"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 24-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі".

      Премьер-Министр О. Бектенов