"Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 13-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 69-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 13-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы

облыстар мәслихаттарының шешімі

облыстардың ЖАО

2020 жылғы наурыз

облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

      ".

      Премьер-Министр А. Мамин