Жарылыс заттар мен жару кұралдарын сату туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 29 шiлде N 297

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде "Жарылыс" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы балансқа алған жарылыс заттары мен жару құралдарын сатуға 1994 жылғы 21 сәуiрдегi актiге сәйкес рұқсат етiлсiн.
      Көрсетiлген мүлiктi сатудан түскен қаражат Курчатов қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар сатып алуға және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өндiрiстiк мұқтажына мақсатқа сай жұмсалсын.

      Премьер-министр