Мұнай туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 29 шiлде N 298

Қолданыстағы
      1. "Актюбинскнефть" өндiрiстiк бiрлестiгi мен "ДиСизар Ойл Компани" /АҚШ/ фирмасы ұсынған, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген Шұбарқұдық және Жақсымай кен орындарының мұнайын екiншi тәсiл пайдалану арқылы өндiру жөнiндегi "Дамұнай" /ДАОЙЛ/ бiрлескен кәсiпорын құру туралы Келiсiмi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорынымен бiрге атқарылатын жұмыстар барысында республика мүддесiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр