Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 628 қаулысымен.
"Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және кайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры";
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электроэнергетика департаментінің директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | А. Мамин |