"Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі".
Премьер-Министр | А. Мамин |