"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес:
1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2022 жылғы 24 сәуірдегі № 82-ө өкімімен бекітілген |
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Туризм жөнiндегi кеңес (бұдан әрi – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң мақсаты туризмдi дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңес отырысы қажеттілігiне қарай өткiзiледi.
2-тарау. Кеңестiң мiндеттерi
6. Кеңестiң негізгi мiндеттерi:
1) туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) туристiк көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізу;
3) туризм саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;
4) туризм нарығында қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
5) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстар әзiрлеу;
6) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және туристiк лектi бақылау іс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
3-тарау. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2022 жылғы 24 сәуірдегі № 82-ө өкімімен бекітілген |
Туризм жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының туризм саласы комитетінің төрағасы (келісу бойынша)
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)