Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі А. Есенжановтың баяндамасы мен конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың сөздерін тыңдап және сарапшылардың - заң ғылымдарының докторы А.Г. Диденконың және заң ғылымдарының докторы М.К. Сүлейменовтің қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште сондай-ақ мынадай мәселелер қойылған:
1. Конституцияның жоғарыда аталған нормаларының құқықтық мазмұны мемлекеттік меншіктің құқықтық тәртібі ерекшеліктерін заңмен баянды ету құқығын, атап айтқанда, мемлекеттік мекемелердің құқық субъектілігін шектеуді білдіре ме?
2. Конституцияның аталған нормалары мемлекеттік мекемелердің оларды қаржы жұмсауда шектеу және олардың бекітілген смета шегіндегі жауапкершілігі, азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеуден өткізуі секілді құқықтық жағдайының ерекшеліктерін заңда көзде тұтуға мүмкіндік бере ме?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру кезінде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.
Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Аталмыш конституциялық ереже Қазақстан Республикасында мемлекет меншіктің екі нысанының да субъектілеріне бұзылған құқықтарының қорғалуының және қайта жіктелуінің бірдей мүмкіншіліктеріне кепілдік беретінін білдіреді. Мемлекеттік меншік пен жеке меншікті бірдей жіктелуінің жеке меншік иесі, оларға заңмен рұқсат етілген және жол берілген нақтылы құқықтық қатынастарда, көпшіліктік салада (салықтар және т.б.) болсын, жеке салада (келісім-шарт қарым-қатынастары және т.б.) болсын, бір ғана құқықтық тәртіпке бағынатынына келіп саяды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағында "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді" делінген. Конституцияның бұл ережесі меншіктің құқықтық тәртібі, меншік иесінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері заңмен реттеледі дегенді білдіреді. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларына сай Парламент жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне, меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты заңдар шығаруға хақылы.
Мемлекет мүддесіне орай меншік құқығы заңмен шектелуі мүмкін. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттің өзі құратын мемлекеттік мекемелердің құқықтарының шектелуі әбден ықтимал. Бұл ереже де Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1, 2-тармақтарынан келіп шығады.
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 2-тармағының, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларының мазмұны мемлекеттік меншіктің құқықтық тәртібін де, мемлекеттік мекемелерді құқық субъектілігінде шектеуді де, соның ішінде, олардың қаржы жұмсау құқығына шектеу қоюды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің жасайтын келісімдерінің тіркеуден өткізілуін де заңмен баянды етіп қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 204-бабына сәйкес мүлікті меншіктенуші мекеменің заң жүзіндегі тағдырын, оның қызметінің мазмұнын белгілейді, яғни мүлікті меншіктенуші өз мекемелерінің жасайтын келісімдерінің шеңберін шектеуі, жасайтын келісімдерге бақылау орнатуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін оларға деп бекітілген сметаның мөлшерімен шектеу мүмкіншілігіне келер болсақ, мұндай шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей қорғалуы туралы ережесіне қайшы келеді, себебі бұл арқылы мемлекеттік мекеменің емес, олармен келісім-шартқа отырған және өзге де контрагенттерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келеді. Қандай да бір меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің шеккен залалының орнын толығымен толтыруға біржақты жеңілдіктер жасауға немесе оған шектеу қоюға тыйым салынады. Меншікті бірдей құқықтық қорғау принципі меншік иелерінің әр бірінің өз мүдделерін сотта қорғауының бірдей процессуалдық мүмкіншіліктерінен ғана емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, олардың меншіктің қандай құқықтық тәртібінде тұрғанынан тәуелсіз, бір-бірінің алдында өздерінің келісім-шарт міндеттемелері бойынша бірдей мүліктік жауапкершілігінен де тұрады.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларын ресми түсіндіру ретінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын, 61-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларын өтініш мәселелеріне қатысты қолдануда осы конституциялық нормалар мемлекеттік меншіктің құқықтық тәртібінің ерекшеліктерін заңмен баянды етуге де, мемлекеттік мекемелерді құқық субъектілігінде шектеуге де мүмкіндік береді деп түсіну керек. Қазақстан Республикасының Конституциясы мекемелердің жауапкершілігін оларды ұстау үшін бекітілген сметаның шектерімен шектеуге мүмкіншілік бермейді, себебі мемлекеттік пен жеке меншіктің бірдей қорғалу принципін белгілейді (6-баптың 1-тармағы).
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына
сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескеріп түпкілікті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.