"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 5-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов