"Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 78-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;";

      Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі шығарылсын;

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы".

      Премьер-Министр А. Мамин