Mатериалдық көмек көрсетуге құқық беру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 ж. 25 мамыр N 189-ө

Қолданыстағы
      1. Мемлекеттiк басқару органдарының басшыларына осы органдардың қызметкерлерiне олар ведомстволық санаторийлер мен демалыс үйлерiне, сондай-ақ республиканың аумағында орналасқан басқа ведомстволардың санаторийлерi мен демалыс үйлерiне жолдамалар алған жағдайда жолдама құнының қызметкердiң өзi үшiн 70 процентi және күйеуi (әйелi) үшiн 50 процентi есебiнде Қазақ ССР-iнiң Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 26 қазандағы N 333 қаулысының 1-тармағының жетiншi абзацында көзделгендегiден жоғары сомада белгiленген еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде материалдық көмек көрсетуге құқық берiлсiн.
      2. Қазақ КСР-iнiң Министрлер Кабинетi Премьер-министрiнiң 1991 жылғы 21 наурыздағы N 44 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

             Премьер-министр