"Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 126-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов