"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеті
5. Комиссияның әскери және қос мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі міндеті мыналар бойынша келесі ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар тұжырымдау болып табылады:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының экспорттық бақылау жүйесі жөніндегі іс-қимылын үйлестіру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімді экспорттау, кері экспорттау, импорттау, кері импорттау, транзиті және (немесе) қайта өңдеу тәртібіне ұсынымдар дайындау;
4) экспорттық бақылаудың тиімділігін арттыру;
5) қорғаныс өнеркәсібінің мемлекеттік саясатын іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған жүйелі шараларды тұжырымдау бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру;
7) әскери-техникалық саясатты іске асыру және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;
9) шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы