"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-1-бабының 1-тармағына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес Комиссия құрамы;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 40-ө өкіміне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы
Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
"Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
"С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)
"Орталық Қазақстан академиясы "Лингва" ғылыми білім беру орталығы" жекеменшік мекемесінің профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
"Қазақстан Жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы (келісу бойынша)
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының қазақ тілі, әдебиет және мәдениет департаментінің ассистент-профессоры (келісу бойынша)
"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 40-ө өкіміне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
4. Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет және Комиссияның төрағасы айқындайтын өзге де күндері өткізіледі.
2-тарау. Комиссияның міндеттері
5. Комиссияның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру және сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қажет болған жағдайда Комиссия отырыстары онлайн режимінде өтеді.
8. Комиссия отырыстарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының төрағалары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарының өкілдері (келісу бойынша) тыңдалады.