Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 9/2 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.

      Құрамында Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А.Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И.Акуев, О.Қ.Ихсанов, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбiкенов, С.Ғ.Темiрболатов, В.Д.Шопин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Р.Қ.Тоқсейiтовтiң; Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi, депутат И.К.Елекеевтiң; экономика ғылымдарының докторы - маман В.Д.Мельниковтың қатысумен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi ашық отырыста Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М.Қажыгелдиннiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түрде түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.И.Акуевтiң хабарламасын, өтiнiш субъектiсi мен Парламент Мәжiлiсi өкiлдерiнiң түсiнiктемесiн, маман В.Д.Мельниковтың қорытынды пiкiрiн тыңдай келiп, қолда бар жадығаттарды оқып-зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды анықтады:
      1996 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М.Қажыгелдиннiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште республикалық бюджет және республикалық бюджеттi орындау жөнiндегi есеп бiр жылдық мерзiм дегендi бiлдiредi деп түсiнуге бола ма деген мәселе қойылады.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi А.С.Павловтың өтiнiшке қоса берiлген баяндау хатында "Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау барысында Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына қатысты мәселе қойылғандығын, онда республикалық бюджеттi Парламент бiр жылға бекiтедi деп белгiленбегенiн атап көрсетедi. Заңның аталған жобасының редакциясында республикалық бюджеттi ең қысқа кезеңге (жарты жыл, тоқсан, ай) де бекiту ұсынылған. Бұдан басқа, республикалық бюджеттiң бiр айдағы, тоқсандағы және бiр жылдағы орындалуы жайлы есеп, түсiндiрме жазбасымен, сондай-ақ оған қоса берiлетiн барлық құжаттарды Парламент белгiлеген мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi мен Есеп комитетiне тапсырып отыруы жайлы мәселе қойылуда.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасын талдау кезiнде Конституциялық Кеңес мыналарды ескередi:
      Конституцияның 53-бабының 2-тармақшасында: Палаталардың бiрлескен отырысында Парламент: "Республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi", - деп жазылған және бюджеттi белгiлi бiр кезеңге бекiту жөнiндегi және соған байланысты оның орындалуы туралы есеп берудiң мерзiмдiлiгi жөнiнде нақты атап көрсетiлмеген. Бұл мерзiмдердi қолданылып жүрген заңдар белгiлеген.
      Қазақстан Республикасының 1991 жылғы желтоқсанның 17-сiндегi "Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi туралы" Заңының 3-бабының 11-тармағында "Бюджет бiр жылға жасалады. Бюджеттiк жыл қаңтардың 1-iнен басталып, желтоқсанның 31-iнде аяқталады", - деп белгiленген. Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының аталған заңының 12-бабы 3-тармағында Парламент Үкiметтiң баяндамасы, Парламенттiң тиiстi комитетiнiң қорытынды пiкiрi мен қосымша баяндамасы негiзiнде республикалық бюджеттiң орындалуы жөнiндегi есептi қарап, бекiтедi, - деп көрсетiлген.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 1996 жылғы сәуiрдiң 19-ында бекiтiлген "Республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы Ереженiң 10-тармағының 2-тармақшасында өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерi "Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң орындалуы жөнiндегi жылдық есептi қабылдауға құқықты. Есеп комитетiнiң жылдық есебi өзiнiң мазмұны мен сипаты жөнiнен Үкiметтiң берген есебi бойынша қорытынды болып табылады".
      Жоғарыда баяндалған жайттар негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасын былай деп түсiну керек: Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Парламент Палаталардың бiрлескен отырысында республикалық бюджеттi бiр жылға және Үкiмет пен республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есебiн бекiтедi.

      2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, үзiлдi-кесiлдi және шағымдануға жатпайтын болып табылады.

      3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 41-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұл Қаулы ресми республикалық басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесiнiң
      Төрағасы