"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";
"БАСФ басқарушы директоры (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан бойынша Азия даму банкінің директоры (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |