Зейнетақы реформасын жүргiзу барысы туралы ақпарат жөнiндегi орталықты құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 12 тамыздағы N 266. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.10. N 130 өкімімен. ~R990130

Күшін жойған
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi республикалық бюджетте министрлiктi ұстауға арнап көзделген қаражат есебiнен және оның штат саны шегiнде бөлiм құқында Зейнетақы реформасын жүргiзу барысы туралы ақпарат жөнiндегi орталықты (бұдан әрi - Орталық) 1997 жылғы 15 тамызға дейiнгi мерзiмде құратын болсын.
      Атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарласын.
      2. Мыналар Орталықтың негiзгi мiндеттерi болып табылады:
      жаңа зейнетақы заңдарының принциптерi мен ережелерiн түсiндiру;
      Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасын өткiзу барысы туралы (нормативтiк материалдарды әзiрлеу мен бекiту, зейнетақы қорларын ұйымдастыру және т.б.);
      Зейнетақы қорына қаражаттың түсуi туралы;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақы бойынша берешектi қысқарту мәселелерi жөнiнде қабылдаған шешiмдерi туралы;
      республика аймақтарында ағымдағы зейнетақыны төлеу туралы халықты хабарландыру.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiн ай сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Орталықтың жұмысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы Т.Қ.Бегахметовке жүктелсiн.

      Премьер-Министр