1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 30 мамырдағы N 155

Қолданыстағы
      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын P970889_ атқару мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсенов:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысының орындалу барысы туралы, оның iшiнде коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы апта сайын дүйсенбi күндерi жазбаша түрде баяндап тұрсын;
      тиiстi есеп берудiң нысанын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiскен соң оны бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрi В.В.Храпунов, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке тиiсiнше республика және Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату барысы туралы олардың бекiтiлген нысаны бойынша күн сайын жазбаша хабарлап отырсын.
      3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктеймiн.

      Премьер-Министр