Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08. N 9 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А Кимнің, Конституциялық Кеңес мүшелері: Н.И. Акуевтің, О.Қ. Ықсановтың, В.В. Мамоновтың, С.Н.Сәбікеновтің, С.Ғ.Темірболатовтың құрамында, ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағы 4-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 3-тармағы 1 тармақшасының негізінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 2-тармағының "қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді" деген бөлігін ресми түсіндіру туралы өтінуін қарап, баяндамашы Конституциялық Кеңес мүшесі В.В. Мамоновтың сөзін тыңдап қолдағы материалдарды зерттей келіп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ұйғарды:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 1997 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспановтың Конституцияның 5-бабы 2-тармағы "қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді" деген нормасын ресми түсіндіру жөніндегі өтінуі келіп түсті.
Бұл мәселе жөнінде Парламент мәжілісі төрағасының өтінуіне мына жағдайлар негіз болды.
Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның 4- бабына орай қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігуіне мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, мемлекет органдарының функциясын қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жол бермейді.
Солай бола тұрса да Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 5 маусымдағы "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" қолданылып жүрген заңының 22-бабының соңғы абзацында тұтынушылар қоғамы тұтынушылар құқығының бұзылуын жою үшін және ол қанағаттандырылған жағдайда жауапкерден өтеліп алынған айыптың 70 проценті тиісті бюджетке түсетіні және 30 проценті тұтынушылар қоғамының есеп айырысу шотына аударылатыны қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспанов осының негізінде "айып сомаларының бір бөлігінің қоғамдық бірлестіктерге, оның ішінде тұтынушылар ұйымдарына аударылуы қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыру болып табылмай ма?" деген мәселе қояды.
Конституциялық Кеңес аталған норманы түсіндіруде мына төмендегі жайларды атап өтеді.
Конституцияның 5-бабының 2-тармағы мемлекет мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы негізгі ұстанымдық өзара қарым-қатынас принциптерін белгілейді, сондай-ақ олардың арасында қандай қарым-қатынасқа жол берілмейтінін айқындайды.
Қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің жарғыларына, оларды тіркеудің және олардың қызметін тоқтатудың тәртібіне бірдей талап қоюынан көрінеді. Олар қоғамдық-саяси және шаруашылық саласында өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде өзара сияқты мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста да тең.
Конституцияның аталған нормасы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға қоғамдық бірлестіктердің ісіне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге мемлекет ісіне араласпауына тыйым салады. Бұл ереже қоғамдық бірлестіктерін өз қызметінде тәуелсіздігімен еркін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қоғамдық ұйымдардың ісіне негізсіз араласуы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын қайсы бір қоғамдық ұйымдарға бағытталған құқыққа қарсы әрекеті болып табылады.
Бұнымен бір мезгілде Конституция мәнінен шығатын нәрсе, қандайда бір азаматтардың тобының мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестік басқа адамдарың пікірімен санаспай және оған құқығы жоқ бола тұра өз шешімдерін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыратын болса, ондай жағдайдың туындауына жол берілмейді. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге және мемлекеттік институттарды қоғамдық институттарға қосуға, мемлекеттік органдардан саяси партиялар ұйымдарын құруға жол берілмейді. (5-баптың 1, 2-тармақтары).
Конституцияның 5-бабы 2-тармағы қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 25-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктерге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмейді. Мемлекеттік қаржыландыру жыл сайын қабылданатын республикалық бюджет туралы Заң мен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңында қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға қатысты норма жоқ.
Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңының 21-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктердің ақшалай қаржысы, егер төлеу жоғарыда көрсетілген болса, оған кіру және мүшелік жарнадан; ерікті жарнадан және қайырымдылық, заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да түсімдерден құралады. Бұл олардың қызметі үшін қаржы түсіруге кепілдік береді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне материалдық тәуелділікті болдырмайды.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің ішкі ісіне кез келген жағдайда тікелей немесе жанама түрде қаржылық араласуы (республикалық секілді, жергілікті бюджеттен тікелей мемлекеттік қаржыландыру түрінде, қандай да бір қоғамдық бірлестіктерге және с.с. материалдық қолдау көрсету) оларды мемлекеттік құрылымдарға материалдық жағынан тәуелді етеді.
Мәжіліс төрағасының өтінуіндегі "айыппұл сомасының бір бөлшегін қоғамдық ұйымдарға, соның ішінде тұтынушылар қоғамдарына аудару қоғамдық бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыру болып табылмай ма ?" деген сұрағына Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясының 78-бабында белгіленген, қолданылып жүрген заң тәртібінің нормаларының конституцияға сәйкес келетіндігі жөніндегі ұсынысты сот қарап шешкеннен соң ғана жауап беруі мүмкін.
Айтылғандардың негізіне Қазақстан Республикасы Конституциясының 72- бабының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 33,37,38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 2-тармағын ресми түсіндіруге байланысты қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының "қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді" деген 5-бабының 2-тармағының нормасын қоғамдық бірлестіктерді кез келген жағдайда мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салынады деп түсінуі керек.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялы Кеңесі туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.