Бағдарламаларды (жобаларды) қаржыландыру (несиелендіру) үшін республикалық бюджеттен берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексерудің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 12 шілде N 104-ө. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.12.10. N 175 өкімімен. ~R990175

Күшін жойған

      Бағдарламаларды (жобаларды) қаржыландыру (несиелендiру) үшiн берiлген мемлекеттiк қаражаттың орын алып отырған мақсатсыз пайдаланылуы мен жекелеген лауазымды тұлғалардың тарапынан болған қызметiн терiс пайдалануға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының талаптарын iске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қаржы министрлiгі он күндiк мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бұл ретте оның мiндетi қорларға, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға және мемлекеттiң қатысуымен акционерлiк қоғамдарға олар бағдарламаларды (жобаларды) одан әрi қаржыландыруы (несиелендiруi) үшiн республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қаржылық тексеру деп көздеп, мемлекеттiк органдардың мамандары қатарынан Бюджеттiк қаражаттың

 

мақсатты орындалуын тексеру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын енгізсiн.

     2. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсін.


     Премьер-Министр




      Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Багарова Ж.А.