1997 жылғы 19 маусымдағы N 3556 өкiмiн орындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 26 маусымдағы N 200

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 19 маусымдағы N 3556 N973556_ өкiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне 1997 жылдың республикалық бюджетiнде әлеуметтiк мәнi бар әдебиеттердi шығаруға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын (стипендияларын) төлеу және ескерткiш белгiлер, сыйлық лауреаттарының дипломдары мен гранттардың бөлiнуi туралы куәлiктердi әзiрлеу үшiн 1430 (бiр миллион төрт жүз отыз) мың теңге бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын беру жөнiндегi арнаулы қоғамдық комиссияның шешiмiне сәйкес 380 (үш жүз сексен) мың теңге мөлшерiнде (әрқайсысы) екi сыйлық және 300 (үш жүз) мың теңге мөлшерiнде (әрқайсысы) екi грант (стипендияларын) төлеудi жүргiзсiн.

      Премьер-Министр