Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты Т.М.Сисинбаевтың;
Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрi Н.А.Коржованың;
Қазақстан Республикасы әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнің мемлекеттiк қызметтi жетілдiру басқармасының бастығы О.С.Минаевтың қатысуымен,
өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнішін қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Конституциялық Кеңестің мүшесi В.Д.Шопиннiң баяндамасын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Депутаттар бұл орайда мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды: "қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi" деп ненi түсiнген жөн және бұл тұжырым Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын органдардың құрылымы мен штат санын белгілеудi қамтиды ма.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Конституцияның 44-бабының 9) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Президентi Республика Премьер-Министрiнің ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi, - деп белгілейдi.
Конституцияның бұл аталған нормасы Республика Президентiне мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын барлық органдардағы қызметкерлердi, ақшалай қамтамасыз етудің шарттары мен көлемiн, лауазымдар тiзiлiмдерiн және осы қызметкерлер санаттарының тiзбелерiн, органдардың штат саны лимиттерiн қамтитын, қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу құқығын бередi.
Республика Президентінің бұл конституциялық өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен, атап айтқанда, "Бюджет жүйесi туралы", Z990357_ "Мемлекеттік қызмет туралы" Z990453_ заңдармен нақтыланып, мемлекет басшысының бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 U010575_ Жарлығымен мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi ретiнде еңбекақы төлеудің мерзiмдiк жүйесi белгiленген. Ол: лауазымдық жалақыларды, әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар, сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне және Сыртқы iстер министрлiгiнің шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiне шет ел валютасындағы лауазымдық жалақылары схемасы негiзiнде еңбекақы төлеудi; қосымша ақылар, үстемеақылар, өтемақылар төлеудi қамтиды.
"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн және Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 U990318_ Жарлығымен мемлекеттiк органдарға өздерiнің құрылымдары мен штат кестелерiн осы Жарлықтың ережелерiне сәйкес келтiру тапсырылған.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z990357_ 9-бабы 1-тармағымен республикалық бюджеттiң қаражатынан: Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнің, Конституциялық Кеңестің, Есеп комитетiнің, Орталық сайлау комиссиясының, жалпы мемлекеттiк басқару мiндеттерiн атқаратын атқарушы және басқа да органдардың; сот жүйесінің қызметiн қаржыландыру көзделген.
Осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметінің актiлерiмен бекiтiлген штат саны лимитi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің актiлерiмен бекiтiлген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтерi негiзге алына отырып белгiленедi.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдардың штат саны лимиттерi:
Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар және Республика Үкiметiнің құрамына кiрмейтiн өзге де органдар бойынша - "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығымен бекiтiлген. Осы Жарлықпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары аппаратының және Жоғарғы Соты аппаратының саны бекiтiлген;
орталық атқарушы органдар бойынша - "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 P010214_ қаулысымен бекiтiлген.
Бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативi әр жылы Республика Үкiметiнің тиiстi шешiмiмен бекiтiледi. 2001 жылға арналған норматив Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудiң кейбiр мәселелерi" деген 2000 жылғы 2 қазандағы N 1485 P001485_ қаулысымен бекiтiлген.
"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның Z952529_ 39-бабы 2-тармағына сәйкес, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi аппараттарының құрылымы мен штат санын белгiлеудi, Парламент қызметiн және Парламент Палаталары аппаратының, Республика Президентi бекiткен, жалпы штат санын қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығымен Парламент аппаратының жалпы штат саны Сенат пен Мәжiлiс аппараттарына бөлiнбей бекiтiлген. Республика Президентi бекiткен жалпы санына сәйкес, қос Палаталар Бюролары Парламенттің үйлестiрушi органдары ретiнде Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының штат саны мен құрылымын белгiлейдi.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Z000132_ 56-бабы 7-тармағына сай, Жоғарғы Сот үшiн де, төменгi тұрған соттар үшін де, Конституцияның 44-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде, Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штат санын оның Төрағасы, ал жергiлiктi соттар кеңселерінің құрылымы мен штат санын - тиiстi соттар төрағаларының ұсынысы бойынша өкiлеттi орган бекiтедi.
Осылайша, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын барлық мемлекеттiк органдардағы қызметкерлердiң құрылымы мен штат саны Республика Президентi және Үкiметi белгiлеген лимиттер шегiнде бекiтiлуге тиiс.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық U952737_ заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасының нормасын, Қазақстан Республикасының Президентi Республика Премьер-Министрiнің ұсынуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесiн бекiтетiн конституциялық өкiлеттiкке ие деп түсінген жөн.
Республика Президентiнiң бұл өкiлеттiгi, мемлекет басшысы оның ең жоғары лауазымды тұлғасы ретiнде Республика Премьер-Министрiнің ұсынуымен, мемлекеттiк қызметшiлердiң жалпы штат санын анықтау, олардың лауазымдары тiзiлiмдерiн және санаттары тiзбелерiн белгiлеу негiзiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын тиiстi органдар қызметкерлерiнің жұмысын ақшалай қамтамасыз етудің көлемi мен шарттары туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды дегендi бiлдiредi.
2. Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi,
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей
мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында
көзделген реттi ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс
тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.