Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 15 маусым N 8/2

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсінің өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлісiнің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында 2000 жылғы 2 маусымда келiп түскен Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнішін қарады.
      Баяндамашы Н.I.Өкеевтің хабарламасын, өтiнiш субъектiсiнің өкiлiнің сөзiн тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтiн бөлігiнде қолданыла бередi және Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      Конституцияның K951000_ 92-бабының 1-тармағы конституциялық заңдар Конституция күшiне енген күннен бастап екi жыл iшiнде қабылдануға тиiс деп, ал осы баптың 2-тармағы - Конституцияда аталған басқа заңдар Парламент анықтаған тәртiп пен мерзiмде, бiрақ Конституция күшiне енген күннен бастап кем дегенде екі жыл ішінде қабылдануға тиiс деп белгiлеген.
      Конституцияның аталған нормалары қолданылып жүрген заңдарды Республика Конституциясына сәйкес келтiру үшiн уақытылық шектердi белгiлейдi. Конституция бұл ретте Конституцияның қабылданған күнi (1995 жылғы 30 тамыз) мен оның күшiне енген күнiне (1995 жылғы 5 қыркүйек) байланысты ұғымдарды шектейдi. Осыны негiзге ала отырып, қолданылып жүрген заңдар 1997 жылғы 30 тамызға дейiн жаңа Конституциямен сәйкес келтiрiлуге тиiс. Конституциялық заңдар 1996 жылдың 5 қыркүйегiне дейiн, ал Конституцияда аталған басқа заңдар 1997 жылдың 5 қыркүйегiне дейiн қабылдануға немесе Конституцияға сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      Конституциядағы K951000_ "сәйкес келтiру" ережесi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердегi Конституцияға қайшы нормаларды осы актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, мұндай актiлердің тұтастай немесе олардың жекелеген бөлiктерiнің күшiн жою жолымен жою қажеттiлiгiн білдiредi. Сонымен бiрге заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру қажет болған жағдайларда Конституциядан туындайтын жаңа құқықтық актiлердi қабылдауды да бiлдiредi.
      92-баптың 1, 2, 4-тармақтарының өктемдiк сипаты, жоғары заңи күшi бар және Республиканың барлық аумағында тiкелей қолданылады. Конституция Парламенттi, Республика Үкiметiн, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарды қолданылып жүрген заңдарды белгiленген мерзiмде Конституцияға сәйкес келтiрудi мiндеттейдi.
      Қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға K951000_ сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Оны белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады.
      Ел Конституциясы K951000_ белгiлеген екi жылдық мерзiмде оған сәйкес келтiрiлмеген заң актiлерi мен басқа нормативтiк құқықтық актiлер Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады. Қолданылып жүрген заңдардың Конституцияға K951000_ сәйкес келтiрiлмеуi олар бiрден күшiн жояды деген сөз емес, өйткенi екi жылдық мерзiм өткеннен кейiн олардың күшi жойылатыны Конституцияның қаралып отырған бабында да, оның басқа нормаларында да көрсетiлмеген.
      Сонымен, Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгінде өзiнің заңдық күшiн сақтайды.
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 92-бабының 4-тармағын былай деп түсiну керек:
      - Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл ішінде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс, бұл бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актiлердегi Конституцияға қайшы нормаларды осы актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу, мұндай актiлердің тұтастай немесе олардың жекелеген бөлiктерiнiң күшiн жою, қажет болған жағдайларда Конституциядан туындайтын жаңа құқықтық актiлердi қабылдау жолымен жоюға мүмкіндiк бередi;
      - қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшін Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметін жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндетті болып табылады. Оны белгiленген мерзiмде орындамау Конституция K951000_ нормаларын бұзу болып табылады;
      - Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде оны конституциялық нормаларға сәйкес келтiргенге дейiн өзiнiң заңдық күшiн сақтайды.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес

осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл 
аумағында жалпыға мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан 
Республикасы Конституциясы  

K951000_

  73-бабының 4-тармағында көзделген 
реттi ескерiп, шағымдануға жатпайды.
     3. Осы қаулы қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми
баспасөз басылымдарында жариялансын.    
     
     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңес
     Төрағасының міндетін атқарушы
     
     
     Мамандар: 
     Қасымбеков Б.А.
     Орынбекова Д.Қ.