Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 11 ақпан N 336

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының K9510000 0 44-бабының
20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 U963039_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Окшин Юрий Васильевич - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Мұқашев Рахмет Желдібайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Избанов Мұхит Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары енгізілсін;

     аталған құрамнан Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы, Қасымов Сабыр 
Ахметжанұлы, Козлов Александр Федорович, Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы 
шығарылсын; 
     Комиссия мүшесі Белоруков Николай Васильевич Комиссия төрағасының 
орынбасары болып бекітілсін. 
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.