Объектiлердi жекешелендiру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 26 ақпандағы N 45. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.10.09. N 1429 қаулысымен. ~P971429

Күшін жойған
      1. Жекешелендiру кезiнде бағалаудың дұрыстығын және республика экономикасына инвестиция тартудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Ақбақай КБК" мен "Васильков КБК" акционерлiк қоғамдарын жекешелендiру туралы материалдарды Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына енгiзсiн.
      2. Жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (Павлов А.С.) консультанттарды қатыстыра отырып жоғарыда аталған объектiлердi жекешелендiру жобасын қарауды және шешiм қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр