Шаруашылық серiктестiктерi мен кәсiпорындар қызметiнiң мониторингi бағдарламасын енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 15 наурыз N 118. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "1996 жылға арналған өндiрiстi дамытудың және өнiмдердiң, жұмыстар мен қызметтердiң бағалары мен тарифтерiн өзгертудiң мақсатты индикаторлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 ақпандағы N 202 қаулысын орындау мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      Статистикалық жұмыстардың регламентiне шаруашылық серiктестiктерi мен кәсiпорындар қызметiнiң мониторингi бағдарламасын енгiзсiн, көрсеткiштер тiзбесi бойынша (2-қосымша) заңды тұлғалардың ақпарат беруiнiң тәртiбi мен мерзiмiн (1-қосымша) бекiтсiн; 
      мониторинг бағдарламасын қаржыландыру мөлшерi мен тәртiбi жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн; 
      мониторинг деректерiн айына екi рет (айдың 16 және 1-күнiнен кейiнгi үшiншi жұмыс күнi) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне берiп отырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, есептi айдың кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей терiс тенденциялардың себептерiн талдаумен және оларды жою жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының iрi кәсiпорындары бойынша жою жөнiндегi шаралармен қоса 1996 жылға арналған өнiм өндiрудiң (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) дамытудың индикаторларының орындалуы, бағалар мен тарифтердiң өзгеруi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынатын болсын. 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелсiн. 

       Премьер-Министр  

       (Қосымшалардың қазақша ресми аудармасы жоқ, орысша мәтіннен  қараңыз)