"Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 93-ө өкімі.

Қолданыстағы

      "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:

"Ерғалиев Қуаныш Советұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры (келісу бойынша)" енгізілсін;

      мына:

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, хатшы";

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры";

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры";

"Қалиев Талғат Бегімұлы

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)";

"Әбуов Жұмағали

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы

Әміржанова Назира Серікқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Әлімхан Жүнісбек

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы

Аяпова Таңат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы"

Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Қалиев Талғат Бегімұлы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

Әбуов Жұмағали

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

Әміржанова Назира Серікқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

Әлімхан Жүнісбек

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

Аяпова Таңат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы" (келісу бойынша);

      көрсетілген комиссияның құрамынан Е. Сайыров шығарылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      Премьер-Министр А. Мамин