белсендi тартылуын қамтамасыз ету, әлеуметтiк-мәдени саладағы өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң отандық рыногын дамыту; халықаралық және аймақаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету; қоғамда салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттауды және енгiзудi жалғастыру, халықты дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелi түрде айналысуға тарту және, отандық спортты дамыту және оның халықаралық көлемдегi беделiн көтеру.
Үкiметтiң iс-қимылы. Мәдениет саласында казақ ұлттық мәдениетi мен тiлiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың мәдениетi мен тiлдерiн сақтау мен дамытуды қолдау; мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн институционалдық, ұйымдастырушылық, нормативтiк құқықтық сипаттағы негiзгi шаралар кешенiн жүзеге асыру және әлеуметтік-мәдени салада өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк стандарттарға сай отандық рыногын қалыптастыру; мәдениет саласы үшiн кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн жоғарылату жүйесiн реформалау мен халықтық және кәсiптiк өнердiң дамуын барынша қолдау; халықаралық мәдени байланыстар мен аламасуларды кеңейту және нығайту жөнiндегi бастамаларды қолдау.
Спорт пен дене шынықтыру саласында: халықтық дене шынықтырудың Президенттiк тестiлерiн енгiзу; балалар мен жасөспiрiмдердi спорт секцияларында айналысуға тарту, балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жасөспірiмдер клубтарының торабын кеңейту; жоғары жетiстiктер спортын қолдау, спорттың түрлерi және ерiктi спорт қоғамдары мен клубтарын одан әрi дамыту жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегі жұмыс жалғастырылады.
Дене шынықтыру мен спорт саласында салауатты өмiр салты принциптерiн насихаттау жөнiндегi, спорттың бұқаралық түрлерiн барынша қолдау жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады және Сиднейдегi (Австралия) 2000 жылғы жазғы Олимпиадалық ойындарға және Солт-Лейк-Ситидегi (АҚШ) 2002 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысушыларға мемлекеттiк қолдау көрсетiлетiн болады.
5. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, КӨЛIК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Ой-ниет. Экономика мен қоғамның көлiктiк және ақпараттық сұранысын отандық өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiктiң құрамдас бөлiгiн кемiте отырып қанағаттандыру, республиканың тасымалдау әлеуетiн одан әрi дамытуды қамтамасыз ету.
Yкiметтiң iс-қимылы. Салмақты тарифтiк саясатты жүргiзу, елдiң көлiктiк-коммуникациялық рыногында тасымалдаушылар мен операторларға арналған заңдық базаны дамыту және жетiлдiру жұмыстың аса маңызды бағыттарының бірi болмақ. Бұл салада табиғи монополистердің қызметi саласын қайта құрылымдау, болжамды түрде тарылту және жекелеген функцияларды жеке секторға тапсырып беру саясаты жалғастырылатын болады.
Темiр жол көлiгi саласында басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру көзделедi. Реформа сала қызметiнiң тиiмдiлiгiн көлiктiк қызмет көрсету рыногында бәсекелестiк ортаны құру есебiнен арттыруға бағытталады. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ын монополиядан шығару және қайта құрылымдау белгiленiп отыр. Жаңа құралдарды пайдаланудың шарттары қайта қаралады, ресурс үнемдеу технологиясы енгiзiледi.
Темiр жол саласында негiзгi темiр жол учаскелерiн жаңғырту, жылжымалы құрамды жөндеу үшiн өндiрiстiк базаны қайта жаңарту жалғастырылады. Ақсу - Конечная темiр жол желiсiн төсеу жалғасады, Донское - Краснооктябрь кенiшi жаңа темiр жол желiсiн салу белгiленген. Тасымалдаудың осы заманғы технологиясына ауысу мақсатында темiр жолдарды техникалық қайтадан жабдықтау жалғастырылады, басқарудың осы заманғы ақпараттық жүйесi енгізiледi, автоматтандырылған ақпараттық тораптар, оларды халықаралық көлiк ақпарат жүйесiне одан әрi интеграциялай отырып, ұйымдастырылады және дамытылады.
Автомобиль көлiгi саласында республиканың экономикалық, сауда және мәдени байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесетiн халықаралық автомобильдiк тасымалдар одан әрi дамитын болады. Көлiктiк тасымалдардың дамуын қамтамасыз ету үшiн Автомобиль көлiгi кодексi қабылданады.
Автомобиль жолдары саласында халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететiн бағыттардағы автомобиль жолдары басымдық тұрғыда дамытылады, жеке меншiктегi жолдарды құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Халықаралық ұйымдардың басшылығында және көмегiмен, халықаралық көлiк жүйесiн интеграциялауға жәрдемдесетiн көлiк қатынастарын дамыту жөнiндегi инвестициялық саясат жандандырылады. Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын, Алматы-Астана автомобиль жолын оңалту жүргiзiледi.
Бұдан әрi қаражаттың кезең-кезеңмен ұлғаюы және автожолдарды қаржыландырудың қосымша көздерiн iздестiру қамтамасыз етіледi. Республиканың жалпы көлiк кешенiнде автомобиль жолдарының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қызмет көрсетудiң сервистiк жүйесiмен қамтамасыз етiлген жоғары санаттағы жолдарды салу негiзiнде жол секторы сапалық жаңартылатын болады. Iрi қалалар мен елдi мекендердi айналып өтетiн жаңа жолдардың құрылысы дамытылады.
Әуе көлiгi саласында нақты жағдайлар жасауға көңiл бөлетiн боламыз. Бiрнеше тұрақты аймақтық компаниялар құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады. Саланы қатаң мемлекеттiк басқаруға топтастыру үшiн Орталық Азия мен ТМД рыноктарын қоса алғанда, бәсекеге қабілеттi және негiзiнен сыртқы рынокқа бағдарланған күштi Ұлттық тасымалдаушыны қалыптастыру көзделiп отыр. Қызмет көрсету саласын кеңейту және жаңа рыноктарды игеру мақсатында ескiрген ұшақтар паркiн лизингтiң және жоғары сыныпты ұшақтарды белгiлi мөлшерде сатып алу есебiнен жедел ауыстыруды жалғастыру жоспарланған. Әуежайларды олардың әлемдiк стандарттарға сай келуi мақсатында қайта жаңарту және салу жалғастырылады.
Су көлiгi саласында Ақтау портының инфрақұрылымын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық жүктердiң алмастырылу көлемiн ұлғайту, су жолдары мен шлюздердi кеме жүретiндей жағдайда ұстау; Каспий аймағында теңiз кеме шаруашылығын ұйымдастыру үшiн "өзен-теңiз" сыныбындағы кемелердi сатып алу, мультимодальды тасымалдауды - iшкі су жолдарының транзиттiк мүмкiндiктерiн дамыту мақсатында пайдалану үшiн қызметтiң негiзгi басым бағыты болмақ.
Байланыс пен телекоммуникациялар саласында байланыстың осы заманғы жүйелерi мен құралдарын енгiзу есебiнен дамудың сапалық жаңа деңгейiне қол жеткiзу жобаланып отыр. Ақпараттық құрылымды дамыту пайдалану мен инвестиция шығындарын оңтайландырудың жалпы мемлекеттiк саясатын, 2003 жылға дейiн жалпы ұзақтығы 9 мың км., барлық облыс орталықтарын, iрi елдi мекендердi, аудан орталықтарын байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құруды көздейдi. Коммутациялық жабдықтарды, магистральдық желiнi жаңғырту жоспарланған, байланыстың магистральдық және аймақтық желілерін ұйымдастыру үшін жер серігі байланысын қалыптастыру жалғастырылады.
Байланыстың Трансазия-еуропалық талшықты-оптикалық желісінің батыс учаскесін салу аяқталады, бұл Қазақстанның аумағы арқылы өтетін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия транзит трафигін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Елдің почталық байланысын жаңғырту жүзеге асырылады, бұл оның қызметін және қайта ұйымдастыру аясын кеңейтумен бірге почта саласын, кең ауқымды ұсынылатын қызмет көрсетулермен қоса, осы заманғы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
6. ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ой-ниет. Iшкi рыноктың сұранысын қамтамасыз ету және экспортқа бағыттаған, технологиялық байланысқан отын-энергетикалық кешендi қалыптастыру.
Yкiметтiң iс-қимылы. Елдiң отын-знергетикалық кешенін энергетикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ететін бағытта дамыту және энергия көздерiн әлемдiк тұтыну рыноктарына жеткiзу жөнінде белсендi iс-қимыл жасалады. Экспорттық газ және мұнай құбырларының сызбаларын айқындау және олардың жекелеген учаскелерiн жобалау мен сала бастау көзделiп отыр. Энергия көздерiн шетелге тасымалдаудың көпсалалы жолдарын құру, сондай-ақ республиканың iшкi рыногын мұнай өнiмдерiмен толықтыру жөнiндегi жұмысы жандандырылады. Экономикалық пайдалылықты және елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн ескере отырып, электр куатын өндiрудiң экологиялық қауіпсіз технологиясына кезең-кезеңмен көшу бағдарламасын әзiрлеу көзделiп отыр.
Мұнай. Мұнай-газ өнеркәсiбiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi таяудағы жылдарда құбыр желiсi көлiгiмен мұнайды тасымалдауға арналған квотаны ұлғайту, сондай-ақ 2001 жылдың қыркүйегiне дейiн Каспий Құбыр желiсi Консорциумы (КҚК) жобасы бойынша бiрiншi кезектегi құрылысты аяқтау жөнiнде Ресей Yкiметiмен жұмыс iстеудi жалғастырады.
Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторындағы мұнай скважиналарын бұрғылау кестесiнiң орындалуын бақылау қамтамасыз етiледi.
2000-2002 жылдар кезеңiнде Қарашығанақ және Теңiз кешендерiнiң дамытылуы осы кен орындарында мұнай мен конденсат шығаруды ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын салу жоспарланған, бұл Ақтөбе облысының кен орындарынан мұнайды Еуропаның экспорттық рыногына тасымалдауға және Атырау мұнай өңдеу зауытын неғұрлым толық жүктемелеуге мүмкiндiк бередi. Бұған қосымша Атырау-Самара мұнай құбырын 2001 жылы 12 млн.тоннаға дейiн және 2003 жылы 15 млн.тоннаға дейiн жүктемелеудi қамтамасыз ету көзделген, бұл республиканың аталған бағыт бойынша экспорттық мүмкiндігін айтарлықтай ұлғайтады. Бұл жылдары мұнай өндiрудiң өсуiне негiзiнен Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын, Ақтөбе облысының бiрқатар кен орындарын, сондай-ақ Солтүстік Бозашы түбегiмен шектес кен орындарын iске қосу есебінен жету жобаланған.
Тұрақты және салыстырмалы тұрғыда төмен бағамен оңтүстiк аймақтардың - табиғи газға және солтүстiктің - мұнай өнiмдерiне деген сұраныстарын қамтамасыз ету жөнiнде нақты шаралар қолданылатын болады.
Yкiмет қосалқы мұнай құбырларының түпкiлiктi нұсқаларын айқындайды және темiр жол, теңiз көлiгiн мұнайды тасымалдау жөнiнде пайдаланудың бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi.
Қатты отын. Екiбастұз бассейнiнде энергетикалық көмір өндiрудi тұрақтандыру және оны Ресей Федерациясына экспорттау, алдағы жылдары қол жеткiзiлген Қаражыра, Шұбаркөл және Шөптiкөл кен орындарының күлi аз көмiрiн өндiрудiң көлемiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Қарағанды көмiр бассейнiнiң тиiмсiз шахталарын тарату жұмыстары жалғастырылады.
Электр энергетикасы. Электр энергетикасы секторын одан әрi қалыптастыру мақсатында 2000 жылы тарифтiң мөлшерi электрдi беру қашықтығына тәуелдi болуын азайтуға бағытталған жаңа тарифтiк саясатты жүзеге асыру белгiленген, бұл энергия көздерi арасындағы өздерi өндiрген электр қуатын өткiзу үшiн бәсекелестiктiң күшеюiн қамтамасыз етедi және, сайып келгенде, түпкi тұтынушыларға берiлетiн электр қуаты үшiн бағаны төмендетуге жәрдемдеседi.
