Халықаралық шарттардың жобаларына салық сараптамасы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 20 қарашадағы N 468-p өкiмi

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету және жасалатын халықаралық, үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердiң бiрыңғай басымдық саясатын жүргiзу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясында салық реттеу мәселелерi бар Қазақстан Республикасы жасаған барлық халықаралық, үкiметаралық келiсiмдер мен шарттар жобаларында мiндеттi түрде салық сараптамасы белгiленсiн.
      2. Сыртқы iстер министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп халықаралық, үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеу кезiнде мемлекеттiң атынан өкiлдiк етуге өкiлеттi лауазымды адамдарды айқындау бөлiгiнде халықаралық, үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердi жасау процедурасы жөнiнде түсiнiктеме дайындасын және оны барлық мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың назарына жеткiзсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiне жүктелсiн.
 
      Премьер-министр