Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Y.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.Н. Котовичтiң;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р.Құсдәулетовтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi B.К.Фоостың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
41-бабының
1 және 3-тармақтарын және
94-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф.Бычкованың хабарламасын, өтiнiш субъeктici өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың, сондай-ақ сарапшылардың - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi М.Т.Баймахановтың, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi З.Ж.Кенжалиевтiң және заң ғылымдарының докторы, профессор, Заңтану академиясы - "Әділет" Жоғары құқық мектебінің оқу ісі жөнiндегi проректоры С.Ф Ударцевтiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
анықтады:
Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Конституцияның
41-бабының
1-тармағына және
94-бабының
1-тармағына ресми түсiндiрме берудi және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенiн және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн белгiлеу мен ол күндi Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi жариялау кезiнде олардың қайсысын басшылыққа алу керектiгiн айқындап берудi өтiнiп Конституциялық Кеңеске жүгінді.
Өтiнiш беруге мынадай негiз болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрiнше, Конституцияда кезектi Президент сайлауын өткiзу мерзiмiн түрлiше айқындайтын нормалар бар, атап айтқанда: "Егер Республика Конституциясының Президент сайлауларының барлық жағдайлары үшiн ортақ норма ретiнде бағалауға болатын 41-бабының 1-тармағын басшылыққа алсақ, мұндай кезектi сайлау 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс, өйткенi қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi 2006 жылғы 20 қаңтарда, яғни 7 жыл бұрын сайланған Қазақстан Президентi ант берген күнi (ант берген кез, Республика Конституциясының
42-бабының
1-тармағына сәйкес, сайланған Мемлекет басшысының қызметке кiрiскен кезi болып табылады) аяқталады.
Егер Конституцияның ешбiр даусыз бiр рет қана қолданылатын нормасы, яғни 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi кезектi Президент сайлауы жағдайына есептелген норма болып табылатын
94-бабының
1-тармағын негiзге алсақ, бұл жағдайда сайлауды 2006 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзу қажет. Бұл ретте қазiргi Президент өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мерзiм 7 жыл және 11 айдан астам болады, мұны Конституцияның
41-бабының
талаптары тұрғысынан алғанда президенттiк өкiлеттiктiң жетi жылдық конституциялық мерзiмi сақталмауы деп бағалауға болады".
Конституциялық Кеңестiң отырысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңның
21-бабы
3-тармағының 1) тармақшасында көзделген өзiнiң құқығын пайдалана отырып, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста сондай-ақ Конституцияның
41-бабы
3-тармағының нормаларын түсiндiру және Кеңестiң қорытынды шешiмiнде Қазақстандағы кезектi Президент сайлауының нақты күнiн айқындау туралы өтiнiшiн мәлiмдедi. Бұл өтiнiштi Конституциялық Кеңес қанағаттандырды.
Конституцияның 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты қолданыста түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
1. Негiзгi Заңның "Президент" деп аталатын III бөлiмiндегi 41-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды деп бекiтедi.
Конституцияның осы бабының 3-тармағына сай Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Конституцияның
41-бабының
1 және 3-тармақтарының нормалары Республика Президентi сайланатын жетi жылдық мерзiмдi айқындайды, бұл сонымен бiр уақытта Президент сайлауының мерзiмдiлiгiн бiлдiредi, сондай-ақ Мемлекет басшысын сайлау кезеңiнiң басталуы болып табылатын күндi көрсетедi. Конституцияның
94-бабының
1-тармағына сай (ІХ бөлiм "Қорытынды және өтпелi ережелер") "Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентi Конституция белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдумда қабылданған шешiм бойынша белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырады".
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I
Заңымен
Конституцияның 94-бабының 1-тармағы мынадай нормамен толықтырылды: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң қазiргi мерзiмi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған Республика Парламентiнiң қаулысымен қысқартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Парламент Мәжiлiсi бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде ант бередi және жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады".
Конституцияның
94-бабының
1-тармағы аталған Заңның редакциясында 1999 жылы сайланған Республика Президентiнiң Мемлекет басшысының өкiлеттiктерiне ие болуы, оларды iске асыруы және тоқтатуы мәселелерiн реттейдi. Бұл нормалар Негiзгi Заңның
41-бабының
1 және 3-тармақтарын Қазақстан Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi. Республиканың қазiргi Президентi 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiстi. Оның өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi осы сәттен бастап есептеледi (бұл Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 20 маусымдағы N 12/2 қаулысында көрсетiлген).
Конституцияның 94-бабы 1-тармағы нормаларының көпшiлiгi қазiргi кезде жүзеге асырылған. Мына ереже ғана заңдық күшiн сақтап қалды: "... жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады". Бұл ереже Республика Президентiнiң өз өкiлеттiгiн атқаруының жетi жылдық мерзiмiн бекiтедi, алайда аталған мерзiмдi есептеу қай кезден басталатынын (Парламенттiң сайлау күнiн тағайындау сәтi, бұдан бұрынғы сайлау күнi, қазiргi Президенттiң қызметiне кiрiскен сәтi және т.б. осындай кез болып табылатынын не табылмайтынын) нақтыламайды.
2. Талдау көрсеткенiндей, Негiзгi Заңда конституциялық ережелердiң орналасуын формальдi түрде айқындайтын арнаулы норма жоқ. Алайда, түрлi конституциялық нормалардың ерекшелiгiн ескере отырып, түсiндiру барысында олардың кейбiрiне нақты жағдайларда басымды маңызы бар деп артықшылық берiлуi мүмкiн. Мәселен, Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 қазандағы
N 20/2
, 2000 жылғы 7 маусымдағы
N 4/2
қаулыларында, Республиканың конституциялық құрылысының негiздерiн және өзге де түбегейлi ережелердi бекiтетiн "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмнiң нормалары өзге конституциялық нормаларға қарағанда басымдыққа ие делiнедi.
Конституциялық нормаларды түсiндiрген кезде олардың бiр-бiрiне мүмкiн болған тең бағыныстылығы туралы мәселе нақты жағдайға қатысты қолданыста Негiзгi Заң нормаларының бүкiл жүйесi мәтiнiнде шешiлуге тиiс. Атап айтқанда, Конституцияның
41-бабының
1, 3-тармақтары және
94-бабы
1-тармағы нормаларының мазмұнын бiр-бiрiмен салыстыру мынадай ұйғарымға алып келедi:
- 41-баптың 1 және 3-тармақтарында Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының барлық жағдайларына қатысты жалпы сипаттағы нормалар бар. Олар Мемлекет басшысы сайлауының басталуы ретiнде желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiн атай отырып, жетi жылдық кезеңiн белгiлейдi;
- 94-баптың 1-тармағы, бұдан бұрын атап өтiлгенiндей, жетi жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн Президент сайлауы өткiзiлуге тиiс осы жетi жылдық мерзiмнiң қашан басталатынын белгiлемейдi, сондықтан оның ережелерiн Негiзгi Заңның 41-бабы 1 және 3-тармақтарының нормаларынан ажыратып қолдануға болмайды.
Конституцияның 94-бабы 1-тармағының нормалары 41-баптың 1 және 3-тармақтарының нормаларын өтпелi кезеңде, Қазақстан Президентiнiң алда келе жатқан кезектi сайлауының күнiн айқындауға байланысты жағдайда жүзеге асыруға арналғандықтан, аталған нормалар жиынтығында қолданылуға тиiс.
3. Негiзгi Заңның
1-бабының
1-тармағы Қазақстан Республикасын демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде орнықтырады. Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық, ол билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады деп белгiлейдi (
3-баптың
1 және 2-тармақтары).
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн айқындаған кезде, Негiзгi Заңда көрсетiлген Мемлекет басшысының сайлау күнi мемлекеттiк билiктiң бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiру кезеңiнiң басталуы болып табылатынын ескерген жөн. Осы сайлау күнi Қазақстан халқы билiктiң демократиялық сипатын айқындаушы, оған ең жоғары заңдылық берушi өзiнiң еркiн бiлдiрiп, өз егемендiгiн көрсетедi.
Республика Президентiнiң сайлауына қатысты қолданыста Қазақстан халқының егемендiгi, демократиялық және құқықтық мемлекеттiң мән-мазмұны Конституцияның
41-бабы
1 және 3-тармақтарының ережелерiнде нақтыланады.
Жазылғанды ескерiп, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс.
Бұл жағдайда, Конституцияның
42-бабының
2-тармағына сай, сайланған Президент 2006 жылғы қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде (11 қаңтарда) ант беруге тиiс. Бұл 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiскен қазiргi Мемлекет басшысының өкiлеттiк мерзiмiн қысқарту болып табылмайды, өйткенi Негiзгi Заңның
41-бабының
1-тармағына сәйкес Республика Президентi өз қызметiне жетi жылға кiрiспейдi, керiсiнше, жетi жыл мерзiмге сайланады. Сайлау күнi сайлау процесiне, соның iшiнде Президенттiң қызметiне кiрiсуiне байланысты өзге барлық күндерге қарағанда басымды болып табылады.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының
72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның
31-33
,
37-баптарын
және
41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 94-бабы 1-тармағының ережелерiн өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, бұл ережелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 1 және 3-тармақтарын Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi деп түсiнген жөн. Аталған конституциялық нормаларды жиынтығында қолдану қажет.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 94-бабы 1-тармағының және 41-бабының 1 және 3-тармақтарының мағынасынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс екендiгi келiп шығады.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.