Үкiмет электр куатын өндiру жөнiндегi куаттарды жекешелендiрудi 2001 жылы аяқтауды, көпсалалы даму банктерiнiң және донорлардың көмегiмен электр куатының бәсекелi көтерме сауда рыногын құруды көздеп отыр. Төлеу тәртiбiн нығайту, коммерциялық басқаруды жақсарту және инвестицияларды көтермелеу мақсатында 2001 жылы ашық тендерлер жүргiзу жолымен аймақтық компанияларды - электр энергиясы дестрибьюторларды жекешелендiру жүргiзiледi.
Электрмен және жылумен жабдықтау үшiн тарифтердi есептеудiң тетiгi мен оның реттелуi өзiндiк құнның толық өтелуiн қамтамасыз етуi тиiс. Осы мақсатта 2000 жылдың бiрiншi жартысында барлық мүдделi тараптардың қатысуымен, пайдалану ақысын есептеудiң ережелерiне, активтер бойынша пайданың нормасына, техникалық шығынның мөлшерiне және инвестициялардың құнын енгiзуге ерекше назар аудара отырып, қолданылып жүрген ресiмдерге мұқият шолу жасау жоспарланған. Осы шолудың базасында заң актерлерi мен нормативтерге қажеттi түзетулер енгiзiлетiн болады.
Нарықтық тетiктiң айқындығын қамтамасыз ету және көтерме сауда мен аймақтық бөлшек сауда рыноктарында электр энергиясы саудасын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Электр куаты рыногының жұйелiк операторын құру жоспарланған.
Несиелер тартудың негiзiнде электр берудiң кернеуi 500 жэне 220 кВ негізгі мемлекеттiк желiсiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн арттыру үшiн "Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асыру көзделiп отыр.
7. КӘСIБИ ҮКIМЕТ
Ой-ниет. Үкiмет мемлекеттiк басқару ведомствоаралық және салааралық үлестiру жүйесiн жетiлдiрудi жалғастырады; мемлекеттік қызметті реформалау жөнiнде одан әрi қадамдар жасайды.
Үкiметтiң iс-қимылы. Үкiмет Мемлекеттiк органдардың функцияларын орталықтан шығару бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады; әрбiр орталық мемлекеттiк органда функционалдық талдау жүргiзедi; мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiк қызмет лауазымдарына функционалдық код берудi жүзеге асырады; Үкіметтік шешiмдер қабылдау рәсiмiн жетiлдiредi; мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды жетiлдiрудi жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтар бойынша орта мерзiмдi перспективаға арналған дамудың стратегиялық жоспарлары әзiрленетiн болады.
Мемлекеттiк функцияларды орталықтан шығару бағдарламасын iске асыру басым мiндеттердiң бiрi болмақ. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдарының мемлекеттiк функцияларды орталықтан шығару және жергiлiктi басқаруды дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган айқындалады.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару салаларын регламенттендiретiн заң актiлерi қабылданатын болады.
Yкiмет өз қызметiнiң стратегиялық бағыттарын iске асыруға арналған қаржы ресурстарының көлемiн жоспарлаған кезде жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қаржылық дербестiгiне кезең-кезеңiмен өтудi жүзеге асырады.
Үкiмет мемлекеттiк қызмет жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегi жұмысты жалғастырады.
Кадрларды iрiктеу және әкiмшілік-мемлекеттiк қызметшiлердi қызмет бойынша жылжыту Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде жастар мен әйелдердiң мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзуi принципiн iске асыруға және, ең алдымен, құзыреттiлiк және кәсiпкерлiк принциптерiне арқа сүйеуге жағдай туғызады. Осы мақсатта кадрларды конкурстық негiзде iрiктеудi, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ресiмiн; кадр резервiн қалыптастыруды және басқаларды регламенттейтiн актiлер қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызметтің мәртебесiн ынталандыру және көтеру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесі: 2000-2001 жылдардағы бiрiншi кезеңде мемлелеттiк кызметiң лауазымдарын бiрыңғайлау арқылы; екiншi кезеңде мемлекеттiк қызмет лауазымдарына факторлық-баллдық талдау жүргiзу арқылы өзгертiледi. Еңбекақы төлеудiң жетiлдiрiлген жүйесi ақы телеудiң дәйектi, әдiлеттi, айқын сызбасын жасауға және бiлiктi кадрлардың тұрақтамауын төмендетуте бағытталатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiнде қадамдар жасалады. Бұл бағытта тәртiптiк жазаларды қолданудың, мемлекеттiк қызметшiлерден ант қабылдаудың, этикалық кодекстiң ресiмдерiн регламенттейтiн актiлер әзiрленедi және қабылданатын болады.
Мемлекеттiк қызмет кадрларын оқытудың бiрыңғай жүйесiн құруға, мемлекеттiк тапсырыс тетiгiн енгiзуге және оқытудың бiрыңғай стандарттарын айқындауға негiзделген Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы iске асырылады. Yкiмет мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жүйесiн қаржыландырудың тұрақты тетiгін қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды. Осы бағытты барынша iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының оқу-әдiстемелiк базасы пайдаланылады және аймақтық оқу орындарының материалдық-техникалық базасының мүмкiндiктерi кеңiнен қамтылады.
Елдiң жаңа басқару элитасын қалыптастыру жөнiндегi мiндеттердi iске асыру мақсатында халықаралық донор ұйымдардың техникалық қолдауы жағдайында Астана қаласында Орталық Азия мен Кавказ елдерi үшiн Аймақтық оқу орталығын құрудың мүмкiндiгi жөнiнде шаралар қолданылады. Кадрлардың жай-күйi мониторингiнiң жүйесiн әзiрлеу мақсатында мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың бiрыңғай жүйесi, республикалық тестiлеу және ақпараттандыру орталығы құрылады, ұлттық тестiлер әзiрленедi және енгiзiлетiн болады.
Бiлiм және денсаулық сақтау қызметкерлерiн қоса алғанда, бюджет саласындағы барлық қызметкерлердiң қызметiн регламеттеу мақсатында 2001 жылы азаматтық қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлене бастайды.
Мемлекеттiк органдардың басшылары, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен пәрмендi күрес жүргiзу, материалдық және қаржы қаражатын барынша үнемдеу, мемлекеттiк қызмет этикасының нормаларын күнделiктi iс-қимылда сақтау мәселелерiн шешудi көздейтiн iс-қимыл бағдарламасын әзiрлейтiн болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Үкiмет жаңа мыңжылдықтың табалдырығы алдында күрделi әлеуметтiк-экономикалық ахуал жағдайларында жұмысқа кiрiстi.
Үкiмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан 2030" ұзақ мерзiмдi стратегиясын дәйектiлiкпен iске асыруды жалғастырады.
Бағдарламаны iске асыру ұсынылып отырған шаралар экономиканы тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығаруға ықпал ететiн болады.
Бағдарлама макродеңгейде орын алған әлеуметтiк-экономикалық қиғаштықтарды түзетуге, отандық тауар өндiрушiлердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға, салық салынатын базаны кеңейтуге және осының негiзiнде әлеуметтiк саланың проблемаларын шешудi жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
Нақты секторды дамыту халықтың кiрiсi мен төлемге қабiлеттi сұраныстың өсуiне оң әсер ететiн қосымша жұмыс орындарын құрады. Тұтастай алғанда экономикалық өсу кедейлiктiң деңгейiне және зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерлерiне қолайлы ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асырудың ең маңызды шарты қолайлы халықаралық жағдай, әрiптес елдердегi және Қазақстанмен тiкелей шектесетiн елдердегі саяси және экономикалық ахуал болып табылады. Қазақстанның әлемдiк шаруашылыққа интеграциялануы, көршiлес мемлекеттермен және басқа да әрiптес елдермен өзара iс-қимылды тереңдету, аймақтық интеграцияны дамыту және елдiң транзиттiк-көлiк әлеуетiн тиiмдi пайдалану мәселелері Үкiметтiң назарында болады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.