Баяндамашылар - Кеңес мүшелерi С.Ғ.Темiрболатов, В.Д.Шопин, сарапшы А.А.Тарановты, конституциялық өндiрiске қатысушы К.К.Әлжанов, шақырылған адамдарды тыңдап және өтiнiш бойынша қолда бар материалдарды зерттеу келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, ұйғарды:
1998 жылғы 14 шiлдеде Республиканың Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтан қол қоюға берiлген "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарауды сұраған өтiнiш келiп түскен едi.
Аталған Заңның нормаларын зерттеп және осы өтiнiш бойынша материалдарды зерделей келе Конституциялық Кеңес төмендегiлердi атап көрсеттi.
Республика Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның 1-бабында сауда-өнеркәсiп палатасы кәсiпкерлiк қызметтi дамыту, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың ерiктi мүшелiгi негiзiнде бiрiккен коммерциялық емес ұйым деп көрсетiлген. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы қолданылып отырған Жарғыға сәйкес коммерциялық емес, тәуелсiз қоғамдық бiрлестiк ретiнде тiркелген. Республика Парламентi қабылдаған бұл Заң сауда-өнеркәсiп палаталарының мәртебесiн заңды тұлғалардың ерiктi негiзде бiрiккен ұйымы ретiнде белгiлеп бердi, мұның өзi аталған палатаны қоғамдық бiрлестiктерге жатқызуға жол бермейдi, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңына сәйкес олар азаматтардың бiрлестiгi деп танылған. Айтылғандардан шығатын қорытынды, сауда-өнеркәсiп палатасы мемлекеттiк емес ұйым болып табылады. Оған қоса, ол қоғамдық бiрлестiктер туралы заңда белгiленген талаптарға толық мәнiнде жауап бере алмайды.
Парламент қабылдаған Заңның 9-бабының алтыншы бөлiгi сауда-өнеркәсiп палаталарына тауардың шыққан жерiнiң сертификаттарын, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға байланысты басқа да құжаттарды растау құқығын берген.
Тауардың шыққан жерiнiң сертификаты-оның шыққан жерiндегi елдi растайтын және тауар әкелiнетiн елдiң кеден органына көрсететiн сыртқа шығарушы берген құжат.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру және сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолдану Үкiмет құзырына жатады. Тауардың шыққан жерiнiң сертификаттарын растау Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың аталған қызметi функциясының бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 3-тармағында Үкiмет пен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктер шегiнде ғана билiк жүргiзедi делiнген.
Демек мемлекеттiк емес ұйымдар ретiндегi сауда-өнеркәсiп палаталарына "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның 9-бабының алтыншы бөлiгiнде көзделген сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға қатысты тауардың шыққан жерiнiң сертификаттарын, сондай-ақ басқа да құжаттарды растау құқығын беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 3-тармағы талаптарына қайшы келедi.
Аталғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 1) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабының 2-тармағының 1) тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы еттi:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 1998 жылғы 26 маусымда қабылдаған Қазақстан Республикасының "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңының 9-бабының алтыншы бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 3-тармағына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 39-бабының 1-тармақшасына сәйкес Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдарға қол қоюға және оны қолдануға болмайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына
сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағына мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды есепке алғанда түпкiлiктi және арыздануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы