"Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889
қаулысын
Алматы қаласында коммуналдық қызметтердi тұтынуды есепке алу құралдарын орнатуды ұйымдастыру бөлiгiнде жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев:
Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп Алматы қаласының тұрғындарына қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызметтердi тұтынуды есепке алу құралдарын орнату және пайдалану мәселелерiнде әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсету үшiн дереу жедел жұмыс тобын құрсын;
топтың жұмысына Алматы қаласы әкiмiнiң өкiлдерiн, ал қажет болған жағдайда - басқа да мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен лауазымды тұлғаларын тартсын;
топты қажеттi қызметтiк үй-жаймен, көлiкпен, байланыс құралдарымен және ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ете отырып, оның тиiмдi және тәулiк бойы жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасасын;
Алматы қаласының тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған жұмыс тобының мақсаты мен мiндеттерi, құрамы, орналасқан жерi, оның кезекшi телефондары мен жұмыс кестесi туралы құлақтандырсын;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жедел жұмыс тобы жұмысының нәтижелерi туралы үнемi хабарлап отырсын.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңсесiне жүктеймiн.
Премьер-Министр