Алматы агломерациясын басқару жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 106-ө өкімі.

Жаңартылған

      Алматы агломерациясын дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі − Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 106-ө өкімімен
бекітілген

Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268; 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі (келісу бойынша)

      "Rakurs Consulting Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарушы әріптесі – "Қазақстан экономистері қауымдастығы" қоғамдық қорының қатысушысы (келісу бойынша)

      "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      Дүниежүзілік банктің қалаларды дамыту жөніндегі аға маманы (келісу бойынша)

      Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің жобалар жөніндегі аға маманы (келісу бойынша)

      "Мемқалақұрылыскадастры" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Еуропалық қайта құру және даму банкінің Еуразия бойынша инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары, аға банкирі (келісу бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 106-ө өкімімен
бекітілген

Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Алматы агломерациясын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің міндеті

      5. Кеңестің негізгі міндеті:

      1) агломерацияны жетілдіру мәселелері;

      2) агломерацияның бәсекеге қабілеттілігін және өңіраралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

3-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі

      6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.