"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 114-ө өкімі.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 196-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб құрамында:

      "Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов