Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестiң Қаулысы 1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында: Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы С.Ғ.Темiрболатов және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И.Акуев, О.Қ.Ихсанов, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбiкенов., В.Д.Шопин, Парламент Мәжiлiсi Төрағасының Өкiлi, депутат М.Н.Голоковтың, ғалым - заң зерттеушi маман А.А.Матюхиннiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 29-ындағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, ашық отырыста Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

      Конституциялық Кеңеске өтiнiш бiлдiруге Қазақстан Республикасының Парламентi Палатасының үстiмiздегi жылғы қыркүйектiң 18-iндегi отырысында Мәжiлiс депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына түсiндiрме беру жөнiнде ұсыныс ете отырып, сөйлеген сөзi себеп болды.

      Баяндамашы Н.И.Акуевтiң хабарламасын, Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының өкiлi, депутат М.Н.Голоковтың түсiнiктемесiн, маман А.А.Матюхиннiң түсiндiрмесiн тыңдап, iсте бар жадығаттарды оқып-зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды белгiледi:

      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Аталған конституциялық нормаларға ресми түсiндiрме беру қажеттiгi туралы мәселе Мәжiлiс депутаттарының 1996 жылғы қыркүйектiң 18-iндегi пленарлық отырысында сөйлеген сөздерiне қойылған болатын.

      1996 жылғы қыркүйектiң 18-iндегi Парламент Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысының стенограммасынан өтiнiшке қосып берiлген үзiндi көшiрмесiн көрiп отырғанымыздай, депутат М.Н.Головков өз сөзiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сiлтеме жасай келiп, қолданылып жүрген құқық туралы: "... бұл кешен құқық көлемiн белгiлейдi де, тек жалғыз Конституция емес..." - деп тұжырым жасайды. Бұдан соң депутат Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сiлтеме жасап, бұл норма "... қолда бар құқық пен бостандықты шектейтiн заң жасауға, қарауға, және қабылдауға тыйым салады" - деп қорытынды жасайды.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының аталған баптарын талдаған кезде Конституциялық Кеңес мына жағдайларға сүйенедi:

      1. 1995 жылғы тамыздың 30-ында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетiн заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республикалық халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады"деп тиянақталған.

      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығы бұл жерде құқықты субъектiлердiң белгiленген тәртiпте қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерiндегi: Конституциядағы және соған сәйкес келетiн республика заңдарындағы, Президенттiң Жарлықтарындағы, Парламенттiң, оның Палаталарының және Республикасы Үкiметiнiң қаулыларындағы, басқа нормативтiк құқықтық актiлерiндегi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардағы, Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларындағы нормалардың жүйесi ретiнде қаралады. Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғарғы заң күшiне ие.

      Барлық аталған нормативтiк құқықтық актi, егер олар бұзылған болмаса, соның iшiнде - жаңа нормативтiк актiлердiң қабылдауына байланысты, қолданылып жүрген құқық құрамына енгiзiледi.

      Өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлу тиiстi органның құзыры шегiнде белгiленген тәртiп сақтала отырып, жүзеге асырылуы тиiс. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi Конституцияның өз мәтiнiнде көзделген (91-бап).

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумасынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады"- деп белгiлеген.

      Конституцияның 12-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасында құқық пен бостандық Конституцияға сәйкес танылады және оған кепiлдiк берiледi. Бұл адам құқығы мен бостандығының санына мемлекет Республика Конституциясының және соған сәйкес келетiн басқа да нормативтiк құқық актiлердiң нормасы белгiлеген шекте кепiлдiк бередi деген сөз.

      Адамның аталған құқығы мен бостандығын абсолюттi деп тану олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әр адамға, оның Республика азаматы болуы-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi. Құқық пен бостандықтан ешкiм айыра алмайды дегенiмiз Конституция белгiлеген құқық пен бостандықтан адамды ешкiм, соның iшiнде, мемлекет те, Конституция мен соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, айыра алмайды. Адамның аталған құқығы мен бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сәйкес заңдар мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын белгiлейдi.

      Сонымен қатар, адам құқығы мен бостандығын заңда белгiленген тәртiпте, Конституцияда көзделген жағдайларда (12-баптың 5-тармағы және 39-баптың 1, 2-тармақтары) мемлекет шектей алады. Бұл жағдайда, Конституцияның 39-бабының 3-тармағына сәйкес саяси себептер бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығын қандай түрде болмасын шектеуге жол берiлмейдi, сондай-ақ Конституцияның 11, 13-15-баптарында 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқық пен бостандықты ешбiр жағдайда шектеуге болмайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Жоғарыда баяндалған жәйт негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы еттi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының мәнi бойынша "қолданылып жүрген құқық" деп белгiлi бiр сәтте бұзылмаған Конституция нормалары мен Республиканың басқа да осы бапта келтiрiлген нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ бұзылмаған халықаралық мiндеттемелерi түсiнiлуi тиiс. Бұрынырақта қабылданған актiлерге белгiленген тәртiпте өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген, сондай-ақ жаңа актiлер қабылданған жағдайда, бұл актiлердiң нормасы қолданылып жүрген құқық құрамына енгiзiледi, ал күшi жойылды деп танылғандар - ол қатардан шығарылып тасталады. Жаңадан қабылданған нормалар өз күшiне Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5-тармақшасында бекiтiлген Заңның керi күшi туралы ережелер сақтала отырып енгiзiлуi тиiс.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында сөз етiлiп отырған адам құқығы мен бостандығы деп Конституцияға сәйкес мемлекет таныған және кепiлдiк берген адам құқығы мен бостандығын санау керек.

      Құқық пен бостандықты абсолюттi деп тану - олардың Қазақстан Республикасы аумағында тұратын адамға, оның Республика азаматты болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi.

      Адамды құқығы мен бостандығынан ешкiм айыра алмайды дегенiмiз белгiленген құқық пен бостандықтан адамды ешкiм, соның iшiнде, мемлекет те, Конституцияда және соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда айыра алмайды.

      Адам құқығы мен бостандығының заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң мазмұны мен қолданылуын белгiлейтiндiгi жөнiндегi 12-баптың 2-тармағының ережесiн осы құқық пен бостандықтың жүзеге асырылуының жағдайлары мен тәртiбiн белгiлеушi заң жасаған және қабылдаған кезде Конституция жарияланған адам құқығы мен бостандығы негiз болады деген мағынада түсiну керек.

      Адам құқығы мен бостандығын белгiлеушi заңдарды, Конституцияның 39-бабының 3-тармағында келтiрiлгендердi қоспағанда, мемлекеттiң шынайы әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiне қарай, белгiленген тәртiпте заң шығарушы орган өзгерте алады.

      3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 1-тармағына сәйкес бұл Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға мiндеттi, үзiлдi-кесiлдi және шағымдануға жатпайтын болып табылады.

      4. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 41-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұл Қаулы ресми республикалық басылымдарда жарияланады.

Қазақстан Республикасының


Конституциялық Кеңесi


Төрағасын мiндетiн атқарушы