Орал қаласындағы Жайық өзенiне салынатын көпiр өткелiнiң құрылысын қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 21 наурыздағы N 72

Қолданыстағы
      Орал қаласындағы Жайық өзенiне салынатын көпiр өткелiнiң құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. 1997 жылы көпiр өткелiнiң құрылысына:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң - Республикалық жол қорынан - кемiнде 200 млн. теңге;
      Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң - жергiлiктi бюджеттiң есебiнен - 60 млн. теңге қаражат бөлу туралы ұсыныстары қабылдансын.
      2. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Орал қаласындағы Жайық өзенiне салынатын көпiр өткелiн 1997 жылы мемлекеттiк сыртқы қарыз қаражаты есебiне қаржыландырылатын жобалардың тiзбесiне енгiзсiн.
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ және 3-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды -
               ҚРҮ-нiң 1997.04.28. N 117 өкiмiмен. R970117_
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет 1999 жылы аяқтайтын болып Жайық өзенiне салынатын көпiр өткелiнiң құрылысын қаржыландыру үшiн шетелден қарыз тарту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

      Премьер-Министр