"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңын
іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже бекітілсін.
2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резервін жасақтау және олармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі N 3056
Жарлығының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 31, 280-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына
орналасуға арналған кадрлар резерві туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қызмет үшін тұрақты кадрлар резервін жасақтау мен қолдау мақсатында "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
1. Ереже мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына қолданылады.
2. Кадр резерві - осы Ережемен анықталған тәртіппен жасақталған жүйелі тізімге деректері енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - азаматтар).
3. Кадр резервiне есепке алынған азаматтар бiр жыл iшiнде лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санатының лауазымына бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген әрi олардың келiсiмi болған жағдайда конкурстан өтпей тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
4. Ережемен белгіленген мерзімді есептеу азаматтық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - өкілетті орган):
1) конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервіне есепке алуға ұсынылған;
2) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытудан өткен;
3) халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге кәсіби дәрежесін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар жұмысқа жіберген;
4) аттестациядан өткен және аттестация комиссиясы кадр резервiне есепке алу үшiн ұсынған мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтардан құрады. <*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.04.21. N 1071
жарлығымен
.
6. Кадр резерві Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың әрбір санаты үшін құрылады.
7. Кадр резервіне есепке алу өкілетті органның шешімі мен азаматтардың өздерінің еріктерінің негізінде, Ережеде көрсетілген негіздемелер болғанда жүзеге асырылады.
8. Өкілетті орган кадр резервіне есепке алу жөнінде өтініш берген азаматты кадр резервіне есепке алу жөнінде шешім қабылдаған сәттен бастап, ол резервші болады.
9. Резервші жөніндегі деректерді өкілетті орган жүйелі тізімге енгізеді және оған өкілетті орган бекіткен тиісті тіркеу нысаны толтырылады.
10. Кадр резервінде болу өкілетті орган оны кадр резервіне есепке алу туралы шешім қабылдаған сәттен басталады және бір жылдан артыққа созылмайды.
11. Резервшіге арналған тиісті әкімшілік лауазым, резервші ұсынылған лауазым санаты болып табылады. Тиісті әкімшілік лауазым нақты мемлекеттік органдағы дәл сол конкурс жарияланған лауазым болуы міндетті емес.
12. Кадр резервінде болу мерзімі ішінде резервшіні мемлекеттік орган әкімшілік лауазымға орналасу үшін іріктеуі мүмкін. Резервшінің әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасуы үшін, белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысу құқығы сақталады.
12-1. Уәкiлеттi органның резервшiнiң өтiнiшi бойынша, ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшiн оны кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
13. Кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі.
14. Кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібін өкілетті орган айқындайды.
3. Конкурстық іріктеуге қатысқан азаматтардың
есебінен кадр резервін жасақтаудың тәртібі
15. Конкурстық комиссияның өкілетті органға конкурсқа қатысушыларды кадр резервіне, әрбір бос лауазым үшін бір үміткерден ғана есепке алуға ұсыным жасау құқығы бар. Егер конкурстың нәтижесiнде бос қызмет орнына орналасуға үмiткер анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысы кадр резервiне есепке алуға ұсыныла алмайды.
Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
16. Мұндай ұсыным үшін конкурсқа қатысушының тиісті мемлекеттік орган белгілеген бос лауазымға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі және өтпелі пәндерді қанағаттандыратын тестілеудің көрсеткіштері, сондай-ақ, конкурстық комиссия жүргізген әңгімелесу нәтижесі негіздеме болады.
17. Кадр резервіне есепке алуға ұсыным жасау туралы шешімді конкурстық комиссия дауыс беру жолымен қабылдайды.
18. Егер мәжіліске оның құрамының кемінде 2/3-і қатысып, ол үшін қатысушы конкурстық комиссияның қатысқан мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, конкурстық комиссияның шешімі заңды болып табылады.
19. Кадр резервіне есепке алу үшін конкурс өткізуші мемлекеттік орган он күн ішінде кадр резервіне есепке алуға ұсыным жасау жөніндегі конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасынан үзіндіні, конкурсқа қатысушының жеке конкурстық ісін және конкурсқа қатысушының кадр резервіне есепке алынуға берген жазбаша келісім өкілетті органға ұсынады.
20. Өкілетті орган жеті күн ішінде кадр резервіне есепке алу немесе ондай есепке алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысушының Ереженің 16-тармағының талаптарына сәйкессіздігі немесе Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелерінің бұзылуы ғана бас тартуға негіз болуы мүмкін.
4. Мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді
даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары
бойынша оқытудан өткен азаматтардан кадр резервін
жасақтаудың тәртібі
21. Мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытудан өткен азаматтар өкілетті органның шешімімен кадр резервіне есепке алынуы мүмкін.
21-1. Ереженiң 21-тармағында аталған азаматтар үшiн тиiстi санаттар лауазымдарының кадр резервiне есепке алыну құқығы мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды бiтiрген сәттен бастап туындайды және олар үшiн үш ай бойы сақталады.
Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
22. Кадр резервіне есепке алыну үшін Ереженің 21-тармағында көрсетілген азаматтар өкілетті органға мынадай құжаттар өткізеді:
1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) кадрларды тіркеу жөніндегі толтырылған жеке іс қағазы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы және телефоны, соның ішінде байланыс телефоны көрсетілген);
3) өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалдама;
4) білімі туралы құжаттарының нотариальдық немесе белгіленген заң тәртібінде өзгеше куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының нотариальдық немесе белгіленген заң тәртібінде өзгеше куәландырылған көшірмелері;
6) денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтама;
7) мемлекеттік әкімшілік қызметтің тиісті санаттағы лауазымдары үшін белгіленген тестіден өтудің нәтижелері;
8) 3 х 4 см. үлгідегі екі фотосурет.
23. Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен жеке басына (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездеме, ұсыным, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат бере алады.
24. Ереженің 22 тармағында көзделгеніндей, өкілетті орган өтініштер мен құжаттардың түскен сәтінен бастап он күн мерзімде, мемлекеттік әкімшілік қызметтің тиісті санаттағы лауазымдарының кадр резервіне есепке алу немесе мұндай есепке алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
25. Кадр резервіне есепке алмауға Ереженің 22-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеуі немесе ұсынылып отырған мемлекеттік әкімшілік қызметтің тиісті санаттағы лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына, мемлекеттік қызмет туралы заңдардың өзге де талаптарына сәйкессіздігі бас тартуға негіз болып табылуы мүмкін.
26. Кадр резервіне есепке алуға құқық беретін мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлаудың кезекті күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларының тізбесі заңдарға сәйкес бекітіледі.
5. Халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге кәсіби
дәрежесін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар
жұмысқа жіберген азаматтардан кадр резервін
жасақтаудың тәртібі
27. Халықаралық ұйымдарда немесе басқа мемлекеттерде кәсіби дәрежесін көтеру мақсатында мемлекеттік органдардың жолдамасымен жұмыс істейтін және мемлекеттік органмен еңбек қатынасын үзген азаматтардың өкілетті органның шешімі негізінде кадр резервіне есепке алыну хақы бар.
28. Ереженің 27-тармағында көрсетілген азаматтардың кадр резервіне есепке алыну құқығы азаматтың халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттердегі жұмысынан қайтып оралған сәтінен басталады және қайтып оралғаннан кейін үш ай мерзім ішінде сақталады.
29. Кадр резервіне есепке алыну үшін азаматтар өкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) олардың жұмыстан босатылғаны және халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберілгені туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
2) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
3) кадрларды тіркеу жөніндегі толтырылған жеке іс қағазы іспарағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы және телефоны, соның ішінде байланыс телефоны көрсетілген);
4) өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалдама;
5) білімі туралы құжаттарының нотариальдық немесе белгіленген заң тәртібінде өзгеше куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариальдық немесе белгіленген заң тәртібінде өзгеше куәландырылған көшірмесі;
7) мемлекеттік әкімшілік қызметтің тиісті санаттағы лауазымдары үшін белгіленген тестіден өткізудің нәтижелері;
8) 3 х 4 см. үлгідегі екі фотосурет.
30. Азаматтар өздерінің шетелдегі қызметтеріне, сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен жеке басына (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездеме, ұсыным, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат бере алады.
