4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 17-бабының 3-тармағы
1) тармақшасының негiзiнде Республика Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнуiн ашық мәжiлiсте қарап,
ұйғарды:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1997 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтан Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларын ресми түсiндiру туралы оны түсiндiру үшiн Конституциялық Кеңеске төмендегiдей мәселелердi ұсынған өтiнуi келiп түстi.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген құқықтарға қатысты нормативтi қаулылар шығару құқығы бар ма? Сол тұрғыдан алғанда, Жоғарғы Сот Конституцияның сот тәжiрибесi жөнiндегi кейбiр ережелерiне түсiнiк бере ала ма?
2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген басқа да нормативтi құқықтық актiлерге қандай нормативтiк құқықтық актiлер жатады?
3. Соттылық туралы қылмыстық-iс жүргiзу және азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң қандай нормаларын Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасында белгiленген тиiстi конституциялық принципке сәйкес келедi деп тануға болады? Жоғарыда тұрған сот iс жүргiзу заңын басшылыққа ала отырып, өз өндiрiсiне төменгi соттың қарауына жататын кез-келген iстi алуға, сондай-ақ iстi басқа сотқа беруге құқықты ма? Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген жағдайда, сот iс соттылығын өзгерте ала ма?
4. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағында белгiленген жақтардың тең құқықтық принципi тұрғысынан алғанда прокурорларға iс жүргiзудiң басқа жақтарынан гөрi үлкен iс жүргiзу құқығы берiлген заңдылық конституциялық болып табыла ма?
5. Прокуратура Конституцияның 83-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiре ала ма? Осыған байланысты прокуратураның сот шешiмiне наразылық бiлдiру құқығы көрсетiлген өкiлеттiкте қамтыла ма?
6. Прокуратурадан басқа өзге де мемлекеттiк органдар сотта қылмыстық қудалау мәселесi бойынша (мәселен, Мемлекеттiк тергеу комитетi) мемлекет мүддесiн бiлдiре ала ма?
7. Ант берген соттар институтын құру туралы ұсыныс соттардың тұрақты судьялардан тұратындығы белгiленген Конституцияның 79-бабының 1-тармағындағы талаптарға қайшы келмей ме?
Аталған өтiну бойынша баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ғ.Темiрболатовты, өтiну субъектiсiнiң өкiлi А.Ж.Төкеевтi және маман Е.Е.Ерешевтi тыңдап және келiп түскен конституциялық өндiрiс материалдарын талқылай келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi өтiну субъектiсi - Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев қойған мәселенi, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң өтiнуде көрсетiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағын, 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасын және 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын түсiндiру кезiндегi құзырын ескерiп, мыналарды атап көрсетедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының ережесiне сәйкес, Жоғарғы Соттың заңды (оның нормаларын) қолдану мәселелерi жөнiндегi соттарға берген түсiндiрулерi бар ондай қаулысы ғана нормативтi ретiнде қаралады және онда субъектiлердiң сот iсiн жүргiзу саласындағы нақты ережесi тұжырымдалады. Республиканың барлық соттары үшiн мiндеттi болып табылатын мұндай нормативтi қаулы Қазақстан Республикасының Конституцияны қоса алғанда, сот тәжiрибесiнде қолданатын заң нормаларын мәселелерi бойынша шығарылады. Бұл жерде Жоғарғы Сот 72-бапқа сәйкес Конституция нормаларын ресми түсiндiру Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң құзырына жататындығын ескеруi тиiс.
4-баптың 2-тармағына сәйкес, Республика Конституциясының жоғары тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында қолданылады. Бұл конституциялық ережеге сәйкес, соттардың iстi қарағанда барлық қажеттi жағдайда Республика Конституциясын тiкелей күшi бар акт ретiнде қолданғандары жөн.
Конституцияның 4-бабының 1-тармағы Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығына жатқызғандықтан, ал осы баптың 2-тармағы Конституцияның үстемдiгiн және оның нормаларының тiкелей күшi бар екендiгiн бекiткендiктен, Жоғарғы Сотың Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 28 және 31-баптарын басшылыққа алып, Конституция нормаларын қолдану мәселелерi бойынша сот тәжiрибесiне қатысты нормативтi қаулылар шығаруға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының 4-бабының 1-тармағында былай деп бекiтiлген: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады" Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығы бұл жерде өкiлеттi субъектiлер белгiленген тәртiппен қабылдаған нормативтi құқықтық актiлердегi құқық нормалары жүйесi ретiнде қаралып отыр.
