Қаржы бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 3 мамырдағы N 125
ҚолданыстағыАқмола облысына - 17 мың тонна;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 15 мың тонна дизельдiк отын бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi жоғарыда көрсетiлген мақсатқа мемлекеттiк резервтен жаңалау тәртiбiмен, оны 1997 жылдың 1 тамызына дейiн мемлекеттiк резервке қайтару және Ақмола мен Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң кепiлдiктi мiндеттемесiмен тауар несиесiн пайдалану кезеңi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне проценттер төлеу шартымен 32 мың тонна дизель отынын босатсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
Премьер-Министр