31. Осы құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап он күн мерзімде өкілетті орган тиісті санаттағы лауазымдарының кадр резервіне есепке алу немесе мұндай есепке алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
32. Ереженің 29-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеуі немесе ұсынылып отырған мемлекеттік әкімшілік қызметтің тиісті санаттағы лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына, мемлекеттік қызмет туралы заңдардың өзге де талаптарына сәйкессіздігі бас тартуға негіз болып табылады.
5-1. Аттестациядан өткен және аттестация комиссиясы кадр резервiне есепке алуға ұсыным жасаған мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшілерден кадр резервiн жасақтаудың тәртiбi <*>
Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.04.21. N 1071 жарлығымен .
32-1. Аттестация комиссиясының уәкілеттi органға аттестациядан өткен және атқаратын лауазымында жоғары кәсiби деңгейiне қол жеткiзген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi (бұдан әрi - аттестацияланғандар) олар осы санаттарға қойылатын бiлiктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жоғары санаттағы лауазымдарға кадр резервiне есепке алу үшiн ұсынуға құқығы бар.
32-2. Аттестация өткiзген мемлекеттiк орган кадр резервiне есепке алу үшiн аттестация комиссиясының шешiмi бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға аттестациядан өтушiнiң мынадай құжаттарын ұсынады:
1) аттестация комиссиясының шешiмiн бекiту туралы бұйрықтан үзiндi көшiрме;
2) уәкiлетті орган белгiлеген нысандағы қызметшiнiң өтiнiшi;
3) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс парағы.
32-3. Уәкілеттi орган осы Ереженiң 32-2-тармағында көзделген құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кадр резервiне есепке алу немесе мұндай есепке алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Кадр резервiне есепке алудан бас тартудың негiздерi аттестацияланушының жоғары санаттағы лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi немесе осы Ереженiң 32-2-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуi болып табылады.
6. Кадр резервіне есепке алынған азаматтардың әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарға орналасу тәртібі
33. Әкімшілік лауазымның бос орны бар мемлекеттік органның, конкурс өткізгенге дейін резервшілердің нақты санатқа тиісті тізімін беру туралы өкілетті органға сұрау салады. Сұрау өкілетті орган бекіткен нысанда жіберіледі.
Ескерту. 33-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
34. Өкілетті орган сұрау алған сәттен бастап екі апта мерзімде оған мемлекеттік қызметтің әкімшілік лауазымдардың санатына сәйкес резервшілердің тізбесі бар жауап жолдайды.
35. Мемлекеттік органның резервшімен әңгіме өткізуге хақы бар.
36. Мемлекеттiк орган әкiмшiлiк қызметтiң бос лауазымына резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдаған кезде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатурасын бiрiншi кезекте қарайды.
Кадр резервiнде лауазымдардың осы санатына немесе мемлекеттiк органның бос лауазым үшiн белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған немесе резервшiмен әңгiмелесу нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, мемлекеттiк органның конкурс өткiзуге құқығы бар.
Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi органды он күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605
жарлығымен
.
37. Жоғарыда көрсетілген жазбаша хабырландырудың негізінде өкілетті орган кадр резервіне тиісті өзгерістер енгізеді. Өкілетті орган мемлекеттік орган таңдаған резервшіні хабарландырады, оның жеке іс қағазын мемлекеттік органға жібереді.
38. Резервшінің мемлекеттік қызметке алынуы заңдарда қаралған тәртіппен және мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
7. Кадр резервінен шығару тәртібі
39. Өкілетті органның азаматтарды кадр резерві есебінен шығаруы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) резервшінің бос мемлекеттік қызмет лауазымына орналасуы;
2) резервшінің кадр резервінен шығару туралы өтініш беруі;
3) мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес азаматтардың мемлекеттік қызметте болуын шектейтін кадр резервіне есепке алу туралы шешім қабылдау сәтіндегі белгісіз немесе болмаған негіздердің пайда болуы;
4) Ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзімнің бітуі;
5) кадр резервіне есепке алудың осы Ережемен белгіленген тәртібі мен шарттарының бұзылуы.