"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендірудің орындылығын зерделеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 27 сәуір N 52-ө

Қолданыстағы

 


     "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын

жекешелендірудің орындылығын зерделеу мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Құзытбаева Ажар       - Қазақстан Республикасының Көлік,

     Қилымбекқызы            коммуникациялар және туризм вице-министрі

                             жұмыс тобының жетекшісі


     Доминов Евгений       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

     Евгеньевич              Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

                             төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары


     Әбілғазин Талғат      - "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық

     Байтемірұлы             мемлекеттік кәсіпорнының директоры


     Демеу Айдар           - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Сағыдатұлы              индустрия және сауда министрлігі Мұнай және

                             газ департаменті жаңа жобалар бөлімінің      

                             бастығы


     Жуланова Людмила      - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

     Аркадьевна              Кеңсесі Қаржы-экономикалық сараптама

                             бөлімінің сектор меңгерушісі


     Коваленко Петр        - Қазақстан Республикасының Көлік,

     Данилович               коммуникациялар және туризм министрлігі Су

                             көлігі департаментінің директоры


     Мәтішев Әлиасқар      - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Болатұлы                министрлігі Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру

                             комитеті Ұлттық компаниялар және жеке

                             жобалар басқармасының жетекші маманы


     Мекебаев Әділет       - Қазақстан Республикасының Әділет

     Адамұлы                 министрлігі заң және халықаралық құқық

                             департаментінің бас маманы


     2. Жұмыс тобы "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнын жекешелендірудің орындылығы жөніндегі мәселені зерделесін

және 1999 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне

ұсыныс енгізсін.

     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық

атқарушы органдар, ведомстволар өз құзыретінің шеңберінде және

Маңғыстау облысының әкімі жұмыс тобының қызметіне жәрдем көрсетсін.


     Премьер-Министр


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.