"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан кәсіпкерлері форумының басшысы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | А. Мамин |