Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 21 қаңтар N 328

Қолданыстағы

     "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 
шілдедегі  

Z990453_

  Заңына сәйкес қаулы етемін: 
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бекітілсін. 
     2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы 
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 
16 маусымдағы N 3542  

U973542_

  Жарлығының (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 25, 223-құжат) күші жойылған деп танылсын. 
     3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
                                                 Қазақстан Республикасы 
                                                     Президентінің 
                                                 2000 жылғы 21 қаңтардағы 
                                                 N 328 Жарлығымен 
                                                     бекітілген 
     
          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің 
                        қызмет этикасы ережелері 
     


      Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
      Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің

барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі 
қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді. 
     Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері 
сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік 
қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін 
белгілейді. 
     1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 
     1) Мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік 
принциптерін ұстануға;
     2) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға тиіс.
     2. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен 
міндеттері: 
     1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындау;
     2) мемлекет мүдделерін қорғау;
     3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты 
нығайтуға жәрдемдесу;
     4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару;
     5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау;


      6) қызметтік міндеттерін атқару үстінде өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етпеу;
      7) мемлекеттік қызметшінің жеке өзіне қатысты мәселелерде шешімдер қабылдауға жауапты адамдардың қызметіне араласпау;
      8) республиканың беделін түсіретін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін міндеттемелерді алмау, іс-әрекетке, сөз сөйлеу мен пікір айтуға жол бермеу;
      9) қызметтік куәлік пен өзге де құжаттарды ұқыпты сақтау болып табылады.
      3. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
      1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
      2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
      3) мемлекет беделін арттыруға;
      4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;
      5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр

алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
     6) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса 
көрсетпеуге міндетті. 
     4. Бағыныстылары бар мемлекеттік қызметшілер: 
     1) өзіне бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік 
өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл 
айқындауға;
     2) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы іс-қылықтар немесе жалпы 
жұрт қабылдаған этика нормаларымен үйлеспейтін іс-қылықтар жасауға мәжбүр 
етпеуге міндетті. 
     5. Осы Ережелерде көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік 
қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес тәртіптік жазалар 
қолданылады. 
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.