Кейбiр санаттағы зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғалуын жақсарту және оларды материалдық жағынан қолдау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 16 қараша 1994 ж. N 457-ө

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға зор жеке үлес қосқан кейбiр санаттағы зейнеткерлердiң (тiзбе қоса берiлiп отыр) әлеуметтiк қорғалуын жақсарту және оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру бiрлестiгi осы құрамдағы зейнеткерлердi зейнеткерлiкке шыққанға дейiн өздерi емделген емдеу-алдын алу мекемелерiнiң тиiстi бөлiмшелерi мен үшiншi терапевтiк бөлiмшесiне тiркесiн.
      2. Облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президент Аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық Басқармасына:
      алынатын зейнетақы мөлшерiнде жыл сайынғы бiр жолғы жәрдемақы және жерлеуге сол мөлшерде жәрдемақы төлеу түрiнде материалдық қолдау көрсету үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қажеттi қаражат iздеп табу;
      зейнеткерлердiң айына 20 сағатқа дейiн автомобильдер шақыртуына рұқсат беру;
      азық-түлiк (көкөнiс) ассортиментi және қызмет көрсету мәдениетi бойынша тапсырыс-столдары арқылы азық-түлiкпен қамтамасыз етуде тиiстi жағдайлар жасау;
      зейнеткерлерге үнемi қамқорлық жасап, олардың әлеуетiн және республиканы мемлекеттiк-шаруашылық жағынан басқару тәжiрибесiн пайдалану, оларды салтанаттарға, мерейтойлар мен басқа да мерекелiк шараларға шақыру ұсынылсын.
      3. Аталған шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-министрi