"Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 199-ө өкімі.

Жаңартылған

      "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – Заң жобасы) ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Заң жобасына ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы жанынан мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен (келісу бойынша) бірлесіп, заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашу, растау және оларды қайтару тетіктерін регламенттеу жөніндегі;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен (келісу бойынша) бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен (келісу бойынша) бірлесіп:

      заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен беруді ынталандыру;

      келіп түсетін заңсыз шығарылған активтерді жинақтайтын және оларды Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін басқаратын арнайы мемлекеттік қор құру жөніндегі;

      4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен (келісу бойынша) бірлесіп, заңмен реттелетін құқық қатынастарының субъектілерін айқындау жөніндегі;

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп (келісу бойынша), активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі бағыттар бойынша кіші топтар құрсын.

      3. Кіші жұмыс топтары 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде тиісті бағыттар бойынша ұсыныстар тұжырымдамасын және жұмыс тобының қарауына енгізсін.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп (келісу бойынша) 2023 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 199-ө өкіміне
қосымша

"Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша)