Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының құрамы өзгерту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 19 қаңтардағы N 15

Қолданыстағы
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiмен, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен келiсе отырып, 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қазандағы N 1266 P961266_ қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясының құрамын өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi радиожиiлiгi спектрiн пайдалану құқығына лицензиялар берудi заңдарда белгiленген тәртiппен жаңа құрамдағы комиссия өткiзетiн, аукцион-конкурстың нәтижесi бойынша жүзеге асыратын болсын.

      Премьер-Министр