Конституцияның бұл бабының тармағында көрсетiлгендерге сәйкес, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге құқық нормалары бар мына актiлер жатады: халықтың республикалық референдумда қабылдаған шешiмдерi, Республика Президентiнiң 1995, 1996 жылдары шығарған, заң күшi, соның iшiнде конституциялық күшi бар Жарлықтары сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған заң күшi бар жарлықтары, Президенттiң Жарлықтары, Республика Парламентiнiң, оның Палаталарының және Үкiметтiң қаулылары, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқару органдарының актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және 24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқару және өкiм ететiн қызметтi, арнайы атқару және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi, өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ заңда оларды шығару көрсетiлген.
Егер көрсетiлген барлық нормативтi құқықтық актiлер өзгертiлмеген, толықтырылмаған, бұзылмаған болса, олар қолданылатын құқық құрамына кiредi.
3. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 3) тармақшасы сот әдiлдiгiн жүзеге асырудың конституциялық принципiнiң бiрiн сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиiс: "Өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды".
Iс жүргiзу заңымен әртүрлi санаттағы iстердiң соттылығын анықтағанда өзiндiк ерекшелiгi, күрделiлiгi, iстiң қоғамдық мәнi, оны тез және тиiмдi шешудiң қажеттiлiгi ескерiледi. Қылмыстық-iс жүргiзу немесе Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнiң нормаларында көрсетiлгендей Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының негiзiнде iс бойынша жақтардың келiсiмiнсiз iстiң соттылығын өзгертуге болмайды.
Бұл Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативтi құқықтық актiлердiң нормалардан үстемдiгiн белгiлейтiн 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.
Адамға және оның iсiне заңда көрсетiлгенге сәйкес келмейтiн, оның бұған келiсiмi жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды Негiзгi Заңның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретiнде қарау керек.
Iс жүргiзу заңының сотты болушылық туралы, оның iшiнде жоғары тұрған соттың төменгi сотта сотталатын өз өндiрiсiне кез-келген iстi қабылдау құқығын қарастыратын, сондай-ақ iстi бiр соттан екiншiсiне берудiң нақты нормалары Конституцияның 78-бабының талаптарына сәйкес жiберiлетiн соттардың ұсыныстары бойынша олардың Конституцияға сәйкестiгiне қарай Конституциялық Кеңесте қаралуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағында баяндалған норманы адамның және азаматтың заң мен сот алдындағы теңдiгiнiң жалпы қағидасы деп түсiну керек. Сот алдындағы теңдiк тұрғысындағы бұл қағида жақтардың сот процесiндегi құқық бірдейлiгiн бiлдiрмейдi. Конституцияның аталған нормасы "Адам және азамат" бөлiгiнде, сондықтан "барлығы" деген ұғым адам мен азаматты қамтиды және әркiмнiң Қазақстан Республикасы аумағында заң мен сот алдындағы теңдiгiн бiлдiредi.
Процеске жақтар болып тек азаматтар ғана емес, өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн орындай отырып, жақтардың немесе үшiншi адамның мүдделерiн қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Мұндай лауазымды тұлғаның бiрi сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокурор болып табылады. Прокурор жақтардың бiреуi және соттағы мемлекет мүддесiн бiлдiрушi өкiл ретiнде Конституция негiзiнде қабылданған iс жүргiзу заңы бойынша iс жүргiзу құқығын иеленедi.
Конституцияның 14-бабы 1-тармағында көрсетiлген норма iс жүргiзу заңында бекiтiлген прокурордың iс жүргiзу өкiлеттiгi аумағын айқындамайды. Конституцияның 83-бабы 1-тармағы прокурор сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру мiндетiн жүктейдi, бұл оның iс жүргiзу өкiлеттiгi аясын кеңейтедi.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура "Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi." Прокуратура құзыретi Конституцияның 83-бабы 4-тармағына сәйкес белгiленген, прокурордың сот талқылауындағы мұның iшiнде шешiмдерге, үкiмдерге, соттардың басқа да қаулыларына наразылық құқығын белгiлейтiн өкiлеттiк нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығымен айқындалады. "Прокуратура... басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген конституциялық норма, "басқа да құқықтық актiлер" деген ұғым соттардың үкiмдер, шешiмдер және қылмыстық, азаматтық және заңмен белгiленген басқа iстер жөнiндегi актiлерiн қоса қамтиды.
6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағында бекiтiлген және "Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады" деп белгiленген нормасын Конституциялық түрде айқындалған прокурордың (прокуратура) қызметiнiң негiзгi бағыты деп түсiну керек. Прокуратура органдары қызметiнiң басқа бағыты көрсетiлген аталғандай нормасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығында бекiтiлген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және ағымдағы заң актiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы" Жарлықтарында сотта мемлекет мүдделерiн жүзеге асыратын басқа орган көрсетiлмеген.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабы 1-тармағының "соттар тұрақты судьялардан тұрады" деген бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституцияның 82-бабы 1,2,3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Сенаты сайлайды, ал жергiлiктi соттардың судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 42-бабы 3-тармағында белгiленген шектеулi жасқа жеткенге дейiн белгiленбеген мерзiмге Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды дегендi бiлдiредi.
Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бiрiншi сатыдағы соттарда iстердi қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады.
Қолданылып жүрген заңда белгiленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және басқа елдердегi қазiргi ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсiбилiк сияқты белгiлерiн иеленбейдi.
Келтiрiлгендердiң негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституцияның 72-бабы 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 1-тармағын, 14-бабы 1-тармағын, 77-бабы, 3-тармағы 3) тармақшасын, 79-бабы 1-тармағын және 83-бабы 1-тармағын ресми түсiндiруге байланысты
Қаулы еттi:
1. Жоғарғы Соттың нормативтi қаулыларының қолданылып жүрген құқыққа жатқызуды белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңдардың нормаларын, оның iшiнде сот тәжiрибесiне қатысты Конституция нормаларын қолдану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк қаулыларды шығаруға өкiлеттi деп түсiну керек.
2. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында көрсетiлген құқық нормалары бар басқа нормативтi актiлерге мынадай актiлер жатады: республикалық референдумда қабылданған актiлер, Республика Президентiнiң 1995, 1996 жылдары шығарған конституциялық заңдар мен заңдардың күшi бар Жарлықтары, сондай-ақ заң күшi бар, Қазақстан Республикасы Конституцияның 61-бабының 2-тармағымен қабылданған жарлықтар, Президенттiң Жарлықтары, Парламенттiң, оның Палаталары мен Республика Үкiметiнiң қаулылары, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық, атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Жарлығының 23 және 24-баптарына сәйкес салааралық үйлестiрудi, басқа да атқарушылық және өкiм шығару қызметiн, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау қызметiн жүзеге асыратын ведомстволардың актiлерi, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың шешiмдерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының шешiмдерi, сондай-ақ басылуы заңмен белгiленетiн актiлер.
3. Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы нормасын жоғары тұрған соттың төменгi сот iсiн өз өндiрiсiне қабылдауы, сондай-ақ соттай алушылықтың өзгеруiне байланысты iсi сотта қаралатын тұлғаның келiсiмi бар кезде ғана мүмкiн деп түсiнуi керек.
4. 14-баптың 1-тармағында бекiтiлген барлық адамның заң мен сот алдындағы теңдiгi туралы конституциялық норманы сот iсiне қатысушы жақтардың, сондай-ақ соттағы мемлекеттiк өкiл ретiндегi прокурордың тең құқықтылығы деп түсiнбеу керек. Прокурор да басқа сот iсiн жүргiзуге қатысушылар сияқты тиiстi заңға сәйкес iс жүргiзу құқығын иеленедi. Конституцияның 14-бабының 1-тармағының нормалары прокурор құқығы аумағына әсер етпейдi.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы 1-тармағында бекiтiлген және "прокуратура Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген норма прокуратураның аталған өкiлеттiлiгi соттардың шешiмдерiне, үкiмдерiне және басқа да қаулыларына наразылық бiлдiру құқығын да қамтитынын бiлдiредi.
6. 83-баптың 1-тармағындағы конституциялық нормадан мемлекет мүддесiн сотта тек қана прокурор (прокуратура) ғана қорғайды деген ұғым туады.
7. Конституцияның 79-бабының 1-тармағының нормасы мен сот
құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсiби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескередi. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерiлмеген. 8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы Президенттiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар ескерiлiп, ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестiң Төрағасы