Электроэнергия тарифтерi
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 10 қазан 1994 ж. N 412-ө
Қолданыстағы2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң есебiнен сәйкес халық үшiн электр энергиясының тарифтерiн көтеру мәселесiн шешетiн болсын.
"Жезқазғантүстiмет", "Балқашмыс", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамдары үшiн жылу энергиясының тарифтерi және электрленген темiр жол көлiгiнiң мұқтажына электр энергиясының тарифi 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн тамыз айындағы деңгейде бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Қарағандыкөмiр" бiрлестiгi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Қарағанды металлургия комбинатына босатылатын көмiрге бағаны төмендету туралы мәселенi қарасын.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi шығарылатын экспорттық өнiмге жұмсалатын энергияны азайту жөнiндегi шараларды әзiрлесiн, бекiтсiн және орындалуын қамтамасыз ететiн болсын, қуаттарды тиiмдi пайдалану жөнiнде шаралар қабылдасын.
Премьер-министр