Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 қаулысын орындау жөніндегі iс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1997 жылғы 14 сәуiр N 99-ө. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.11.12. N 1551 қаулысымен. ~P971551

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалаудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 P970398_ қаулысының негiзiнде Премьер-Министрдiң, Премьер-Министрдiң орынбасарларының заңды тұлға болып табылатын департаменттерге, комитеттерге және агенттiктерге барлық тапсырмаларды тiкелей олардың басшыларының атына жолданады деп белгiленсiн.

      Премьер-Министр